Акциздік (жанама) салық туралы қазақша реферат — сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.

Акцизді есептеген кезде 1210 шоты дебеттеліп, 3140 шотының «Акциз» деп аталатын субшоты кредиттеледі.

Акцизді төлеушілер Салық салынатын объектісі Салық мөлшерлемесі Салық кезеңі
ҚР-ң заңды тұлғалары, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері, жеке тұлға;

—                 акцизделетін (акцизделген) тауарларды ҚР-ң аймағында шығару;

—                 акцизделген тауарларды ҚР-ң аймағынан кедендік бекет арқылы шығару;

—                 жаңа және көтерме саудасы арқылы бензинді ҚР-ң аймағына сату;

—                 тәркіленген, тегін алған тауарларды ҚР-ң аймағында сату;

—                 акцизделген қызмет түрлерін ҚР-ң аймағында жүзеге асыру

Акцизделген тауарлармен жасалған операция:

—                 спирттің барлық түрлері;

—                 алькогольді өнімдер;

—                 темекі өнімдері;

—                 құрамында темекісі бар басқа да өнімдер;

—                 балық уылдырықтары;

—                 алтыннан, қоладан жасалған зергерлік бұйымдар;

—                 бензин, дизельдік отыны;

—                 жеңіл автомобильдер;

—                 газбен жанатын қарулар

—                 шикі мұнай өнімдері;

акцизделетін қызметтер түрлері:

—                 ойын бизнестері;

—                 ұтыс лотореясын жүргізу және ұйымдастыру.

Акциздердің мөлшерлемесін ҚР-ң үкіметі бекітеді және оны келесі жолмен белгілейді:

—           пайыздық  белгілеу, ол тауардың құнына бөлу арқылы анықталады немесе натуралды жолмен алынады

Календарлық ай

Акцизделмейтіндерге мыналар жатады:

— акцизделген тауарларды сыртқы (экспортқа) саткан жағдайда;

— мемлекеттік өкілетті органдармен аныкталған квота шегіндегі этил спирттері;

—     медицинаға арналған құрамында спирт бар өнімдер (бальзамнан басқасы); Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын тауарларды

өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін және лотерея ойындарын жүргізу мен ұйымдастыруын жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциздердін төлеушілері болып табылады.

Өндірілген тауардың бастапқы бағасы, яғни акциз бен ҚҚС қосылмаған таза бағасы салық мөлшерлемесін анықтаудың негізі болып табылады.

Акцизделетін тауарлар үшін өндірілген өнімнің құны да, сатылған өнімнің көлемі десалық салудың объектісі болып табылады. Акцизделетін тауарлар меншік иесіне қарамастан есептелінеді.

Акциздер тауарлардың меншікті немесе өңдейтін шикізаттан өндірілетіндігіне қарамастан есептелінеді.

Импортталатын акцизге жататын тауарлар бойынша салық салынатын объекті Қазақстан Республикасының кеден зандарына сәйкес белгіленеді.

Акцизделген тауарды импорттау кезінде олар үшін акциздін тұрақты мөлшерлемесі белгіленеді. Сондықтан оның салық салынатын базасын аныктау үшін импортталған тауардың натуралды (заттай) көрсеткішінің көлемі алынады.

Ал адвалорлық әдісте салық базасы үшін импортталған тауардың кедендік кұны алынады. Ойын бизнесі бойынша акциз сомасын есептеу үшін ойын столы, ойын автоматының саны, тотализатор кассасы, букмекерлік кеңсенін кассасы алынады.
Тағы рефераттар