Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп туралы қазақша реферат

       “Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп” ҚР шаруашылық субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі маңызды болып табылады. Бұл есепте кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдаланылу жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі жұмсаған ақша қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен алынатын қаражаттары жеткілікті ме, соны көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді.

Ақша қаражаттары – бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша.

Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есептің негізгі мақсаты:

  1. Есеп беру мерзімі ішінде заңды тұлғаларға ақша қаражаттарының келіп түсуі және шығуы жөнінде ақпараттарды беру;
  2. Есеп беру мерзімінде заңды тұлғалардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметі жөніндегі ақпараттарды беру.

Операциялық қызмет дегеніміз – заңды тұлғаның табыс табу бойынша негізгі қызметі сонымен бірге қаржылық және инвестициялық қызметіне жатпайтын басқадай қызметі.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер операциялық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғалысын тікелей немесе жанама әдістерді пайдалана отырып ашып көрсетеді:

Тікелей әдіс – бұл ақшаның келіп түсуі мен төленуінің негізгі түрлері ашып көрсетілетін әдіс. Бұл әдіс ақшамен жүргізілетін әрбір операцияны зерттеуге және ол операцияның субъект қызметінің қай түріне жататынын анықтауға негізделген. Тікелей әдісті қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есептің әрбір бабына түзету (корректировка) жасау деп түсіну керек. Мұндай жағдайда түзетуді өнімді сатып-өткізуден түскен ақша түсімінен бастау керек. Одан тауарды сатып алу бойынша төленген барлық ақшаның сомасын, ағымдағы шығындар бойынша жұмсалған ақшаны, несие үшін проценттер сомасын, бюджетке төленген төлемдерді алып тастау керек. Жиынтығында операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттары жағдайының сомасыншығарады.

Зерттеу жүргізілген “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік тікелей әдісті қолданған кезде операциялық қызметтің нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысын бейнелейтін операцияларға төмендегі операциялар жатады:

а) тауарларды сатып-өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақша қаражаттары;

ә) көрсетілген қызмет үшін алынған аванстардың сомасы;

б) басқадай әртүрлі сипаттағы табыстардың келіп түсуі.

Ақша қаражаттарының шығуы:

а) келіп түсетін тауарлар және көрсетілген қызмет үшін жабдықтаушыларға        және мердігерлерге ақша төлеу;

ә)  атқарылатын жұмыстар үшін аванс төлеу;

б) еңбек ақы төлеу;

в) бюджетпен есеп айырысу;

г) басқадай төлемдер.

Жанама әдіс – бұл таза табысқа несие зиянға ағымдағы активтердің, ақшасыз операциялардың табыстар мен зиянның және міндеттемелердің өзгеруіне байланысты түзету (корректировка) жасалынатын әдіс.

Бұл әдіс бухгалтерлік баланс және табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есептің ақпараттарына негізделген.

Жанама әдісте табыстар мен шығыстар жөніндегі  қорытынды есептің әрбір бабын түзету (корректировкалау) көзделмейді. Бұл әдіске сәйкес есеп беру мерзіміндегі таза табыстың (зиянның) өткен есеп беру мерзімімен салыстырғандағы өзгеру корректировкаланады.

       Инвестициялық қызмет дегеніміз – ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелетін несиелерді алу және беру.

Иенвестициялық қызметтің нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысына төмендегілер жатады:

  1. Ақша қаражаттарының келіп түсуі:

—    негізгі құралдарды сатып-өткізу;

—  басқалары.

2. Ақша қаражаттарының шығуы:

—   негізгі құралдарды сатып алу;

Қаржылық қызмет – кәсіпорынның нәтижесі меншікті капитал және қарызға алынған қаржылардың құрамы мен мөлшерінің өзгеруі болып табылатын қызметі.

Қаржылық қызметтің нәтижесіндеболатын ақша қаражаттарының қозғалысын төмендегі операциялар айқындайды:

Ақша қаражаттарының келіп түсуі:

— басқалары.

Ақша қаражаттарының шығуы:

Қажлылық қызметте зерттеліп жатқан кәсіпорында ақша қаражаттарының шығуы 2006 жылда көрсетілмеген.
Тағы рефераттар