Ақтөбе облысы әкімдігінің жұмыс процестері туралы қазақша реферат

         Қала әкімі аппаратының әлеуметтік сала жәнемәдени дамыту мониторингі бөлімінің бастығы келесідей міндеттерді орындайды:

—         бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі;

—         бөлім қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын, жұмысты уақытылы

және сапалы орындауын, функционалды міндеттерді орындауына бақылауды жүзеге асырады;

— әлеуметтік сала және мәдени дамыту мониторингі бөлімінің қызметкерлерін мараппаттау және тәртіптік жаза туралы ұсыныстар енгізеді;

—  бөлімге келіп түскен хаттарды қарап, тапсырманың мерзімінде орындалуын қамтамасыз етеді;

— бөлім құзыретіндегі сұрақтар бойынша құжаттарды қала әкімінің қарастыруына ұсынады;

— Ақтөбе қалалық мәслихаты, қалалық мемлекеттік мекемелер және қала әкімі аппаратының бөлімдерімен өзара байланыса жұмыс істейді;

— атаулы әлеуметтік көмек, аз қамтылған азаматтарға жедел әлеуметтік көмек көрсету бойынша комиссияның отырыстарына қатысады;

— құзырындағы сұрақтар бойынша қала әкімі және қала әкімдігінің нормативті құқықтық актілерінің жобасын әзірлейді;

— қала әкімі аппаратының басшысы, қала әкімі орынбасарларының тапсырмаларын орындайды;

Қала әкімі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени дамыту мониторингі бөлімінің бас маманы  келесідей міндеттерді орындайды:

—         қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен және қалалық Халықаралық «Қазақ тілі » қоғамы ұйымымен бірлесе әрекет етеді;

—         мемлекеттік және ұлттық мерекелерді өткізу бойынша іс шаралар жоспарларын, бағдарламаларын әзірлеуге қатысады;

—         азаматтардың арыздары мен шағымдарын қарастырады;

—         азаматтардың ауызша және жазбаша түскен өтініштерінің есебін

—         жүргізеді;

—         қала әкімі аппараты басшысының, қала әкімі орынбасарларының, бөлім бастығының тапсырмаларын орындайды.

Қала әкімі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени дамыту мониторингі бөлімініңбас маманы  келесідей міндеттерді орындайды:

—         жасөспірімдер істері және олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссияның хатшысы;

—         өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының  «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңын,   Қазақстан Республикасының  «Неке және отбасы туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативті құқықтық актілерін басшылыққа алады;

—         ішкі саясат бөлімі, қалалық білім бөлімі басшыларына тапсырмалар мен әдістемелік ұсыныстар береді;

—         жасөспірімдердің ақысыз білім алуға құқықтарын жүзеге асырады;

—         құзырындағы сұрақтар бойынша қала әкімі және қала әкімдігінің нормативті құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді;

—         қала әкімі аппараты басшысының, қала әкімі орынбасарларының, бөлім бастығының тапсырмаларын орындайды;

Қала әкімі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени дамыту мониторингі бөлімінің бас маманы  келесідей міндеттерді орындайды:

—         қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат комиссиясының хатшысы;

—         мақсаты мемлекеттің гендерлік саясатын жүргізу болып табылатын 2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының гендерлік теңдік Стратегиясының жүзеге асыруға қатысады;

—         «Күміс алқа», «Алтын алқа» мемлекеттік наградалармен көп балалы аналарды наградтауға облыс әкіміне ұсыныс енгізеді;

—         құзырындағы сұрақтар бойынша тұрақты комиссия отырыстарына қатысады;

—         құзырындағы сұрақтар бойынша қала әкімі және қала әкімдігінің нормативті құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді;

—         қала әкімі аппараты басшысының, қала әкімі орынбасарларының, бөлім бастығының тапсырмаларын орындайды;

Қала әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы келесі міндеттерді атқарады:

— мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке өтуімен байланысты қала әкімінің нормативтік-құқықтық актілерін рәсімдейді;

— арнайы тексеруден өту бойынша құжаттарды рәсімдейді;

— мемлекеттік қызметшілердің заңмен бекітілген шектеулерді қабылдауы туралы келісімін жазбаша түрде тіркеу (өзіне қойылған шектеулерді бұзған жағдайда туындайтын құқықтық салдарлар туралы ескерте отырып);

— мемлекеттік қызметке келуімен байланысты шектеулердің сақталуын қадағалайды;

— уәкілетті органға ұсыну үшін бос лауазымдардың тізімін, бос лауазымдар бойынша сұраныстарды және басқа да қажетті ақпаратты дайындайды;

— жұмыс уақытын есептеу табелін жүргізеді;

— қала әкімі аппараты қызметкерлерінің еңбек демалыстарының кестесін құрады;

— Парламентке, жергілікті өкілетті орандарға сайлауларды ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету және референдумдар өткізу бойынша құжаттар дайындайды, олардың орындалуына бақылау жасайды;

— жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыстар жүргізеді;

— қала әкімінің аппаратындағы қолданыстағы нұсқаулықтар мен нормативтік-құқытық актілермен бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді орындалуын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ бас маман қызметшілердің жеке істерін жүргізеді, мемлекеттік қызметшілердің еңбек кітапшаларына (қызметтерде болғаны жөнінде мәліметтер бар тізімге) қажетті жазбалар енгізеді, мемлекеттік қызметшілерге олардың құқықтық жағдайы туралы кеңес береді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыстар жүргізеді және қала әкімінің, әкімдігінің және қала әкімі аппараты басшысының нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын жасауға қатысады.

Жалпы жұмыс барысында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікпен және мемлекеттік органдармен әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың біліктілік талаптарын жетілдіру сұрақтары бойынша өзара қарым-қатынас жасап, мемлекеттік қызмет кадрларының аттестациядан өтуі бойынша материалдар дайындайды.

Белгіленген жоспарға сәйкес Парламентке, жергілікті өкілетті орандарға сайлауларды ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету және референдумдар өткізу бойынша құжаттар дайындайды, олардың орындалуына бақылау жасайды, мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауын ұйымдастырып, қала әкімінің аппаратындағы қолданыстағы нұсқаулықтар мен нормативтік-құқытық актілермен бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді орындалуын қамтамасыз етеді.

Және де бұл қызметтер өз кезегінде қала әкімінің, әкімдігінің және қала әкімі аппараты басшысының нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын жасауға, қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде, қалалық мемлекеттік мекемелерде, селолық округтерде орындаушылық тәртіпті жетілдіру бойынша әдістемелік көмек көрсету міндеттерін қамтиды.
Тағы рефераттар