ЖОСПАР
КIРIСПЕ…….    3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТУРА ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ…..   5
1.1 Адвокатура ұғымы және міндеттері мен адвокатураның ұйымдық құрылуы … 5
1.2 Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері…………………………..    11
1.3 Адвокаттың құқықтары мен міндеттері……………….     13

2 АДВОКАТТЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША  АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ…………….. 16
2.1 Азаматтардың сотқа шағымдану және сотта өкілеттік ету құқығы…………16
2.2 Адвокаттың азаматтық істі жүргізуге тапсырма алуының негізгі шарттары………….17

ҚОРЫТЫНДЫ…………    20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI….    22

Кiрiспе

Адам мен азаматтың құқығына кепiлдiк беретiн негiзгi заңның конституциялық ережелерiнiң арасында маңызды конституциялық принцип ретiнде қолданылатын бiлiктi заң көмегiн алу құқығы ерекше орын алады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағында әрбiр адамның бiлiктi заң көмегiн алуға құқығының бар екендiгi тiкелей көрсетiлген [1].

Сөйтіп, азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау жүйесінде адвокатураға маңызды орын беріледі. Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны – адвокаттар алқасы – білікті заңгерлердің кәсіби ұйымы. Оның міндеті жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету, құқықтар мен заңды мүдделерді, заңдылықты сақтау мен нығайтуға, сондай-ақ заңдарда көзделген кейбір өзге міндеттерді атқаруға жәрдемдесу болып табылады. Адвокаттар алқасы адвокатураның шынайы өзін-өзі басқаруын, адвокаттардың кәсіби шеберлігін, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге көмектеседі.

Жеке адамның құқығын қандай да бір қол сұғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күрес және сот төрелігіне көмектесу – адвокаттық қызметке үлкен саяси-әлеуметтік маңыз береді.

Қазiргi уақытта Қазақстанда адам және азаматтың құқығын қорғау жөнiндегi мiндеттердi атқаратын әртүрлi мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың бар екендiгiн атап өткен жөн. Мысалы, соттар, прокуратура, iшкi iстер, әдiлет органдары жоғарыда аталған құқық қорғау мiндеттерiн бiр-бiрiмен тығыз байланыс жасай отырып атқарады. Алайда осы мiндеттердi табысты жүзеге асыру адвокатура сияқты қоғамдық-құқықтық институтсыз мүмкiн емес. Қазақстандық заңнамада адвокатура ешбiр жерде құқық қорғау органы ретiнде көрсетiлмесе де, ол iс жүзiнде құқық қорғау қызметi мiндетi атқарады. Әдетте, құқық қорғау қызметi ретiнде бiз азаматтар мен ұйымдардың құқығы қорғауды мақсат ететiн және заңға сәйкес заңдық әсер ету шараларын қолдау жолымен арнайы мемлекеттiк органдар жүргiзетiн және олар белгiлеген тәртiп мүлтiксiз сақталатын қызметтi түсiнемiз.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылы 12 ақпандағы №3 қаулысымен бекiтiлген “Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттiк бағдарламасы бойынша құқық қорғау органдары туралы жаңадан заңдар қабылданып, осы органдарды тиiмдi қайта құрулар жүргiзiледi [2, 30б]. Құқықтық реформа адвокатура туралы қолданылып жүрген заңдарды да қайта қарауды көздейдi. Елiмiзде сот жүйесi тиiмдi жұмыс iстеу үшiн күштi мамандандырылған адвокатура керек едi. Осының нәтижесiнде “Адвокаттық қызмет туралы“ заң 1997 жылдың 5 желтоқсанында қабылдады.

Конституцияның бiлiктi заң көмегiн алуда азаматтар мен ұйымдарға кең және тең мүмкiндiк беретiндiгiн атап өткен жөн. Конституциялық нормаларға сүйене отыра, “Адвокаттық қызмет туралы“ Қазақстан Республикасы заңында адвокаттардың кәсiби заң бiлiмiн қажет ететiн мәселелер бойынша консультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар беретiндiгi; талап қою арыздарын шағымдары мен басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды жасайтындығы, қылмыстық және азаматтық сот жүргiзу iстерi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерге қатысатындығы; азаматтар мен ұйымдарға өзге де заң қызметiн көрсететiндiгi тiкелей айтылған [3].

Сөйтiп, адвокаттар кәсiби қызметiнiң мазмұны нақ осы заң көмегiн көрсету болып табылады. Өз кезегiнде адвокат көрсететiн заң көмегi консультациялар, түсiндiрмелер беру, талап қою арыздарын, шағымдар, кузахаттар мен құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды жасау және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттарды талап ету сот iсiнде, сондай-ақ одан тысқары басқа iс-әрекеттердi белсендi жасау жолымен азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүддесiн қорғаудың барлық заңды құралдары мен әдiстерiн пайдалану болып табылады.

Осыған байланысты, мен курстық жұмысымда адвокаттура органының құқықтық мәртебесі және олардың тәуелсіздігі қағидаларының маңызды жақтарын қарастырумен мәнін ашуды, адвокатура қызметiнiң негiзгi бағыттары және адвокаттың қылмыстық iске қатысуының ерекшелiктерiн зерделеп, мән-мағынасына сай жіктеп және оларды жетілдіру жақтарын қарастыруды мақсат етіп қойдым.

курстық жұмыс / 22 бет


Тағы рефераттар