Ақша массасы және оның жылдамдығы туралы қазақша реферат

Қандай да болмасын елдің ақша – несие саясатын сипаттайтын негізгі параметр болып ақша массасы саналады. Ақша массасын тауарлар мен көрсетілген қызметтерді төлеу үшін ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде анықтауға болады.  Ақша массасы экономикалық өсуге, бағалардың динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу – есеп айырысу жүйесінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне әсер етеді.

Ақша массасы – бұл жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

Загрузка...

Ақша массасының компоненттерін анықтаудың әр түрлі концепциялары бар.

Бірінші концепция бойынша ақша массасы айналыстағы қолма – қол ақша мен қолма – қол ақша айналысынан немесе қолма – қол емес ақшалардан тұрады. Төлем айналысындағы ақшалардан басқа әр түрлі бағалы қағаздар қолданылуы мүмкін – вексельдер, чектер депозиттік сертификаттар, тағы басқалары.

Екінші концепцияны қолдаушылар вексельдерді, чектерді және кей кезде басқа да бағалы қағаздарды қолма – қол емес ақша айналымына жатқызады.

Үшінші концепцияны қолдаушы экономистер қолма – қол ақшаның барлығына қарсы шығады да, ақша деп тек қолма – қол ақшаларды санайды.

Ақша массасының құрамы сол елдегі несие – ақша жүйесімен анықталады.

Ақша массасын  өлшеудің екі түрі бар: трансакциондық және өтімділік бойынша өлшеу.

Ақша массасын трансакциондық өлшеу ақшаның айналым құралы ретіндегі функциясына негізделеді. Бұл ойды қолдаушылар ақшаның мәні тауарлармен қызметтерді төлеу үшін қолданылады деп санады. Олардың ойынша , айналыс құралы қызметін атқаратын ақшалар, яғни активтерді басқа активтерден  ерекшелендіретін маңыздылығы осыда. Барлық активтер құнды сақтау қызметін атқарады, олардың ішіндегі кейбіреулері ғана айналыс  құралы ретінде  қолданылады.

Ақша массасын трансакционды  өлшеу айналыс құралдары қызметін атқаратын активтерді ғана есептеу керек. Мұндай активтерге көбінесе төлем құралы ретінде қолданылатын   монеталар және қағаз ақшалар жатады. Сонымен қатар, оларға чектік депозиттерді ( ағымдағы шоттарды )  жатқызуға болады.

Өтімділік бойынша ақшаның массааын өлшеу ақшаның мәні оның өтімді актив болу қасиетімен байланыстырылады. Өтімділік сатушының  берілген берілген тауарды кез келген уақытта аз шығындармен және жеңіл өткізуін білдіреді. Бұл ой бойынша ақшалар басқа активтерден сапа жағынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Біз активтерді тек оның өтімділік дәрежесі бойынша ғана ажырата аламыз. Әрбір актив құнды сақтау қызметін атқарады, бірақ олардың өзгешелігі тек олардың өтімділігінде.

Ақшалар – ең өтімді активтер; ақшаның иесі тауарды немесе қызметті сатып алудың алдында оларды басқа еш нәрсеге айырбастамау керек. Ал, мысалға үйді алатын болсақ, оның өтімділігі өте төмен. Өтімділігі  төмен тауарларды сату көп уақытты алады.

Тауарлы айналымды реттеу үшін қажетті ақшаның көлемін білу қажет.  Ақша айналымының жылдамдығы әрбір ақша бірлігі бір жыл көлемінде кез келген келісім шарт  жасау үшін жасаған айналыс санымен өлшенеді.Тауар бағасының қажетті сомасысын және ақшаның айналымын ескере отырып, айырбастың теңдігі алынған болатын. Оны Фишер теңдігі деп атайды, ол келесідей:

                           MV = PQ, немесе   M = PQ / V

Мұндағы:

M – ақша айналымына қажетті ақша массасы;

PQ – тауар бағасының сомасы;

V – ақша айналымының жылдамдығы;

Бұл теңдікті Фишер атымен байланыстырса да, ол бұдан ертерек те мәлім болған. К.Маркс өзінің « Капиталының » І томында бұл теңдікті былай көрсеткен болатын:

Ақша массасы = тауарлар сомасы / ақша бірліктерінің айналым саны

Сондай – ақ К.Маркс қажетті ақша көлемін толығырақ сипаттады:

                        М = ( Ц*Т – Кц + П – Вп ) / n

Мұндағы:

Ц*Т – тауар бағасының сомасы;

Кц – несиеге сатылған тауарлар сомасы;

П – ертерек сатылған тауарлар сомасы, бірақ олар бойынша төлемдер ағымдағы периодта жүзеге асады;

n – ақша бірлігінің айналым саны;

Ақша массасы көлемінің өзгеруіне айналыстағы ақша массасының өзгермелілігімен қатар, оның айналым жылдамдығы да әсер етеді.

Ақша массасының жылдамдығы – ақша қозғалысының интенсификациялы көрсеткіші. Яғни, Самуэльсонның  ойы бойынша, ақша айналымының жылдамдығы табыс айналымының жылдамдығын көрсетеді″.

Ақша  массасының айналым жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға, экономиканың циклы мен өркендеуіне, сонымен бірге таза монетарлық факторларға, яғни төлем айналымының құрылымына, несиелік операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы процент деңгейіне және тағы басқаларға байланысты өзгереді.

Ақша массасы айналымының баяулауы – ұлттық жиынтық өнімді орналастыру коэфицентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының жылдамдығы артса, онда жоғары конъюктураның барлығын және ақша қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айналысының жылдамдығы айналыстығы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша санына кері пропорционалды әсер етеді. Ендеше қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды деп санауға болады.

Ақша массасы айналысының баяулауы шаруашылық субъектілерінің ақша қорын жинауға ұмтылысын және ақша массасының құрылымында банктердегі ұзақ мерзімді салымдардың ұлғаюын көрсетеді.

Айта кететін нәрсе – «ақша айналысының жылдамдығы» және «төлемдердің өту жылдамдығы» деген ұғымдардың бір – бірінен ерекшелігі бар. Соңғысы, сөзсіз, шапшаң болуы қажет. Оны шапшаңдататын факторларға:

өзара есеп айырысу жүйесін дамыту, банк ісіне электронды есептегіш техниканы және электрондық ақша жүйесін енгізу жатады.

Өнеркәсібі дамыған елдерде ақша массасы айналымының екі көрсеткіші болады:

  1. Табыс айналысы аясындағы айналымның жылдамдық көрсеткіші – жиынтық ұлттық өнімнің немесе ұлттық табыстың ақша массасына, дәлірек айтқанда М1 не М2 агрегатына қатынасы. Бұл көрсеткіш ақша айналымы мен экономикалық даму процестерінің арасындағы байланысты көрсетеді.
  2. Төлем айналысындағы ақша айналымының көрсеткіші – банктік ағымдық шоттар бойынша аударылған қаражаттар сомасы мен ақша массасының орташа көлеміне қатынасы.
.
Загрузка...

Тағы рефераттар