Адам құқығының халықаралық қорғалуы. Адам құқығынынң Жалпы декларациясы туралы қазақша реферат

Америкалықтар алғашында «адам құқығы туралы» сөз қозғаған жоқ, бірақ өздері жоғары бағалаған бостандық туралы айтты. Көптеген отаршылдар жаңа әлемге, дінге бостандық іздеу үшін аттанды. ХVІІ ғасырда Еуропада сөз бостандығы, өзін – өзі басқару болмады. Бірақ америкалық отаршылдар Ұлыбританиямен байланыстырып тұрған саяси байланысты үзу уақыты келгенде оларда дәстүр мен заңдылық жүйесінің құрылып, діни сенім бостандығын тану, сөз бостандығы, жиналыс бостандығы, сотқа қатысу құқығы қалыптасқанда жүзеге асады деп тұжырымдайды. Дәл осы бостандықты шектеу Америкада Ұлыбританиядан тәуелсіздікті алу үшін Америкада бой көтерген революциялық қозғалысқа әкеп соқты.

1776 жылы алғаш рет адам құқығына мемлекеттік анықтама берген Вирджиния құқықтары Декларациясы құрастырылды, онда «Барлық адамдар табиғаты бойынша тең дәрежеде еркін және тәуелсіз, сондай – ақ туғаннан белгілі құқықтарға ие…, нақты: өмір сүру құқығы және меншікке билік ету, бақытқа ұмтылу құқығы және қауіпсіздікпен отанға ие болу» деп көрсетілді.

Вирджиния құқығы Декларациясының даму идеясы 1776 жылы Тәуелсіздік Декларациясынан бастау алды, бұл отаршылдардың британ құдіреттілігіне қарсы күрестің соңғы сатысын бейнеледі. Отарлардың егемендігі, олардың британ тағынан тәуелсіздігі жарияланды. Басқару нысанына қарамастан әрбір мемлекетте танылған мемлекеттің егемендігін білдіретін билік болуы тиіс болды.

1775 жылыдың мамыр айында Филадельфияда екінші құрылықтық конгресс ашылды. 1776 жылы 4-шілдеде Конгресс тәуелсіздік Декларациясын қабылдады, декларация отарлық езгіге қарсы тұрып, «адамның ажырамас құқықтары» – өмір, бостандық, бақытқа ұмтылу және Америка Құрама Штаттарының біріктірілуі, «еркін және тәуелсіз мемлекет» деп жариялады. 1776 жылы Вирджиния құқығы туралы Декларация конституциялық сипаттағы тұңғыш құжат ретінде адам құқығына мемлекеттік анықтама берді. Құжатта «барлық адамдар тең және анықталған ажырағысыз құқықтарға ие, ол адамдар құқығын қамтамасыз етуді мемлекет басқару құзыретімен келісе отырып бекітеді» деп жазылды. Декларация авторы Томас Джефферсон (1743 – 1826 ж.ж) болды. Джефферсонның пікірінше мемлекет ішкі қауіпсіздікті және елдің ішкі бейбітшілігін қамтамасыз ету үшін «күшті» болуы керек, сонымен бірге тұлға бостандығы, жеке бастаманы шектеу және еркін бәсекелестікке «әлсіздікке» қатысты болады. Халықтың үстемдігі және теңдігі қағидатының пайда болуына әсерін тигізген Джефферсон көзқарасы Декларациядан кең орын алды. Өмір сүру, бостандық және бақытқа ұмтылу құқықтары ажырамас құқықтар ретінде саналды. Бұл құқықтарды жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін билікті қолына алған үкімет құрылды. Бірақ бұл құқық құлдар мен «жабайылар» арасында таралған жоқ.

Халық құқығын қорғау үшін билікті құру құқығын бекіту, соттың тәуелсіздігін талап ету, ағылшын отарларына қарсылық көрсету Декларацияның жаңа қалыптасып, бекітілген мемлекеттің конституциялық бастамасының құрамдас бір бөлігі болып табылатынын көрсетті.

1776 жылы 13 штат жеке мемлекет ретінде ортақ мақсат көздеген тұрақты одақ болып табылатын АҚШ конфедерациясын құрды. Бұл мемлекет әлсіз, ал билігі қуатсыз болды. Сондықтан Филодельфияда Конституциялық конвент отырысында жаңа мемлекет – АҚШ федерациясының құрылуы туралы шешім бекітілді. Федерация – орталық құзыретті органдар, яғни заң шығарушы, атқарушы және сот органдары қалыптасқан мемлекеттердің тұрақты одағы. 1788 жылы күшіне енгізілген Конституция қабылданды.

АҚШ конституциясы әлі күнге дейін қолданыстағы жазылған тұңғыш конституциялар қатарына жатады. Бұл қысқа құжат (7 мың сөз шамасында) Преамбуладан, 7 баптан, сондай – ақ 27 өзгертуден тұрды. (АҚШ тарихында  мыңдай өзгертулер ұсынылып, соның ішінде 40- тан астамы қабылданды, штаттардың басым көпшілігі 3/4 – нен 27- і құжатқа қосылды). Алғаш реет биліктің тармақтарға бөліну қағидаты бекітілді. Конституцияда азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер құқығын қорғайтын ережелер жинақталды. Конституция бойынша төмендегідей адам құқықтарының қорғалуына жол ашылды:

Біріншіден, мемлекеттік қызметшілердің саяси тәуелсіздігі және басқа да құқықтары; Конгресс мүшелерінің сөз бостандығына деген құқығы қорғалды, оларды Конгрессте сөйлегендері үшін қамауға алуға тиым салынды. Үкіметтік органдарға және т.б. жұмыстарға қабылдау кезінде нақты дінге сену шартын қоюға тыйым салынды;

Екіншіден, штат билігі тарапынан азаматтар құқығының бұзылуын,

азаматтарды несие берушілерге қатысты міндеттемелерінен босату  туралы заң актілерін шығаруға Штатқа тиым салды. Конституция құлдарды иеленуші азаматтардың меншік құқығын қорғады. Федеральдық үкімет тарапынан басқа штатқа қашып кеткен құлдарды иесіне қайтару қарастырылды; Конституция федеральдық үкімет пен штат басқармасына кері күші бар заңдарды және соттың шешімінсіз қамауға алуға тыйым салды;

Үшіншіден, федаральдық билік тарапынан азамат құқығының бұзылуын қорғады. Хабеус корпус және алқалы сот құқығын қорғау қарастырылды;

Конституция сатқындығы үшін айыпталудан қорғады, «АҚШ мүддесі үшін сатқындық деп мына әрекеттер саналды: АҚШ – қа қарсы әскери қимылдар жасау, аталмыш іс -әрекеттерді қарсыластарға қосыла отырып іске асыру және қарсыластарға әскери көмек көрсету. Екі куәнің қатысуынсыз немесе ашық сот өндірісінде мойындалмаса ешкімді де сатқындығы үшін айыптауға болмайды» деп аталмыш қылмыс түріне нақты анықтама берілді.

1789 жылы бірінші Конгресс сайланды. АҚШ – тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтон болды. Азамат құқықтарының басым көпшілігі Конституция енгізілмеді. АҚШ Конгресі 1791 жылы Конституцияға бірнеше құқықтар мен бостандықты айқындаған он өзгерту енгізді. Аталмыш өзгертулер тарихқа «құқық туралы Билль» деген атпен енді.

Сондай – ақ 1789 жылы Конгресстің ашылу рәсімінде Джемс Медисон өкілдер палатасына Конституцияға өзінің толықтыруларын ұсынды. Медисон  заматтардың белгілі бір топтарының мемлекеттік билікті өз мүдделері үшін пайдалануы адам құқығына басты қауіп төндіреді және ол бұл қауіпті федаральдық үкіметтен гөрі штат үкіметі тарапынан күтетінін айтты.

Медисонның пікірінше «Бірде – бір штат азаматтың ар – ұждан, баспасөз бостандығын және алқалы сотқа қатысу құқығын бұзуға болмайды» деген түзетуі ең маңызды болып саналуы қажет болды. Сонымен бірге Медисон конституцияға енгізілмеген құқықтарға қатысты да түзетулерді ұсынды.Ұсынылған түзетулердің мақұлдануы «Конституцияға енгізілген, анықталған құқықтардан бас тарту немесе халықпен сақталған құқықтарға нұқсан келтіру ретінде талқыланбауы қажет» дей отыра оныншы түзету деген атқа ие болды.

1789 жылдың тамыз айында өкілдер палатасы Медисонның ұсыныстарын қарады, оған өзгерістер енгізіп, сенаттың қарауына жіберді. Сенат шешімі бойынша түзетулер Конституция мәтініне емес, керісінше мәтінге қосымша ретінде енгізілді. Сенаторлар жеке тұлғаның діни сенімге бостандығын, сөз бостандығын, сотқа қатысу құқығын сақтауға қатысты түзетулерді алып тастады.

Адам құқығына қатысты енгізілген түзетулердің жетеуі ең қажетті деп саналды. Бірінші түзету бойынша Конгреске сөз, баспасөз және дінге сену бостандығын шектейтін, сондай – ақ «дінді тағайындауға қатысты» заңдарды шығаруға тыйым салынды. Екінші түзету бойынша «халықтың қаруды сақтау және алып жүру құқығына» кепілдік берілді, яғни мәтін мазмұнында бұл «жақсы жарақталған милицияның болуы» деп ескертіледі. Адамдардың қаруды өзімен бірге алып жүруі туралы мәселе кең көлемде дау туғызып, Жоғарғы сот бұл дауды қалай құлшынса да шеше алмады. Үшінші түзету жеке үй меншік иелерін әскери бақылаудан қорғады. Төртінші түзету бойынша «көмек туралы» іс жүзінде ешқандай әрекет етпейтін, тек деспоттық британ саудасын іске асыруда ғана қолданылатын қаулының орнына «негізделмеген тінту мен қамауға» тиым салынды, осыған сәйкес тінту мен қамауға ордерді «дәлелдер жеткілікті» болған жағдайда ғана беру тәртібі қарастырылды.

Бесінші алтыншы, сегізінші түзетулер мемлекеттік қылмысы үшін айыпталудағы адам құқығына қатысты болды. Үкімет тарапынан көрсетілген қысымшылықтан қорғалуда айыпталушыларға кейінге қалдыруы мүмкін емес азаматтар тарапынан құрылған және жария алқалық соттық қорғалуға құқық берілді. Сот өндірісінің әділеттілігін қаматамасыз етуде айыпталушы да, жәбірленуші де өз тараптарынан куәләрді сот процессіне шақыруға мүмкіндік алды. Айыпталушыға адвокаттың қызметін алуға жағдай жасалды. Айыпталушыны жасаған бір қылмысы үшін бір реттен артық жазаға тартуға болмайды және оны «қатал, қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін» жазаға тартуға және өзіне қарсы дәлелдер келтіруге мәжбүрлеуге тиым салынды.

Соңғы түзету тарихта көбінесе «бесінші түзету» деген атпен белгілі, аталмыш қағида тергеудегі және ауыр қылмысы үшін айыпталған тұлғаларға қолданылды, яғни бұл жерде «өзін өзі айыптауға қарсы берілген артықшылық» қағидасының маңызы ерекше байқалды. Сонымен бірге аталмыш қағида айыпталушыны өз кінәсін мойындатуда қорқыту, қысым көрсету, жалған куәләрді әкелу, сотты сыйламауға міндеттеу әрекеттерінің әділетсіз екендігін айқындады. Сондай – ақ бесінші түзету меншік иелерінен меншікті мемлекеттік мақсатта келтірілген залалды қайтармай мәжбүрлеп алуға тиым салды.

Жетінші түзету анықталған азаматтық істерді алқалы сот арқылы жүргізу керектігін пайымдаса, тоғызыншы түзету «Конституцияға енгізілген, анықталған құқықтардан бас тарту немесе халықпен сақталған құқықтарға нұқсан келтіру ретінде талқыланбауы қажет» дейді. Жекелеген штаттар мойындағаннан кейін құқықтар туралы Билль 1791 жылы 15-желтоқсанда АҚШ конституциясының бір құрамдас бөлігіне айналды. Америкалықтардың басым көпшілігі құқықтар туралы Билльге немқұрайдылық танытты, себебі оның әрекеті Жоғарғы Соттың шешіміне сәйкес тек қана федералды үкіметке қатысты таратылды. Тек 150 жылдан соң, ХХІV-ші түзетуді қабылдағаннан кейін ғана азаматтар штат тарапынан болған өздеріне қатысты құқықбұзушылықтан қорғалу кепілдігіне ие болды. ХІV-ші түзетудің мәні (1886 ж қабылданған) азаматтардың нәсілдік және ұлттық теңдігін бекітті, сот шешімінсіз біреудің өмірін қиюға, бостандығы мен меншігінен айыруға жол берілмейтіндігінде болды. Құқық туралы Билль құлдарға қатысты қағидаларға ешқандай түзетулер енгізген жоқ. Тек 1865 жылы ХХІІІ түзету күшіне енгеннен кейін бұрынғы негр — құлдарды АҚШ азаматы деп және оның құқықтарымен теңестірілуін таныды. Құқықтар туралы Билльді қоспағанда тағы да басқа бірнеше түзетулердің маңызы өте зор болды. Атап айтқанда ХV-ші өзгерту (1869 жылы қабылданып 1870 жылы ратификацияланды) еркек – азаматтардың сайлау құқығының теңдігі туралы, ХІХ-ші түзету (1917 жылы қабылданып 1919 жылы ратификацияланды) әйелдерге сайлау құқығын беру туралы; ХХІV- ші түзету салық төлемегені үшін сайлау құқығынан айыру; ХХVІІ- түзету сенат пен палата өкілдеріне өздерінің жалақыларын көбейту және т.б. туралы әрекеттеріне тиым салды. Әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар туралы ережелердің осы күнге дейін толық қанды болмай отырғанын айта кету керек. ХVІІІ ғасырмен салыстырғанда ХХ ғасырдағы құқықтар туралы Билльдің маңызы зор болды. Адам құқығы туралы идеяның қалыптасып, оның шындыққа айналдырудың отаны ретінде ХVІІ – ХVІІІғғ. капиталистік мемлекеттерді тануымызға болады. Адам құқығы мен бостандығының кенейтілген тізімін ғана емес, сонымен бірге адам құқығының әмбебаптық негізін қалап, оны демократиялық тұрғыда сипаттап, теңдік принципін ұсынған ХVІІ – ХVІІІ ғғ. буржуазиялық – демократиялық революциялар адам құқығын дамытудағы басты оқиғалардың бірі болды.
Тағы рефераттар