Мазмұны

Кірспе 3
1 Адам өліміне әкеп соғатын жеке тұлғаға қарсы қылмыстың сипаттамасы 6
1 Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау ретінде қылмысты сипаттайтын белгілері 6
1.2 Адам өлтірумен адам ұрлау бір-біріне байланыстылығымен басқа қылмыстан ажырату 17
1.3 Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау туралы толық анықтамасы және осы қылмысты жан-жақты сипаттайтын түрлері 20
2 Адам өліміне әкеп соғатын жағдайда жасалған адам өлтіруге заңдық талдау 22
2.1 Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау туралы өлтірудің объектісі 22
2.2 Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау туралы өлтірудің объективтік жағы 25
2.3 Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау өлтірудің туралы субъективтік жағы 28
2.4 Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау туралы өлтірудің субъектісі 31
3 Қылмыстық саралау мәселелерінің криминологиялық аспектісі ретіндегі сипаттамасы 33
3.1 Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы 33
3.2 Адам өлтірудің криминологиялық аспекті ретінде объективтік қасиетін сипаттайтын және ауырлататын мән-жайлар 37
3.3 Адам өлтірудің субъективтік қасиетін және кінәлінің тұлғасын қылмыстық жағынан сипаттайтын және ауырлататын мән-жайлар 46
Қорытынды 53
Пайдаланған әдебиеттер 56
Қосымша А Жеке адамға қарсы қылмыстардың түрлері 58
Қосымша Б Кісі өлтіру 59
Қосымша В Кісі өлтірудің түрлері 60

Кіріспе

 Диплом жұмысымның зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы болып – адам және адамның өмірі, оның құқықтары, бостандықтары. Адам және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, өмірін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау қылмыстардың алдын-алу болып табылады. Яғни осы құндылықтарды қамтамасыз етіп және оларға қол сұғушылықтар болса, онда олар заң алдында жауапкершілікке тартылады. Бұл заң Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген. Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімі жеке адамға қарсы қылмыстардан басталады. Онда жеке адамның өміріне және денсаулығына қарсы қылмыстарға жауаптылық көрсетіліп, оған қол сұққан жағдайда қоғамға қауіпті екенін саралайды.

Өмір сүру құқығы – бұл ең басты, ең негізгі адам құқықтарының бірі. Қылмыстық заң қасақана кісі өлтіруді ауырлататын жағдайда жасалған кісі өлтіруге жатқызып, оған ең ауыр жаза ретінде “Өлім жазасын қолдануды” әділ жаза ретінде көрсеткені дұрыс. Сондай-ақ қауіпті қылмыс ретінде адам денсауығына зиян келтіру  қылмысы да бар. Қасақана адам өміріне қаза келтіру мен адам денсаулығына зиян келтіру мына келесі жағдайлардан көрінеді.

—  адам өміріне қарсы қылмыс – бұл, басқа адамның өміріне қасақана

қаза келтіруден орын алса;

— адам денсаулығына зиян келтіру – бұл абайсызда, қажетті қорғану кезінде немесе аффекті кезінде шектен шығу кезінде қорғануда орын алады. Осы қылмыс, яғни адам өміріне қарсы қылмыстар өз кезегінде объективтік және субъективтік белгілерін қамтиды. Бұл адам өміріне қарсы қылмысты саралау кезінде талап етіледі. Жауаптылыққа тартылған адамның қылмысын дұрыс сараламайтын болсақ, онда бұл Қылмыстық заң мен Қылмыстық іс жүргізу заңындағы жалпы қағидаларының бұзылуына әкеліп соғады. Мысалы ретінде алсақ, қылмыскер яғни кісі өлтіруші берілген жазадан құтылып, ал керісінше кінәсіз адам қатаң түрде сотталып, оған ешқандай ақталудың жолдары болмай қалады. Міне өкінішке орай осындай жағдайлар сот тәжірибесінде кездеседі.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында осы қылмыс категориясы сот тәжірибесінде талдаулар жасап, қылмыстық іс жүргізуде. Яғни сот тәжірибесінде кісі өлтіруді саралау және олардың ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлар туралы сұрақтар туындап, оларды талдау ісі жүргізілуде. Кінәні мойындату субъективтік жақтың құрамынан табылады. Қылмыс деп тану Қылмыстық Кодекстің 9-бабында былай көрсетілген: “Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет  (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады”. Сондай-ақ Қылмыстық Кодекстің 19-23 баптарында да көрсетілген: “Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекет, әрекетсіздік) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс”. Ал объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол бермейді. Қылмыскердің кінәсі тек қасақана және абайсызда жасалғанда ғана кінәлі деп тануға болады.

Біздің мемлекетімізде қылмысқа мәжбүрлеу шаралары мен ескертулер жасалады. Құқық бұзушылық қатынастарында заңның күшін дұрыс қолдану мен мазмұнын дұрыс бекіту қылмыспен күресудің басты құралы. Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар мемлекетіміздегі заңдардың орындалуын қатаң қадағалаулары керек. Мемлекетімізде азаматтардың жеке құқықтарын қорғау басты мәселе болып табылады. Конституциясында былай делінген: “Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі, өзінің құқықтары мен бостандықтарын қажетті қорғау кезінде заңға қайшы келмейтіндей қорғауға құқылы, заң мен сот алдында бәрі де тең, әркімнің жеке өміріне қол сұғылмайтыны туралы” көрсетілген. Соттың шешімімен және прокурордың санкциясынсыз ешкімді қамауға алмайды.  Қылмыстық заң азаматтардың жеке құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.  Соның ішінде адамның өміріне және денсаулығына көп көңіл аударған. Кісі өлтіру – бұл басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қазақ келтіру. Яғни қасақана кісі өлтіру адам өміріне қарсы қауіпті қылмыс. Конституцияның 18-бабында былай делінген: “азаматтардың жеке өмірі заңмен қорғалады” деп.

Сонымен, дипломдық жұмыстың мақсаты “ҚР-ның Қылмыстық кодексі бойынша адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау қылмыстық саралау мәселелері” болғандықтан,  біз осы тақырыптың мазмұнын ашу үшін көптеген мәселелерді көтеріп, оларға терең, әрі толық зерттеулерді өз бетімізше жүргіземіз. Яғни, кісі өлтірудің ең басты мәселесі болып, кісі ұрлаудың қылмыстық мәселелерінің  мазмұнын ашу, оның ұғымын терең ашып көрсету және толық түрде түсініктеме беру болып табылады. Бұл қылмыс қасақана жасалады. Яғни кісі өлтіру бұл қасақана басқа адамның өміріне қаза келтіру болып табылады. Қасақана кісі өлтіру бұл қоғамға да қауіпті әрекеттердің бірі. Жауаптылықты ауырлататын жағдайда адам өлтіру Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабының 2-тармағында түрлері көрсетілген, бұлар аса қауіпті тудыратын мән-жайлар.

Соттардың жұмысындағы кемшіліктерді жою, олар азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы жасалған әрекеттері үшін белгіленген заңдарды біркелкі қолдануын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумының қаулысы бар. Бұл қаулыда жасалған қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық, әрі әділ зерттеу жөніндегі заң талаптары қасақана кісі өлтіргендігі туралы істерді қараған кезде ерекше ескерілуі тиіс делінеді. Себебі, одан айыптының әрекеті дұрыс бағалануы, ал қылмыстың ауырлататын жағдайларды жасалғанда заң бойынша өлім жазасы қолданылатындығы осыған байланысты екенін соттар назар аударуға тиіс. Яғни, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының қаулысы жеке адамның өмірі мен денсаулығына қарсы жасалған әрекетті немесе қылмысты саралау үшін үлкен маңызды роль атқарады.  Бұл үшін қылмыстың қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтап қылмысты саралау керек.

Қылмысты саралаудың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы маңызын ашып жан-жақты зерттеу; Қылмысты саралаудағы кейбір теоретикалық мәселелерге терең талдау жасай отырып олардың практикалық қолданысына баға беру болып табылады. Сонымен қатар қылмысты саралаудағы қылмыс құрамының маңыздылығын барынша толық ашып көрсету және қылмыстың жекелеген түрлерін саралау барысында қылмыс құрамының жекелеген элементтерінің, олардың белгілерінің қандай маңызға ие болатындығына толыққанды зерттеу жүргізу.

Сөйтіп, дипломдық жұмыс тақырыбын 3 тарауға бөліп қарастырамыз. Бұлай бөлудың себебі, жауаптылықты ауырлататын жағдайда адам өлтіруді  терең зерттеу. Бұл қылмыстар қандай жағдайда, әрекетте, дәрежеде жасалатынын анықтау. Оның қоғамға қандай қауіпті төндіретінін айқындау және жеке адам өмірі үшін қандай қауіпті әкелетінін зерттеу, кісі өлтіру қылмысымен күресу жолдарын іздестіру еді.

Сонымен, бірінші тарауда – адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау ретінде жеке тұлғаға қарсы қылмысты сипаттайтын белгілерінің түсінігі деп қарастырып және оны үш тармаққа бөлдік. Бұнда негізінен адам ұрлаумен басқа қылмыстан ажырату  жағдайда жасалған адам өлтірудің түсініктемесін беріп, анықтамасымен осы қылмысты сипаттайтын белгілері жайында толық мәліметтер береміз.

Ал  екінші тарауда  —  адам өлтірудің заңдық талдау  құрамы деп, оны төрт тармаққа бөліп, яғни адам өлтірудің объективтік қасиетін сипаттайтын мән-жайлар мен субъективтік қасиетін және кінәлінің тұлғасын сипаттайтын ауырлататын мән-жайлар деп зерттеулер жүргіземіз. Өлтіруге заңдық талдаулар деп және оны төрт тармаққа бөліп оларға да терең зерттеулер жүргіземіз. Яғни қылмыстық заңға сүйене отырып, оған заңдық талдаулар жасаймыз. Осы қымысты талдау кезінде оның объектісін, объективтік жағын және субъектісі, субъективтік жағын қарастырамыз.

Үшінші тарауда – қыллмыстың саралау мәселелерінін криминалогиялық  адам өлтірудің сараланушы құрамы деп, оны үш тармаққа бөліп, яғни адам өлтірудің криминалогиялық объективтік қасиетін сипаттайтын ауырлататын мән-жайлар мен криминалогиялық субъективтік қасиетін және кінәлінің тұлғасын сипаттайтын ауырлататын мән-жайлар деп зерттеулер жүргіземіз. Бұнда мен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-бөлігіндегі 13 қылмысты объектвтік және субъективтік қасиетіне байланысты бөліп зерттеу жүргіземіз. Олардың қылмыстық дәрежеленуін анықтаймыз. Бұл кезде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қаулысын басшылыққа аламыз. Сонымен қатар көптеген заң ғалымдарының әдебиеттерін қолданып, заң нормаларын қарастырамыз.

Мінекей, жұмысты 3 үлкен тарауға бөліп, ондағы басты, әрі ең негізгі мәселелерді көтереміз.

 Дипломдық жұмыс / 60 бет
Тағы рефераттар