Қазақ тілі сөздік құрамында көптеген орыс тілінен енген сөздер сөздік құрамның едәуір  бөлігін  құрайды.Мұның алғашқы дәуірі ХҮІІ ғасырдан басталады да алғашқы сөздер сауда –саттыққа, шаруашылыққа байланысты болып келеді де, кейін ХІХ ғ. Екінші жартысында Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты бұл процесс күшейе түседі.

1861 жылы крепостнойлық праводан азаттық алған орыстар Қазақстан территориясына  лек-легімен ығыса бастайды.Қала берсе орыстың алдыңғы қатарлы демократиялық идеялы адамдары қазақ жеріне аударылды.Қазақ еліндегі мұндай әлеуметтік құбылыстар романда кең және жан-жақты суреттелген. Осыған байланысты романда толып жатқан орыс есімдері өте көп.

Бірінші топта жиі кездесетін, айтылатын есімдер орыстың классик ақындарының есімдері.

П у ш к и н, Л е р м о н т о в, К р ы л о в, Т о л с т о й, Ч е р н ы ш е в с к и й, Г е р ц е н, Б е л и н с к и й .

Екінші топтағы есімдер- халық бұқарасының есімдері – Е в г е н и й, П е т р о в и ч, С т е п н о й, М и х а й л о в, А н д р е е в, М а р и я, М и х а й л о в а, К а р а к о з о в, Ж е л я б о в, П е р о в с к а я, Д о м н а,  Ф а д е е в н а, М а р к о в,И в а н о в и ч, С т а н о в, А ф а н а с ь е в и ч , С е р г е й, С а в е л ь е в, А л е к с а н д р а  Я к о в л е в н а, М и т р и й , С и м о н, Д е в я т к и н,  З а х а р, М а р ф а, Л е в Н и к о л а е в и ч,  А н н а  М и т р о ф а н о в н а,  Ж е л я б о в, С о ф ь я  П е р о в ск а я  И ш ю т и н.

Үшінші топтағы есімдер- орыс халқынан шыққан үстем тап өкілдері –Л о с о в с к и й, К а з а н ц е в, Н и к и ф о р о в,  Х а м у т ов ,С о й к и н , К о ш к и н,  Л о р и с  М е т к о в  т.б.

«Абай » романдағы орыс есімдеріне байланысты мынадай жағдайларды ескеру қажет.Біріншіден, романдағы әңгімеленген дәуір қазақ тіліне орыс тілінің енді ғана ене бастаған дәуірі. Онда  да ауыз екі сөйлеу тілі арқылы. Бұл дәуірдегі тайға таңба бастағандай көрініп тұратын. Ал араб-парсы тілінен енген есімдерге бұны айтуға болмайды. Олардың сіңіскені сондай оларды ажырату үшін этимологиялық талдау қажет. Қазақтың байырғы өз сөзіндей болып кеткендей.

Лосовский әмірінен соң, үй іші аз уақыт жым-жырт еді/І;397/. Ширатылған ұзын қоңыр мұрты бар, биік бойлы суық қабақты қара сұр ояз Кошкин ақыра тергеу жасап отыр/І;395/.Х о м у т о в есікте тұрды да қатқыл, суық үнмен хабар етті /І;402/. Михайловтың Абайға берген бұл кеңесі енді іштесіп келген достықтың айғағы  /І;426/. Е  в г е н и й  П е т р о в и ч шынымды айтайын мен адам баласының білім қазынасында мұсылманшылық халі өзі бір бөлек жатқан жалғасы жоқ дүние деп ұғушы едім  /І;426/. Д а й н а шешей өзінің ашулы әңгімесін, Абайды ауыз бөлмеде тоқтатып ап, айтып тұр /І; 499/. Ол ұрысып  тұрған околотканың қарт жандармы – С е л а н т и й /І;499/. Өзін емес, жаңа мына көрші қатын С и д о р и х а н ы  көрдім /І;500/. Жиырма жылқының ұзын ырғасын К а з а н ц е в к е  бір өзі өткізіпті дейді./І;522/. Начальник Н и к иф о р о в т ы  қазір билер старшиндер қоршап алған, елпек қағып күтіп жатыр /ІІ;122/. С о й к и н  Оспанды оңаша шақыртып алып, қатты қысқанды /ІІ; 131/. Да р и я өзге әйелдер атынан қазақ әйелдерімен еркін сөйлесті /ІІ; 186/. А ф а н а с ь е в и я ч т і ң  атын сұрап оны  « Апанас» қойған /ІІ; 186,188/. Балуанкеуде сары мұрттысы  Ф е  д о р, екіншісі, кішілеу денелі, өткір шүңірек көк көзді шал С е р г е й /ІІ;186/. Балуан денелі Ф е к л а  қатқыл үнмен кесіп сөйлейді  /ІІ;187/. С а ш а  қалыңдықтар ішінде ерен жолы бар өзгеше / ІІ;206/. Бұл қазақшаға жүйрік Семейдің сағатшысы  С а в е л ь е в  екен / ІІ;279/. Мына науқас басталғалы  А л е к с а н д р а   Я к о в л е в а н ы  осы бір больницасына ауыстырған екен  /ІІ; 302/. Осында жүретін  М е т р е й  мен С и м о н  деген екі « охотшы» бар ғо й /ІІ;347/. Орта бойлы жұқалау денелі, шоқша сақал, үлкен мұртты ісшіл, ширақ адам болатын  /ІІ;347/. Қоңыр шаш сәл жирен шоқша сақалды фельдшер Д е в я т к и н  35 жастар шамасындағы адам. З а х а р  И в а н о в и ч т і ң  әйелі М  а р ф а   Л а з а р е т т і ң барлық Алматы қаласы білген қадірлі дәрігер – доқтор Ф и д л е р д і ң  өзі  /ІІ;424/. Мейірімді Л е в  Н и к о л а е в и ч  соншалық   биязы  Әбішті ренжіте  алмайды   /ІІ;425/ . Павловтың сұрақтары қазақтың еңбек иесі қалың халқының қамын жеген қамқор достың білімін білдіреді   /ІІ;230/. П у ш к и н н і ң өмірін , өлімін қысқа баян етіп берді  /І,380/. Семіз көк көз бәйбіше А н н а   М и т р о ф а н о в н а  /ІІ;235/.Орыс халқының шын зары мен арманды жанын танытқан  Н е к р а с о в  көкейімнен кетпей отыр /ІІ,291/. Бүгінгі Россиядағы азатшылдық күресі Ч е р н ы ш е в с к и й  жолынан да  ілгері кетті  /ІІ,218/. Өз заманының  ауырпалығына  қарсы   жаңа жол  танытқан Г е р ц е н   /ІІ;218/ . Сыртқы істер министрі  стац – секретары

Г и р ц  мәлім еткен ./ІІ;667/. Ішкі істер министрі генерал адьютант граф

Л о р и с – М е н и к о в   /І;667/.

Сол  күні Петербургте  С е м е н о  в с к и й  плацда  дарға асылған  Ж е л я б о в  туралы  және орыс қызынан щыққан қаһарманы  С о ф ь я  П е р о в с к ая туралы әзірше естіген  хабарын  білдірді  /І.ІІ;672/. Ал, артынан  ұсталған  немере  ағасы , басшысы И ш ю т и н /І.ІІ;676/. Патша  күймеден  түсе бергенде  атып тұрып  жүргізе алмаған К а р а к о з о в т ы Абай , «Неткен жолсыз сорлы еді» деген  /І.ІІ;674/.А л е к с е й  Т о л с т о й д ы ң   «Князь  Серебряный» деген  ромоны болатын /ІІ.733/. Менің  алғаш дос тұтқаным Л е р м о н т о в не көрмеген  /І;282/. Халықшыл М и х а л и с   деген кісімен таныс болады /ІІ;171/.

Түркі тілдерінде соның ішінде  қазақ тіліндегі орыс тілінен кірген сөздерді тұрмыс қажетіне қатысты сөздер деп әкімшілік ел басқарушылық сөздер деп ғылым мен мәдениетке  қатысты сөздер деп тақырыпқа  бөліп қарау дәстүрі бар .

Ал , біз «Абай » романынан кездесетін антропонимдерді  бұлай деп  бөліп қарай алмаймыз.

Тек қана  жоғарыдағыдай көрсеткеніміздей  алдыңғы қатарлы орыс интелегенттері халық бұқарасының өкілдері , үстем тап өкілдері деп топқа бөліп қараумен  шектелдік . Бұл есімдердің этимологиясымен формологиялық тұлғаларын  анықтау біздің міндетімізге жатпайды деп ойлаймыз.

М.Әуезовтің «Абай жолы » романындағы орыс антропонимдерінің байланысты мынадай нәрселерді жөндеп ескереміз .Романдағы орыс есімдері қазақ  тілінің  дыбыстық жүйесіне байланысты орыс тіліндегі А ф а н а с т и ч т і  «Апанас»деп атауы ,П у ш к и н д і «Пошкин »,сары майор дегенді «сырмайыр»атауы  , Д а р ь я н ы «Жария »деп қою сияқты  құбылыстар бар.

Орыс есімдерінің қазақ  есімдеріне  айналу дәуірі Абай замандарынан

басталып ХІХ ғ. екінші  жартысынан басталып бүгінгі күнге дейін бірде толастаған жоқ .Әрине, бұл дәстүр халықтарды бір-бірімен жақындастыратын игілікті дәстүр.
Тағы рефераттар