ЖОСПАР

КІРІСПЕ——3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ——-5

І. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МӘНІ———5
1.1. Экономикада кәсіпорынның алатын орны——-5
1.2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді басқару———7
1.3. Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер—12

ІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН ТАЛДА—-16
2.1 Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің тиімділігінің көрсеткіштерін факторлық талдау——16
2.2 Кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландырудың мәні мен сипаты——18
2.3 Кәсіпорын қаржылық жағдайындағы қаржы нарығы——21

ІІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары —23

Қорытынды————-25
Қолданылған әдебиеттер  ———-26
Қосымшалар   ———27-28

КІРІСПЕ

Зерттеу  жұмысының  өзектілігі. Кәсіпорындар  қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Кәсіпорындар  қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда (делдалдық), дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.

Қандай  кәсіпорын  болмасын  өзінен — өзі  тіршілік ете алмайды. Сондықтан  кәсіпорын  экономикасы  негізгі  объектісіне:

—   Кәсіпорынның  өндірістік құрылымы, өнеркәсіп өндірісінің  үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;

—   Кәсіпорынның қаражат көздерін бағалау;

—   Кәсіпорынның қаражат көздерінің ұтымды құрылымын қарастыру;

—   Шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және   өнімді сатуды әзірлеу;

—   өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысын қаржыландыру;

—   өндірістік  техникалық  жағдайы мен  қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;

—   өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі;

—   кәсіпорынның өзін — өзі қаржыландыруы;

—   кәсіпорындағы қаржылық есептеулер жүйесін зерттеу болып табылады.

Кәсіпорындардың  қаржылық жауаптылығы  бюджет, қорлар алдындағы міндетті  орындалмағаны  үшін  заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен анықталады.

Зерттеу жұмысының мақсаттары:

Кәсіорындағы қаржылық есептеулер жүйесін зерттеу барысында, кәсіпорынның өзін — өзі  қаржыландыруын, кәсіпорынның өндірістік дамуының өзін — өзі  қаржыландыруын қарастыру.

Кәсіпорындардың  қаржылық  жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру   жүйесімен  және кәсіпорындардың қаржы ресурстарына сақтық  компаниялардан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейеді.

Кәсіпорындардың  қаржысын  ұйымдастырудың қажетті мақсаты – басқарудың  барлық  деңгейлеріндегі  қаржы резервтерінің   болуы.

Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың  мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар  арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві  уақытша  болатын  қаржы қиыншылықтарын жоюға және  шаруашылықтардың  қызметіне  қажет  қалыпты  жағдайларды қамтамасыз  етуге, шығындарды қаржыландыруға арналды.

Зерттеу  құрылымы: Берілген «Кәсіпорындағы қаржылық есептеулер жүйесі»  атты курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттен тұрады.

курстық жұмыс / 28 бет


Тағы рефераттар