2004 – 2006 жылдардағы Қазақстандағы пайыздық саясатты талдау туралы қазақша реферат

Ұлттың банк ақша-несие саясатының бағыттарын бір жылға анықтап келсе, 2002 жылдан бастап, алдағы үш жылға алдын ала анықтау тәжірибесіне көшті және әр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі біріге түзетулер енгізеді. Мүндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялың таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфля­ция бойынша мақсатты керсеткіштерге көшу.

Осындай ақша-несие саясаты қана Ұлттық, банктің инфляцияны төмендету максатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді. Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, инфляцияның мақсатты көрсеткіштерін енгізуге мынадай факторлар негіз бола алады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалың тұрактылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Орталық, банктің тәуелсіздігі, Орталың банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттың ашықтығы.

Ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.

2004 — 2006 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы 2-кестеде беріледі (Қосымша А).

2-кестеден көріп отырғанымыздай, 2004 — 2006 жылға ар-налған ақша-несие саясатының басты мақсаты — 2004 — 2005 жылдары орта жылдық инфляцияны 4—6% және 2006 жылы 3—5% шегінде ұстау.

Инфляциялың таргеттеу тұсындағы ақша-несие саясатының негізгі құралдарының біріне «ашық нарықтағы операция», оның ішінде РЕПО операциясы және вексельдерді қайта есепке алу операциялары жатады. 2004 жылы Ұлттық банк өзінің ресми мөлшерлемелерінің (онық ішінде, РЕПО және вексельді есепке алу мелшерлемелері бойынша) рөлін нығайту үшін шаралар қолданбақ. Бұл өз кезегінде 2005 — 2006 жылдары ақша-несие саясатының инфляциялық таргеттеуге өтуіне дайындық үшін қызмет етеді.

2004 жылы Қазақстан Республикасында валюталың режимді либерализациялау, бірінші кезекте капиталдың сыртқа шығуы мен ішке келуіне жасалатын валюталық, бақылау мен реттеу шараларын жұмсарту, яғни кейбір капитал қозғалысымен байланысты операциялар үшін лицензиялауды алып тастауды көздейтін сияқты шаралар жалғасын табуда. Жалпы алғанда, валюталық. режимді либерализациялау үш кезеңде өтеді. 2 кезең бағдарламасын 2005 жылы бастау көзделуде. Либерализация­лау бағдарламасы толығымен 01.01.2008 жылы аяқталады деп күтілуде.

Осы жылы Ұлттық, банк Процессингтік орталық, базасында «Ұлттың банкаралың төлем карточкалар жүйесін» енгізу жұмыстарын қолға алуда.

Банк секторы саласында Ұлттық, банк тәуекелдері басқару жүйесін ендіру және ағымдағы қадағалау қызметін, оның ішінде жиынтық қадағалауды жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесін жетілдіруде. 2004 жылдың 1 қақтарынан бастап, тек осы жүйеге мүше банктер ғана халықтың салымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін тартатындығы туралы айтады.

Ұлттың банк 2004 жылы қаржы нарығын реттейтін дербес органды құруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ипотекалық несиелер тәуекелін сақтандыру компаниясын құру да жоспарда бар.

2004 — 2006 жылдары Ұлттық, банк қаржы есебінің халықаралық стандартына етуді көздеп отыр.
Тағы рефераттар