Африканың топырағы мен өсімдіктері туралы қазақша реферат

Африка үш флоралық  доминионды (әлемді) алып жатыр. Оның солтүстігі Caxapaны қоса Голарктикаға қараса, материктің негізгі бөлігі, экватордан оңтүстікке және солтүстікке қарай Палеотропикаға жатады, материктің онтүстік бөлігі, Оранжевая өзенінен оңтүстікке қажет дербес Кан флоралық әлемін құрайды.

Африканың солтүстік бөлігі флорасының  қалыптасуы Oңтүстік{ Европа мен Батыс Азия флорасының қалыптасуымен бір мезгілде жүрді. Ол түпкілікті түрде жоғарғы ендіктердегі мұз басудан соң  климаттық мұз басудан кейінгі ауытқулардың әсерімен құрылды. Палеотропикалық әлем флорасы материк алабындағы анағұрлым ежелгі флора болып табылады және де оның құрамына Австралия­мен байланыс әсер етті. Австралиямен ортақ элементтерге ағаш тәріздес папоротниктер мен кейбір протейн тұқымдастар жатады.

Оңтүстік Америкамен және Азиямен байланыс кейінірек үзілді, Африканың флорасьнда осы материктердің өсімдіктерімен ортақ жабық тұқымды өсімдіктердің туыстары мен тұқымдастарының едәуірі бар.

Жылдық жауын – шашын жиынтығы 1500-2000 мм экваториал­ды климaт белдеуінде ормандар гумусқа бaй күлгінденген латерит топырақтарда өседі. Ылғалды тропиктік ормандар материктің шамaмен 8% алабын aлып жатыр. Олар Kонго бассейнінде экватордан солтүстікке қарай 4˚с.е. дейін және экватордан оңтүстікке қарай 5˚о.е. дейін тараған. Сонымен қатар ормандар Гвинея жағалауын шамамсн 8˚с.е. дейін алып жатыр.Өзен атырауларындa және то­лысу кезінде су басып кететін жағалауларда, әсіресе Гвинея шы- ғанағында мангр тоғайлары үстем.

Алғашқы жаңбыр орманда­ры Конго қазан шұңқырының тек орталық бөлігінде сақтал­ған, басқа жерлерде, әсіресе Гвинея шығанағынан солтүс­тікке қарай оларды аласа, қай­та шыққан тоғайлар алмастырған. Өзінің таралуының солтүстік шекарасы маңында ормандар, бәлкім, орман өсім­дігі үнемі өртеп отырудың  нәтижесінде  өз орнын саваннаға берген болар.

Ариканың ылғалды тропиктік ормандары өзінің түр қүpaмының байлығы мен алып жатқан жер көлемі жағынан Оңтүстік Американың трониктік ормандарына қарағанда біршама кейін тұрады. Бұл ормандардың биік ярустарын алып фикустар (80 м дейін), зәйтүн пальмасы (llaeis guil1eensis), шарап пальмасы (Rhaplhia), сейба (Ceiba tоnnіngі), кола ағашы (Соlа nіtіdа) тағы басқалар құрай­ды. Ал төменгі ярустарда банандар, әр түрлі папоротниктер, либерия кофе ағашы (Соffеа lіЬегіса) өседі. Лианалардың ішінде ерек­ше орынды ағаш тәрізді каучукты лиана – ландольфия алады, ұзын ротанг пальмасы (Calamus) және басқалар кездеседі. Африканың ылғалды тропиктік ормандарынан көптеген бағалы техникалық және азық-түліктік өсімдіктер түрі шыққан. Солардың бipi – зәйтүн пальмасы, ол тeхникалық (ұрық қабынан) және азық-түліктік (тұқымдарынан) май бepедi. Мұның соңғысы тағгaмғa тікелей пайдаланыла береді және сондай-ақ маргаринге қоспа ретінде қолданылады. Зәйтүн пальмасы тропиктік елдердің плантациялық дақылы ретінде тек өз елінде ғана емес, сонымен, қатар Малайя архипелагының аралдарына кеңінен тараған. Оңтүстік америкадан әкелінген зәйтүн пальмасының плантациялары, какао ағашы, каучук  көп жерде табиғи өсімдіктерді ығыстырып шығарады. Жергілікті халықтар баннан, маниок, батат өсіреді.

Экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай ылғалды тропиктік ормандар саваннамен алмасады. Ормандар сирейді, олардың құрамы кедейленеді, тұтас орман массивтерінің арасынан саванна дақтары пайда бола бастайды. Бірте – бірте ылғалды тропиктік ылғал тек өзен аңғарларында ғана қалады, ал суайрықтарды жылдың құрғақ мезгілінде жапырағын тастайтын ағаштар немесе саванналар басып кеткен. Өсімдіктердің өзгеруі ылғалды кезеңнің қысқаруының және экватордан алыстаған сайын ұзара түсетін кезеңнің пайда болуының ықпалымен жүреді.

Жаңбырлы кезең 8 – 9 айға созылатын астық тұқымдас саваналарда биіктігі 2 – 3 м, ал кейде тіпті 5 м жететінастық тұқымдастар өседі. Олар: піл шөбі (Ptnnisetum purpureum), ұзын қылшықты жапырақты боз шағыл тағы басқалалар. Жайқалған астық тұқымдастардың арасында жекелеген ағаштар, баоба6 (Adonsoniа digitata), дум пальмасы (Нірhaenа), зәйтүн пальмасы сорайып тұрады. Экватордан солтүстікке қарай астық  тұқымдас саванналар шамамен 12° с.с. дейін жетеді. Оңтүстік жарты шарда астық  тұқымдас саванналар зонасы анағұрлым кеңірек, әсірссе Үнді мұ­хиты жағаларында олар кей жерлерде тіпті тропикке дейін созылып жатады. Oндa астық тұқымдас саванналармен қатар жылдың құрғақ кезінде тастайтын жапырақтарын тропиктік селдірормандар кеңінен тараған. Оңтүстік Африканың шығысында олар өсімдіктердің басқа типтерімен қосылып, тропиктен едәуір оңтүстікке қарай ұшырасады.

Астық тұқымдас саванналар мен селдір ормандардың астында топырақтардың ерекше типтері – саванналардың астында қызыл топырақтар және селдір ормандардың астында қызыл – қошқыл қоңыр топырақтар қалыптасады.

Ылғалды маусым кезеңінің 5 – 6 айға дейін қысқаруына және жауын – шашынның жалпы азаюына байланысты саванна өсімдіктері анағұрлым ксерофильдік бейнеге ие болады. Шөп жамылғысы сирейді, әрі арасарады, ағаш тұқымдарының құрамында аласа, ұшар бастары өзгеше жалпақ қарағандар белең алады. Бұлар нағыз немесе құрғақ саванна дейтіндер.

Ылғалдылық кезеңінің ұзақтығы 3-5 айға созылатын аудан­дарда нағыз саванналар кұрғак және тікенекті бұталары мен сел­дір қатты шөптердің қауларынa өтеді. Мұндай өсімдік топтары шөлге айналған саванна деп аталатын солтүстік жарты шарда, нағыз саванналардан  солтүстікке қарай біршама енсіз өңір құра­ды. Бұл өңір 6атыстан шығысқа қарай жауын-шашынның жылдық жиынтығы азаятын 6ағытта кеңейе түседі.

Maтepиктің шығысында шөлге айналған саванналар Сомали түбегін түгелдей алып, экваторға дейін және одан да оңтүстікке созылып түсіп, айрықша үлксн алқаптарды алып жатыр. Шөлге айналған саванналардың топырағы кызыл-қоңыр. Негізгі жыныс­тар тараған жерлерде қара түсті  топырақ тараған.

Саваннаның және тропиктік селдір ормандардың барлық типте­рі мaтepиктің бетінің 40% дейін алып жатыр. Африка саванналарының көпшілігі жойылып кеткен ормандардың орнында пайда болған деген  көзқарас та бар.

Климат және топырақ жағдайлары жөнінен саванналар тро­пиктік егіншілікке қолайлы. Казіргі кезде саванналардың көпте­ген учаскелері тазартылған және айдалып тасталған. Бұл зонада барыншa кеңінен тараған дақылдар — мақта, жер жанғағы, жү­гері, темекі, сорго, күріш.

Саванналар шөлейттерге өтеді, олар солтүстік жарты шарда айқын көрінетін, бірақ енсіз зоналар құрады, ал Онтүстік Африка­да материктің ішкі 6өліктеріндегі біршама шағын аудандармен шектелген. Шөлейттерде құрғақ кезең бүкіл жыл бойына дерлік созылады, жауын-шашын мөлшері 250-300 мм аспайды. Өсімдігі мен топырағы айқын ксерофильді сипатта.

Шөлейттердің өсімдігі түр құрамы жөнінен солтүстік және оңтүстік жарты шарда едәуір айырма жасайды. Солтүстік жарты шарда жер 6етін тікенекті бұталар мен аласа ағаштардың негізі­нен сұрғыт – жасыл майда жапырақты қарағайлIардың және жың­ғылдардың селдір тоғайлары жауып жатады. Олардың ара-ара­сында қатаң көпжылдық шымды астық  тұқымдастар өседі. Бұлар бұталы-астық  тұқымдасты шөлейт дейтіндер.

Оңтүстік Африканың шөлейттеріне суккулентті өсімдіктер тән. Олар: алоэ туысының көптеген түрлері, сүттігендер, жергілікті халық мал үшін көп жағдайда су орнына жүретін сулы жемістері  бар қарбыз еді. Cондай – ақ  жасмық тәріздес тікенекті өсімдіктер, қысқa жаңбырлы ашық кезеңде ашық және әр түсті болып гүл­дейтін жуан тамырлы немесе түйнекті әр түрлі шөптер (құртқа гүл, лилия, амapaлис) кеңіненІ тараған. Солтүстіктегі сияқты, мұнда да астық тұқымдас бұталы шөлейттің учаскілері бар.

Шөлейттер шөлдерге ауысады,  олар әсіресс мaтepиктің солтүс­тігінде үлкен алқаптарды алып жатыр. Оңтүстік жарты шарда шөлдер енсіз өңір түрінде материктің батыс шетін бойлай созы­лып жатыр және ішінара Калахаридің оңтүстігіне де тән. Шөлдің топырағы жетілмеген, қаңқалы, кейде бұл айқын құрлымы жоқ сусымалы құм болып келеді. Сортаң топырақтардың да үлкен учаскелері кездеседі. Солтүстік жарты шардың шөлдеріндегі өсімдік азия шөлдерінің өciмдігіне ішінара жақын. Жанбырдан кейін эфемерлер шығады, ол қысқа мерзiм ішінде өсіп шығып, гүлдеп және жеміс беріп, сонымен бірге қайтадан келесі жаңбырды күтіп бір емес бірнеше жылға созылатын тыныштық жағдайына келіп үлгереді.

Құмды учаскелерде көпжылдық тiкeнeктi бұталар өседі. Олар: жантақ,  ретам  тағы басқалар. Тастақ шөлдерге қыналар тән, олар тастардың бетін түгелдей қа­6ыршақ сиақты жауын жатады. Copтаң жерлерде жусан мен со­раңдар кездеседі. Африканың солтүстігіндегі шөлдерде, Аравиядағы сияқты оазистер көп, олардың басты өсімдігі — құрма паль­массы. Африканың оңтүстік – батыстағы  шөлдеріне көптеген эндемика өсімдіктері тән, олардың ішіндегі ең тамашасы вельвичия, оның қысқа әрі жуан сабағы және тығыз, жалпақ жерге сүйретіліп жатқан, ұзындығы 3 м жететін екі жапырағы болады.

Африканың шөлейт пен шөлдері еш жерде Үнді мұхитының жағалауына дейін жетпейді. Материктің экватордан oңтүcтiкке қа­райғы шығыс бөлігінің солтүстік жарты шардағы сәйкес ендіктер­де жатқан аудандармен салыстырғанда едәуір ылғалды болуы себепті Оңтүстік Африканың шығысын саванналар мен жапырақ тастайтын  ормандар алып жатыр.

Материктің, солтүстік – батыс және оңтүстік – батысындағы жағалауларда және тау беткейлерінің төменгі бөліктерінде мәңгі жасыл қатаң жапырақты бұталардың астында субтропиктік қошқыл қоңыр топырақ тараған. Тау беткейлерінің жоғарғы бөліктеріндегі жалпақ жапырақты ормандардың астындағы топырақ – тау – орманының қоңыр топырағы.

Африканың солтүстік – батыс шет аймағының флорасының құрамында Оңтүстік Европаның жақындығы байқалады. Көп доминионының алабында жатқан материктің оңтүстік – батысы африканың қалған бөлігінен үлкен түр өзгешелігімен ерекшеленеді. Өзінің  сыртқы  көрінісі  жағынан  Оңтүстік  Европалық  немесе  Солтүс­тік  Африкалық маквиске жақын бұта қaулары семьялық тұрғысы­нан протейн, вepeск т. б.тұкымдастарға жататын эндемик туыс­тар мен түрлерден тұрады. Олар көбіне түкті болып келеді (ы­салы күміс ағаш) және жпырақары сұрғылт  немесе  көгілдір реңді болып келеді. Шөптесін өсімдіктердің ішінде әсіресе лала гүлдер, құртқа гүлдер, амариллистер тұқымдастарынан баданалылар және тамыр сабақтылар жиі кездеседі.

Африканын сондай-ақ климаты субтропиктік, бірақ ылғалда­нуы анағұрлым бір қалыпты қиыр оңтүстік-шығысында табиғи өсімдік жамылғысында субтропиктік қызыл топырақта темір ағаштан , сары ағаштан , кап үшкір жапырақтысынан, ағаш типтес папоротниктен, алып шөптерден (мысалы, стерлийий) тұратын мәнгі жасыл ормандар басым. Жағадан шалғай және сондыктан да неғұрлым құрғақ тау­лы үстірттерде қызғылт қара түсті топырақтар (ол негізгі вулкандық жыныстар кеңінен тараған аудандарда қара түсті топырақпен алмасады) субтропиктік далалардың шөпті астық тұқымдас өсім­дігі басым.

Кап флорасы дүние жүзіне әдемі гүлдейтін көптеген әр түрлі сәнді өсімдіктер берді, бірақ тағамдык өсімдіктер Африканың оң­түстік бөлігіне Европадан әкелінген. Көбінесе олap Европалық  Жерорта теңізі алқабына тән дақылдар: цитрустар, жүзім шыбы­ғы бидай және баска астық тұқымдастар. Мадагаскар аралы флорасы жөнінен Африкаға қарағанда бір­шама ерекшеленеді, өйткені ол материктен әлдекашан бөлініп кеткен-ді. Ол флорасының кұрамы жөнінен Африкадан Азияға өтпелі жағдайда және онда эндемик түрлер көп (шамамен 75%). Жауын-шашынның солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа карай азаюына байланысты  Мадагаскардың өсімдік жамылғысы да өз­гереді: шығыс жағалауда және таулардың шығыс беткейлерін­де ылғалды тропиктік ормандар басым, олар батысқа карай са­ваннамен және селдір орманмен, ал оңтүстік-батыстағы үстіртте-­кұрғак бұталы даламен алмасады.
Тағы рефераттар