Кіріспе
1.1 Ақша массасы және оның жылдамдығы
1.2 Ақша агрегаттары және оның құрылымы
1.3 Ақша массасының негізгі компоненттері

ІІ тарау. Ақша массасының мультипликациясы және міндетті резервтер нормасы
2.1 Мультипликатор түсінігі және оның түрлері
2.2 Міндетті резервтер нормасы
2.3 Пайыздық мөлшерлемесі және резервтік талаптар

Ш – тарау. Қазақстан Республикасындағы ақша массасын реттеудің ерекшеліктері
3.1 Қазіргі таңдағы ақша массасын реттеудің ерекшеліктері

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Әр түрлі формадағы ақша айналысы тауарлар массасының, олардың баға деңгейлерінің және ақша айналысы жылдамдығының арасындағы экономикалық байланысты білдіретін экономикалық заңмен реттеледі.

К. Маркстің пікірінше, ақша қызметін алтын орындаған кезде айналысқа қажетті ақша мөлшері автоматты түрде стихиялы жолмен реттелген: егер ақша нақты қажетті деңгейінен асып кетсе, онда алтын айналыстан шығып асыл қазынаға (қор жинауға) , яғни жеке қазына жинауға кететін. Егер ақшаға деген қажеттілік артатын болса, онда алтын асыл қазынадан айналысқа қайтып оралатын. Осыған ұқсас ахуал алтынға еркін айырбасталатын банкнот айналысында да орын алды, яғни қағаз ақшалар ақша бірліктерінің ролін мүлтіксіз (мінсіз) орындады.

К. Маркстің айналыс заңына сәйкес қағаз ақша эмиссиясы айналысқа қажетті алтын ақшаның теориялық мөлшерімен шектелуі керек,

Проблема ештеңемен шектелмеген ақша эмиссиясы ақша белгілерін артығымен (шамадан тыс) көбейтіп, ақша айналысы заңының бұзылуына жол ашып осыған байланысты инфляцияны тудырған жағдайда ғана пайда болады. Ақша айналысының негізгі принципі — айналыста тұтынылатын ақша массасын шектеп, осыған қарай экономиканың балансты түрде дамуына ықпал ету болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты, ақша массасының және ақша айналымының теориялық мәселелері, олардың нарықтық қатынастар жағдайында қызмет етуінің заңдылықтары мен ағымы, сондай-ақ экономикалық нарықтық тұрғыдан түрлендірілуі, Қазақстандағы ақша массасы,Ұлттық банктің қызметі мен операцияларының жаңа жағдайда өзгеруі қарастырылған.

Ал курстық жұмыттың міндеті, ақша массасының және ақша айналымы теориясы.Курстық жұмыс негізінен үш тараудан және бірнеше тақырыпшалардан, әдебиеттер тізімдері мен қосымшалардан тұрады.

Бірінші, тарауда ақша массасының теоретикалық аспектілері туралы жазылған. Мұнда ақша массасының элементтері және типтері, ақша массасының құрлымы қарастырылады.

Екінші, тарауда Ақша массасының мультипликациясы және міндетті резервтер нормасы және Қазақстан Республикасындағы ақша массасы, оның түрлері зерттелген. .

Үшінші, тарауда Қазақстан Республикасындағы ақша массасын реттеудің ерекшеліктері жазылған

курстық жұмыс / 28 бет


Тағы рефераттар