МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3

1 КРИПТОГРАФИЯНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1 Модулярлық арифметиканы есептеу 4
1.2 Дәрежеге шығару алгоритмі 5
1.3 Эйлер функциясы 7
1.4 Модулярлық арифметикада кері шамаларды есептеу 10
1.4.1 Тура іріктеу әдісі 12
1.4.2 Эйлер функциясы көмегімен кері шамаларды есептеу 12
1.4.3 Евклидтің кеңейтілген алгоритмі көмегімен кері шамаларды есептеу 13

2 ШИФРЛЕУ АЛГОРИТМДЕРІ 17
2.1 Симметриялық алгоритмдер 17
2.1.1 Блоктық шифрлар 18
2.1.2 Ағындық шифрлар 31
2.1.3 Құрама шифрлар 32
2.2 Ассиметриялық алгоритмдер 32
2.2.1 RSA алгоритмі 33
2.2.2 Диффи – Хеллман алгоритмі 36
2.2.3 Эль-Гамаль алгоритмі 40

3 АШЫҚ КІЛТТІ КРИПТОЖҮЙЕДЕ КІЛТ БАСҚАРУ 42
3.1 Сертификация 42
3.2 PGP қауіпсіз электрондық поштасы 44
4 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС 47

ҚОРЫТЫНДЫ 51
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 52
ҚОСЫМША А 54

Кіріспе

Қазіргі кезде ақпаратты қорғау жалпы ұлттық мәселеге айналып отыр. Информациялық технологияның қарқынды дамуы және Интернеттің тез таралуы конфиденциалды ақпаратты қорғаудың әдістерін дамытуға, әсіресе криптографияның дамуына көп әсер етті.

Мемлекеттің барлық салаларына қатысты ақпарат нақты саяси, материалдық және  бағалылығы жағынан да құнды болып саналады. Ақпаратты қорғау мемлекеттің көзқарасымен алғанда қазіргі кезде өзекті мәселеге айналды және мемлекет алдындағы бірден-бір шешілуі қажет, ұлттық қауіпсіздіктің негізгі элементі ретінде қарастырылып отыр.

Жаңа қуатты компьютерлердің, желілік технологиялардың пайда болуы мен ақпараттың компьютерде шоғырлануы мүлдем ашылмайды деп саналған криптография жүйесін пайдалануға мүмкіндік береді.

Криптография термині ежелгі гректердің «cryptos – құпия» және «grapho – жазу»  сөздерінен құралған.

Бітіру жұмысымның мақсаты:

1)       ақпараттық ресурстардың сыртқа кетуін, ұрлануын, жоғалуын, бұрлануын, қолдан жасалуын, оларға рұқсатсыз қол жеткізуді пайдалануды және таратуды, зиян, залал келтіруді болғызбау;

2)       тұлғаның, мемлекеттің және қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі;

3)       ақпаратты қорғаудың математикалық жолдарын (яғни, математикалық әдістерін немесе қулықтарын) және ақпаратты қорғаудың математикалық мәселелерін шешу;

4)       математиканы және жалпы білімді дәріптеу.

Бітіру жұмысымның өзектілігі. Криптография қоғам өмірінің ажырымас бөлігіне айналып келеді. Мыңдаған жылдар бойы криптография әскери және дипломатикалық байланыстарды қорғау үшін қолданылып келеді. Информациялық ғасырдың басталуымен бірге криптографияның жеке секторлары да қоғамға жедел қажет екендігін байқалтты.

Ақпаратты қорғаудың әртүрлі жолдары (мысалы, механикалық немесе физикалық), әртүрлі мәселелері бар (мысалы, қоғамдық немесе әскери). Мен ақпаратты қорғаудың математикалық жолдарын (яғни, математикалық әдістерін немесе қулықтарын) және ақпаратты қорғаудың математикалық мәселелерін қарастырамын.

Бітіру жұмысымның міндеттері. Ақпаратты қорғау әдістері мен ақпаратты шифрлеу жүйелері жайлы мағлұмат беру. Сонымен қатар криптографияның математикалық негіздері болып табылатын симметриялық және ашық кілтті криптожүйелер туралы ашып айту. Ашық кілтті криптожүйеде кілт басқару қалай жүзеге асатынын көрсету.

 Дипломдық жұмыс / 58 бет
Тағы рефераттар