« Абай жолы» романындағы біріккен тұлғалы антропонимдерді құрамына қарай мынадай топтарға бөліп қараймыз.

І. Зат есім мен зат есімнің бірігуінен жасалған есімдер:

Мысалы: Ә б д і р а х м а н , Б и б і с а р а, С а д у а қ а с , Ә к і м қ о ж а, Ә л і м қ о ж а ,  Б а л а ғ а з , А б ы л ғ а з ы   т.б. 

Түн ішінде елеусіз бір адырларға  А б ы л ғ а з ы  жылқы әкелді  / І;225/. Сармолланың қызы Б и б і с а р а /ІІ;343/. Кішкентай, ақ сарылау келген Ә б д і р а х м  а  н  /І;280/

Бір сөзді екінші сөзге біріктірп жаңа сөз тудыру тек кейінгі кезде шыққан тәсіл емес, ерте заманнан- ақ қалыптасқан  [22]

Негізінде зат есімдерге мағынасы жағынан заттық ұғымды білдіретін сөздердің бәрі де енеді.

2. Сондай- ақ сөз таптарының ішінде зат есімдер мен сын есімдер де бір- бірімен тығыз байланысты. Зат есім мен сын есімнің біреуі арқылы жасалған есімдер:

А қ қ о з ы  , А қ б а с, А қ ш о л а қ,  Қ а р а б а с ,  Қ а р а б а т ы р , С  а р ы м о л л а , Ж а м а н т а й , Н ұ р ғ а н ы м , Н ұ р қ о ж а  т.б.

Сын есімдер мағынасы мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сапалық сын  және қатыстық сын деп екі топқа бөлінеді. Сапалық сын есімдер заттың тікелей қабылданатын белгілерін яғни заттың түр-түсін ( көк, ақ, қызыл, қара, сары) білдіреді. Көлемдік белгісін ( үлкен, кіші) заттың салмағына байланысты    Қ а б а н қ а р а , М е с қ а р а есімдері бар. Өзіне танытқан талпақ қара баласы М е с қ а р а  бар екен   /ІІ;23/ .

Адамның мінез-құлқы және т.б. білдіретін есімдер: Т о р ы м б а л а, К е р і м б а л а  т.б.

Сапалық сын есімдер өзінің лексикалық мағынасы бойынша заттың әртүрлі белгісін көрсетеді.

Ендігі бір байқағанымыз, есім атауын жасауға  зат есімдерден кейінгі  актив келетін сөз табы етістік.

Әрине көбінесе етістіктер өзі тіркесетін сөздерден кейін келіп бір топ есімдерді жасайды.

Романдағы зат есім мен етістіктен жасалған есімдер: Д ә у л е т к е л д і , Е с б е р г е н , Т ө л е п б е р д і, Б ө р і б а с а р , Ж о р т а р , К ө р е р ,  Қ ұ д а й б е р д і , Ө т е г е л д і   т.б.

Ал кейбір етістіктер зат есімнің алдында қолданылатын есімдер де бар: Т ұ р ғ а н б а й , Т ұ р с ы н а й   т.б.

Етістіктер мағынасы жағынан қимыл, іс- әрекетті білдіреді.

Етістік — қыр -сыры  мол, ең күрделі сөз табы болып табылады.
Тағы рефераттар