Ақша қаражатының есебінің жетілдіру жолдары туралы қазақша реферат

Бухгалтерлік есепті компьютерлендіру ұйымдардағы есеп жұмысын жолға қоюға жаңа салалық негізде елеулі ықпал жасайды, бастамды құжаттардың принциптері өзгереді, негізгі ауыр жұмыстар автоматтандырылған режимде орындалатын болады, есеп қызметкерлері деректкрді өңдеуде тікелей ат салысады.

Қолданылып жүрген бухгалтерлік бағдарламалық қамсыздандыру пайдаланушылар ушін елеулі проблемалар туғызады. Сол үшін бухгалтерлік есепті автоматтандыру үшін құралдар таңдау кезінде біріншіден бағдарламаны таңдау керек одан кейін ғана компьютерлендіреді.

Компьютерленген бухгалтерияларға арнап 1 С «бухгалтерия» бағдарламалық стандарттық программасы бар. Бірақ бухгалтерлерді автоматтандырылған есеп технологиясына оқытуға қол жетпеуінен проблема тереңдеп түседі.

Сонымен компьютерлік есепті дамыту үшін мыналар қажет:

—   есеп технологияларының компьютерлік қорларын стандарттау;

— мемлекеттік органдардың бағдарламалық өнімдерді сертификаттау рәсімін ұйымдастыру;

—  сертификатталған бағдарламалық өнімдерді, жүйелерді әзірлеу мен алып жүргізудің дамыған инфроқұрылымын жасауға арналған, бағдарламалық қамсыздандыруды жасаушыларды қолдау бағдарламасыз әзірлеу.

Бұл ретте бухгалтер және компьтерлерді пайдалану мамандығын игеруге және өзі алатын нәтижелердің дұрыстығы үшін жауап беруге тиіс.

Ақша қаражаттары есебінің қолданбалы жоспар жинағы бухгалтерлік есеп көлемінің негізгі бір бөлігі болып есептеледі.

Функционалдық белгілері бойынша акция қаражаттарының есебі  материалдар толтыру, жалақы бойынша есеп айырысу және дебиторлық, кредиторлық қарыздарды өтеу кезінде бухгалтерлік  ақпараттарды автоматты түрде  қарастыру, касса және бухгалтериядағы жұмыс орынды тікелей ЭЕМ – нің көмегімен есептеу.

Ақша қаражатардың есебі программалық құрылымдық ақпараттардың кірісі-шығысы бойынша жүйелермен және басқада құжаттармен біріккен.

Ақша қаражаттары келесі функционалдық мәселелерді шешеді:

— мердігерлермен және жабдықтаушылармен шот фактура бойынша есеп айырысу;

— көрсетілген қызметтер бойынша сатып алушылардан түскен төлемдерді есепке     алу;

— кәсіпорын ішіндегі міндеттер бойынша қорытындысын анықтау;

— 4 бөлімнің «ақшалы қаражаттар» шоттары бойынша бухгалтерлік жазулар беру    (қаржылық есеп айырысу операцияларын есепке алудың ақпараттық базасына беру үшін);

— жылдық есеп беру үшін көрсеткіштерді құру.

Ақшалы қаражаттар есебінің өңдеу процесін еңгізу ақпаратының кез-келген түрік ПЭЕМ-ге еңгізуден бастап қажетті нәтижелік ақпараттар алғанға дейін тікелей пайдаланушының өзі бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орнында атқарады.

Ақшалы қаражаттар есебі екі түрлі автоматтандырылған жұмыс орны бойынша іске асырылады.

-Автоматтандырылған жұмыс орны 1 «Ақшалы қаражаттардың қайнар көздері бойынша»;

-Автоматтандырылған жұмыс орны 2 «Ақшалы қаражаттар бойынша ақпараттар жинау».

Автоматтандырылған жұмыс орны 2-ні енгізу тек жұмыс істеп тұрған автоматтандырылған  жұмыс орны-1 арқылы ғана мүмкін болады, жинақтау үшін автоматтандырылған жұмыс орны 1-де енгізілген.

Берілгендерді өңдеу процессі келесі сатыдан тұрады:

— енгізу мерзіміне ақпараттық база құру;

— әр бір айдың ағымында берілгендерді ағымдағы өндеу.

Кешенді есептерді шешу массивтерді енгізу мерзімін құрудан басталады:

— шартты тұрақты ақпараттар;

— номенклатуралық нөмірленген сақталу, пайдалану орындары және акция қаражаттары кіретін массивтері.

Бұл жұмыс бір рет жүргізіледі, кейінірек кіргізілетін қалдықтар жоспарлар жинағын пайдалану кезінде автоматты түрде қалыптасады.

Есептік кезең берілгендерінің ағымдағы өндеуге кіретіндері:

— шартты тұрақты ақпараттарды ықшамдау;

— бастапқы құжаттардан ақпараттар еңгізу;

— айнымалы ақпараттар массивтерін (еңгізілетін жедел берілгендердің) қалыптастыру;

— қорытынды ақпараттарды қалыптастыру және шығару;

— есепті кезеннің ақпараттарын архивке жіберу (ұзақ уақыт сақтау үшін дискеталарға жазу);

— есепті кезенді ауыстыру.

Есепті кезең болып бір ай саналады.

Бастапқы құжаттардан ақпараттар еңгізу ақшалы қаражаттардың бағыттары бойынша бейне – бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады:

Ақшалы қаражаттардың сырттан келіп түсүі және сыртқа жіберіледі.

Берілгендерді еңгізу және массивтерді қарастыру процессінде алгоритмдер түрінде берілген синтетикалық бақылау жүргізіледі.

Мұндай бақылаулардың нәтижесінде экранға бухгалтерге қателіктердің есебін анықтауға, ықшамдау жүргізуге, қателіктерді анықтауға, дейін жазуды тоқтатып сақтап қоюға , немесе бүкіл құжатты жоюға жол беретін сәйкес хабарландырулар шығарылады.

Шартты тұрақты ақпараттарды ықшамдау (қажет болған жағдайда) және басқа құжаттардың берілгендерін дербес ЭЕМ-ге еңгізу ай ішінде олардың пайда болуы мен бухгалтерияға келіп түсүі мөлшерінде жүзеге асырылады.

Айнымалы ақпараттар массивтерін құру есепте кезеңге құжаттарды еңгізу аяқталғанннан кейін «Регистрация» менюінің «Закрытия» пунктінің

функциясын іске асыру процессінде жүргізіледі.

Қортынды ақпараттарды құру және шығару «Расчеты» менюінің  «Формирование», «Просмотр», «Печать» пунктерінің функцияларын орындау процессінде жүргізіледі.

Құрылған қорытынды ақпараттар бухгалтердің таңдап алған жұмыс режиміне қарай басқа құрылғысына шығарылуы, дисплей экранда бейленеуі, есептің қажетті аумақтарына берілетін немесе берілгенін кешенді ары қарай шешу үшін қолданылатын берілген массивтерінің түрінде ұсынылуы мүмкін.

Акция қаражаттары есебінде төмендегілер қарастырылған:

— массив жазуындағы «негізгі шот, субшот» реквизитін автоматты түрде құру;

— ақша қаражаттарын пайдалануға жіберген кезде (кірісі бойынша) автоматты түрде екінші рет жазу;

— ақшалы қаражаттар шығыны мен қалдықтарының операциялары бойынша автоматты түрде есептеу;

— автоматты түрде көшіру;

— акция қаражаттарын түгендеу жазбасын дербес ЭЕМ-ге еңгізу мүмкіндігі қарастырылған.

«Астана Континент ЛТД» ЖШС бухгалтерия толық компьютерленбеген. Кейбір бөлімдері ғана автоматты түрде жұмыс істейді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы жылдан-жылға жақсаруына байланысты, болашақта бухгалтерияны толық компьютерлендіру көзделіп отыр.

Осы дипломдық жұмыстағы жүргізілген зерттеулер «Астана Континент ЛТД» ЖШС-де кассадағы ақша қаражаттарының есебі қолмен жүргізілетінін көрсетіп отыр. Қолмен жүргізілетін арифметиалық және экономикалық есептер кәсіпорынның кассадағы ақша қаражаттарының есебінің тиімділігін төмендетеді.

Құжаттардың көп санының ақша қаражаттарының есебі бойынша бухгалтер есептілікте қателер жібереді, кәсіпорынның бухгалтериясына есептілікті кешігіп толтырады.

Касса құжаттарын толтырған кезде есеп жұмысшысы жұмыс уақытының көп бөлігін құжаттарды толтыруға жібереді.

Ақша қаражаттарының есебі – бухгалтерлік есептің жұмысты көп қажет ететін бөлімшесінің бірі. Бөлек шаруашалық процестердің уақытысында істеуін, касса жұмысшысының есептілігінің күніге толтыруын талап етеді.

Жоғарыда көрсетілген себептер серіктестіктің кассадағы ақша қаражаттарының есбінің жетілдіруін талап етеді.

Менің ойымша, серіктестіктің кассадағы ақша қаражатындағы бухгалтерлік есебінің жетілдіруінің бірі оның автоматизациялауы болып келеді.

Ақша қаражаты есебінің автоматизациялауының қажеттілігі келесілермен түсіндіріледі:

—             ақша қаражаттарының есебі бойынша бірінші құжаттарының тез жазып беру қажеттігі,

—             құжаттарды жазып берген кезде қателерді жібермеу;

—             машинаға реквизиттерді енгізілетіндердің санын төмендету;

—             тексеріс пен бақылауды қамту;

—             шаруашылық процесстер туралы ақпараттарды детальдеу;

—             есеп операциялардың еңбек қажеттілігін төмендету, жұмыс уақытын қысқарту;

—             бухгалтердің еңбек өнімділігін жоғарылату.

Автоматизациялаудың мақсаты – қазіргі нарықтық экономика жағдайында кассадағы ақша қаражаттарының есебінің тиімділігн жоғарылату.

Кассадағы ақша қаражаттарының есебінде техниканы пайдаланудың ұйымдастырудың тиімді нысаны бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орнын құру болып келеді.

Бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) – есеп процесін автоматизациялауды қамтамасыз ететін есеп техникалары мен қаражаттармен қамтылған бухгалтердің жұмыс орны.

Әр бухгалтердің қатты магниттік дискіде жазылған өзінің бағдарлама кешені бар.

АЖО қамтылған бухгалтерия көптеген ерекшеліктерге ие болады. Техника қаражаттары бар бухгалтер берілген есптерін орталықтандыра отырып берілген есеп базасын интеграциялауды жүзеге асыра алады. Бұл шоттардағы шаруашылық операцияларын көрсетуді қамтиды. АЖО-ның негізгі артықшылығы – шағын және орта кәсіпорындарда есеп машиналардыпайдалануға мүмкіншілік береді.

Зерттеліп отырған кәсіпорын – шағын және орта бизнестегі кәсіпорын. Орталықтандырылған жұмыста АЖО-дағы мәселердің шешуін табуға болады – бухгалтерлік есеп пен есептіліктің жалпы регистрлерін құрған кезде жоғары деңгейдегі нәтижелерге жетуге болады.

Енгізу, берілгендерді топтау бір жұмыс орнында жүзеге асырылады. Бұл операцияларға бухгалтер жауап береді.

Жұмыстың технологиясы тәжірибесі жоқ бухгалтерге де қиын болмайды. ЭЕМ-нің негізгі артықшылығы бухгальерлік есептің бар нысандарына бағытталған.

Ақша қаражаттары есебінің бухгалтеріне АОЖ ұйымдастыру оның еңбек өнімділігін жоғарылатуға, бақылау және талдау функцияларын күшейтуге, жұмысының қажеттлігін жоғарылатуға әкеледі.

Алғашқы құжаттардың нысандарының құруын, жаңа есептілік нысандардың қалыптасуын автоматты түрде мүмкіндіктер қарастырылған.

«1С: Бухгалтерия» кешенді бағдарламалары қол жұмысын жеңілдеткен. Бұл бағдарламаның негізгі ерекшелігі –  бухгалтер кассадағы алғашқы құжаттарды тіркей отырып, оларды реттеп отыра алады.

Сонымен, алғашқы құжаттармен қатар олардың операциялары да сақталып отырады. Бұл кассадағы есебін бақылауын жеңілдетеді.
Тағы рефераттар