Африканың тектоникалық ерекшеліктері туралы қазақша реферат

Тектоникалық жанданушылық барысында материктің шеттерінде теңіз трансгрессиясы мен ойыстарда шөгінділер жинақталып тегістелуі жүрді. Африка платформасындағы көтерілу мен тектоникалық жандану фазалары Жерорта теңіздік геосинкинальмен Евразияның басқа да бөліктеріндегі сондай фазалармен дәлмедәл келді.

Африканың барлық жерінде — Эфиопия, Мадагаскар, Тибести және басқа аудандарындағы кең-байтақ күмбез тәріздес дөндерді болай түскен жазықтардың бойымен базальттар төгілген неотектоникалық әрекеттің бастапкы фазасынан кейін, тектоникалық  миоценнің екінші жартысында да орын алды. Платформаның тектоникалық жандануының осы фазасы Альпі белдеуіндегі басты тау жасалуының басталуына әкелді. Атлас жүйесі пайда болып, платформаға қосылған кезіне сай келді. Осы фазаның кезінде Қызыл теңіз, Суэц және Аден шығанақтарының опырындылары, Эратрейдің және Шығыс Африканың батыс рифтік зонасы түзілген олармен қатар вертикальдық амплитудасы 2 километрге жететін көтерілген, қышқыл және сілтілік лавалар төгілген орасаң зор вулкандық жыныстар түзілген.

Ішкі ірі опыстардың суға толып, мұхит денгейінің төмендеуі өзен эрозиясының күшеюімен, өзендердің тереңдеуімен және ірі сарқырамалардың пайда болуымсн қос-қабат жүрді. Мейлінше куаң аудандарда көзге ерекше түскен су молаюы Евразияны мұз жамылғысы басқан кезеңінің басталуымен тұстас болған климаттың жаппай ылғалдануымен байланысты еді. Африка тауларында калың мұздықтар белең алды, сонымен бірге қар шекарасы шамамен алғанда 3000 м биіктікте жатты. Мұнан әрі, антропогеннін бүкіл бірінші жартысы бойына дерлік Африкада біршама ылғалды және құрғақшылық кезендер мұздық және мұзаралық кезеңдердің ауысып отыруына сай алмасып отырды. Плейтоценнің аяғында мұхиттар деңгейінің жалпы көтерілуіне байланысты өзен сағаларын су басып, лагуланар мен эстуарийлер пайда болды. Эваторлық аудандардың, климаттық жағдайлары айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ.

Плойстоценде тектоникалық және вулкандық жандану азайды. Тек Африка платформасының шығысында ғана олар күні бүгінге дейін кейбір вулкандардын атқылауы және жиі-жиі жер сілкінуі түрінде сақталып келеді. Мұз басудан кейінгі кездерде Африка территориясында қазіргі климаттық жағдайлар қалыптасты, оның үстіне материктің солтүстігі мен оңтүстігінде сонын алдындағы кезеңмен салыстырған да климаты  біршама кұрғақ.

Африканың фаунасы палеогеннен бастап өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Оның құрамына Евразияда  кайнозойдың бас кезінде-ақ құрып біткен арханкалық формалар да кіреді.   Палеогеннің   бірінші жартысында Африканың фаунасы приматтар отряды өкілдерімен  байи түсті,  олардың ішінде олигоценде тар танаулылар айрықша  ерекшеленді, бұлардан соң миоценде, материкте адам тәріздес маймылдар кеңінен тарады. Адам тәріздес маймылдардың онан әрі бірте-бірте дамуы адаммен бір тұқымдас биологиялық гоминидтердің пайда болуына әкеп соқты. Адамның дамуының  алғашқы сатысы болып табылатын гоминидтер Оңтүстік және Шығыс Африканың континенттік және вулканогендік құрылымдарында қеңінен тараған. Көптеген зерттеушілердің пайымдауларына  қарағанда, шамамен алғандағы сүйек қалдықтарының жас мөлшері 2—2,5 млн. жылдай болатын ежелгі адамның пайда болуы осы Шығыс Африкамен байланысты болса керек. Африканын баска аудандарындағы төрттік шөгінділерінде адамнын кейініректегі даму сатысындағы ата-абаларының калдықтары табылған. Осы фактілерге сүйене отырып, көптеген зерттеушілер Африканы адамның бастапқы отаны деп топшылайды.

Африканың даму ерекшеліктері оның жер беті құрылысының сипатты. ерекшеліктерін айқындады. Материктің көпшілік бөлігін Африка платформасы алып жатыр, оған перм-карбон және триастан бастап, неогенге, антропогенге дейінгі тегістелу беттері кең тараған жазық рельеф тән, олардың арасында оқшау шығып тұратын жақпарлы тау массивтері мен вулкаңдық таулар бар.

Платформаның Камерун-Қызыл теңіздің солтүстік шеті сызығынан оңтүстік-шығысқа қарай жатқан бөлігі, көтерілуі басым тенденцияны бастан өткерген және әсіресе шығыста, күшті тектоникалық жандануға ұшыраған. Синеклизалар оңтүстік субконтиненттің ішкі бөліктерін ғана алып жатыр, олардың білігі 20-меридианды бойлап өтеді. Конгоның ең солтүстігі және ірі экватор бойы казан шұңқыры оңтүстікте шағынырақ — Оковаиго және басқа казан шұңқырлармен алмасады. Шығыстағы және оңтүстіктегі ең үлкен дөңдерге Қызыл теңіз рифтімен қақ жарылған Нубия-Аравия калқаны, Мозамбик протерозой қатпарлық белдеуі және т. б. жатады.

Платформа солтүстігі мен оңтүстігінде қатпарлық аймақтармен белдеуленген. Оңтүстікте ол — палеозойлық Кап облысы, солтүстікте — Жерорта теңіздік белдеудің бір бөлігі болып табылатын Атлас катпарлы аймағы. Африка шегіндеті негізгі жазықтық-платформалық морфоқұрылымдардың типтері мыналар: археозой және протерозой фундаментіндегі тұғырлы жазықтар мен таулы үстірттер. Африканың солтүстігінде олардың биіктіктері әдетте 500 м аспайды және оқта-текте 1000 м жетеді. Жайдақ белесті кристалдық беттердің арасында бұзылуға бейім жыныстардан түзілген тау жұрнақтары мен бұйраттар көтеріліп тұрады. Рельефтің мұндай типі ежелгі синеклизаларды бөліп тұрған, шамалы жанданған масссивтерде тараған; горизонталь немесе еңкіш және сатылы кабатты жазықтар мен кыраттар, олар ежелгі синеклизалардың (мысалы. Конго немесе Калахари синеклизалары) шеткері жағындағы шөгінді жамылғы кең тараған аудандарда және мезозой мен кайнозондың бірінші жартысында шөккен материктің шеттеріне тән. Рельефтің мұндағы типі фундаменттің жер асты дөңдерінде немесе ірі көтерілулер ала-бындағы ежелгі иіндерінде кездеседі. Қабатты жазықтар мен қыраттар эрозиялық тілімделуге ұшыраған жас және терең ежелгі әрі әр түрлі де болып келеді.

Беті неогеннің және атропогениің теңіздік немесе континенттік шөгінділерінен тұратын аккумуляциялық жазықтар. Олар ежелгі синеклпзалардың орталық бөлігін алып жатады немесе жас трансгрессияға ұшыраған материктің шетіне жайғасады. Таулы рельеф Африка платформасының жанданған учаскелелеріне де, материктің солтүстік және оңтүстік аймақтарының жас қатпарлық учаскелеріне де тән.

Платформа шөгінде жарылулар мен вулканизммен қоса қабат жүрген мезокайнозойлық және неотектоннкалық көтерілулердің нәтижесінде пайда болған қайта жамарған эпиплатформалық таулар мен тау кыраттар етек алған. Олар негізінен Африканың шығыс шетіне оны кесіп өтетін рифтік зоналар бойына тән. Бірақ таулы рельефтің жекелеген учаскелері тектоникалық жандануға ұшыраған массивтермен (Ахаггар Тибести, Дракон таулары және басқалар)    байланысты   жазықтық-платформалық облыстардың арасында орналасқан.

Африка материгінде әр түрлі қазба байлықтары бар, олар негізінен платформа және платформа мен қатпарлы белдеулердің арасындағы шекаралық зоналармен банланысты.

Платформаның ежелгі ядросында, Шығыс және Оңтустік Африка алабында темір рудаларының, хромиттердің, алтынның және уранның ірі қорлары бар. Жоғарғы протерозой құрылымдары, әсіресе Шығыс Африкадағы Зайр Республикасы территориясында мыс, калайы, корғасын және басқа да түсті металдар кендері бар.

Әр түрлі аудандарда платформаның қатпарлы фундаментін көктей тесіп жатқан мезозой жасындағы кимберлиттік алмас қазба орындары түзілген. Әсіресе Оңтүстік және Шығыс Африканың алмастары кеңінен танымал. Сол тастағы интрузивтік гранит денелері шекараларында сирек кездесетін металл кендері қалыптасқан.

Ежелгі кристалдық жыныстардың үгілу процесінде және платформа жамылғысының қабаттарында пайда болған шөгінді текті пайдалы қазбалар да аз емес. Мұның алғашқысына Батыс және Шығыс Африканың бокситтерін жатқызуға болады; екіншісіне-— жуырда ғана барланған және өндіріле де бастаған Сахара плитасы алабындағы Алжир, Ливия және Египет территориясындағы ірі мұнай  кен орындары жатады.

Оңтүстік Африкадағы каррудың лагуналык-континенттік формацисы қабаттарында тас көмірдің ірі қоры жатыр. Атлас қатарлық облысының синклинальдық зоналарында мұнай мен фосфор кен орындары бар.
Тағы рефераттар