Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы бойынша  қаржыландыру шаралары туралы қазақша реферат

Мемлекет  және   қоғам  өміріндегі  әлеуметтік   қамсыздандыру   маңызы  орын  алады. Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  28-бабына  сәйкес: азаматына   жалақы мен  зейнетақының  ең төменгі   мөлшерін   алуға   жасына қарай,  науқастанған,  мүгедек болған,  асыраушысынан   айрылған  жағдайда және   өзге де   заңды негіздерде   әлеуметтік   қамсыздандыруға   кепілдік   беріледі», – деп  аталып  көрсетілген.

Ең бастысы  мемлекет   және   қоғамның   дамуына  қарай  халықты   әлеуметтік   қорғаудың   түрлері,  бағыттары да  өзгертіп, дамып отырады және қоғам  тарапынан азаматтардың   белгілі бір санаттарына  материалдық  көмек көрсетуде  өзгереді. Бірақ,  материалдық көмект і  мемлекет тарапынан алу үшін  заңда көрсетілген, белгіленген шартар сақталуы, орындалуы тиіс. Әлеуметтік қамсыздандыру – бұл халықты әлеуметтік қорғаудың   бір бағыты болып табылады. Сондықтан да,  осы уақытқа дейін әлеуметтік   қамсыздандыру   екі тұрғыдан,  бағыттан қаралып келеді. Біріншісі, бұл экономикалық көзқарас – яғни азаматтарға   көрсетілген   материалдық  көмектің   барлығы   мемлекет   тарапынан  белгіледі және материалдық  төлемдер   қоғамның   дамуымен   байланысты   болғандығын  атап  көрсетеді.

Екіншісі,  құқықтық көзқарас – яғни,  азаматтарға  көрсетілетін   материалдық   төлемдер   заңда белгіленген,   көрсетілген   фактілер  әлеуметтік  қауіп  пайда болған кезде, азаматтардың  белгілі бір  санаттарына  ғана  берілетіндігін атап  көрсетеді.

27 маусым  2001 жылы Қазақстан республикасы   Үкіметінің  Қаулысымен «Қазақстан Республикасында  халықты әлеуметтік қорғау» тұжырымдамасы қабылданды. Осы тұжырымдамаға сәйкес   және халықаралық тәжірибелерді   пайдалана отырып  азаматтарды әлеуметтік   қорғау саласында   негізгі бағыттары   және жүйесі мынадай:

ақы төленетін еңбекті көтермелеу;

әлеуметтік қауіптің алдын алу   және әлеуметтік   сақтандырудың   механизі арқылы өтемақы төлеу.

Әлеуметтік  қорғаудың  жүйелік өрсетікштері әр мемлекеттің   экономикасының дамуымен   апнықталады. Қазіргі кезеңде   Қазақстан Республикасында  азаматтарды әлеуметтік   қорғау жүйесі   мынадай   негізгі   бағыттарды   біріктіреді:

А) жинақтаушы зейнетақы  жүйесі;

ә) мемлекеттік жәрдемақы;

б) мемлекеттік   әлеуметтік  сақтандыру;

в) әлеуметтік көмек.

Әлеуметтік  қорғау бұл өте кең сала  және жүйе  болып  табылады, көптеген мәселелерді қамтиды. Әлеуметтік қорғау дегеніміз  – азаматтарды   белгілі бір тұрмыстың   деңгейцінде, белгілі бір жағдайларға   байланысты еңбекке   қатыса алмайтын  тұлғаларды   заңда көрсетілген   әлеуметтік  қауіп  пайда болған  кезед  мемлекет   тарапынан   материалдық   көмек көрсету   арқылы  қолдау.

Қазіргі кезеңде  әлеуметтік   қорғаудың   маңызды  бағыттарының  бірі бқұл – азаматтарды   әлеуметтік  қамсыздандыру. Әлеуметтік қамсыздандыру түсінігін талқылауда   іртүрлі   көзқарастар   қалыптасты.  Бұл көзқарастарды да   үлкен   екі топқа   жіктеуге болады. тОлар әлеуметтік   қамсыздандыруды  «кең»  және «тар» деген  мағынада қарастырды. Мысалы, В.С.Андреев  былай деп жазады: «социальное   обеспечение  – это  совокупность определенных  социально-экономических  мероприятий, связанных  с   обеспечением  граждан   в  старости и при нетрудоспособности,  с заботой   о матери  и детях, с  медицинским  обслуживанием  и  лечением  как  важнейшими средстами оздоровлеия, профилактики и восстановления  трудоспособности»1.

Ал,  әлеуметтік   қамсыздандыру   «тар» мағынада қарастырушылардың   өкілдері,  мысалы, В.Ш.Шайхатдинов  әлеуметтік қамсызданрыуды тек қана зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік   қызмет   етумен, төлеумен шектейді.

Әлеуметтік   қамсыздандыру   құқығы жеке   құқық  саласы ретінде   басқа   құқық  салалары  сияқты  өзіне тән пәні, әдісі болады. Әлеуметтік   қамсызданрыудың   құқығының  пәні мен әдісін   талдамас  бұрын,  осы саланың  өзіне тән белгілерін анықтауымыз қажет.  Біздің   ойымызша,  ол белгілер мынадай:

1.  Әлеуметтік қамсыздандыру   құқығының субъектілері. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының  субъектілері   барлық жағдайларда   әлеуметтік қауіптің   ерекшеліктерімен айқындалады.

2.  Әлеуметтік қамсыздандыруды   беру шарттары. Азаматтарға әлеуметтік   қамсыздандыруды   беру ең  алдымен  әлеуметтік қауіппен  тығыз байланысты болады.Әлеуметтік қауіп – белгілі бір заңи  фактілер,   оның ішінде оқиғамен  тығыз  байланысты болады.

3.  Әлеуметтік қамсыздандыруды   беру мақсаттары. Азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру мақсаты  бұл  мемлекеттің   даму кезеңіндегі   әлеуметтік  саясатты  жүзеге  асыруы. Қазіргі  кезеңде   әлеуметтік   саясат  азаматтардың  күнкөріс  деңгейін,  зейнетақы  мөлшерін  көбейту, жинақтаушы зейнетақы қорларын   дамыту  жәнен т.б.

4.  Әлеуметтік   қамсыздандыруды   қаржыландыру   көздері. Қазіргі уақытта әлеуметтік   қамсыздандыруды   қаржыландыру әртүрлі  көздерден – мемлекеттік  бюджеттен,  жергілікті  бюждеттен   және т.б. көздерден   қаржыландырылады.

5. Әлеуметтік   қамсыздандыру   құқығының   өзін тән белгілерінің  ішінде   біздің   ойымызша   материалдық төлемдерді анықтау, тағайындау,  есептеу   және төлеу   белгілерін  атап көрсеткеніміз  дұрыс. Жалпы  әлеуметтік   қамсыздандыру құқығының  ілімі   бойынша   есептеу – халықты   әлеуметтік  қорғау   саласындағы  орталық   атқару   орган   анықтайтын тәртіппен  анықталып   азаматтардың   жұмыс  істеген  еңбек  стажымен,  (өтемімен), жалақысымен, жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған  қаражатымен  тығыз байланыста   болады. Материалдық  төлемдерді   тағайындау  – азаматтардың   арызы   арқылы   материалдық   төлемдерді   тағайындау үшін қажетті   құжаттармен  анықталады  және   белгіленген  тәртіппен жүзеге   асырылады.

Материалдық төлемдерді   төлеу – заңда көрсетілген  тәртіппен  жүзеге асырылып,  тек қана белгіленген  әлеуметтік   қауіп   қана   үшін беріледі.

Жоғарыда көрсетілген белгілерді   тұжырымдай келе   әлеуметтік қамсыздандыру   құқығы дегеніміз – азаматтарды   әлеуметтік қорғаудың   нысаны,  заңда көрсетілген әлеуметтік қауіп пайда   болған   кезде азаматтарға   материалдық төлемдерді   белгілі бір қорлардан    есептеу,  тағайындау және төлеу.

Ал,  «тар» мағынада   әлеуметтік   қамсыздандыру   құқығы  дегеніміз – азаматтарды белгілі бір әлеуметтік   қауіп пайда   болған кезде   материалдық   төлемдермен қамтамасыз ету.

Әлеуметтікқ амсыздандыру   құқығының  пәні – азаматтарға  мемлекет тарапынан   кепілдік    берілген  зейнетақы,  жәрдемақы және   т.б.   материалдық төлемдердің   тағайындалуын, есептелуін және   төлеу тәртібін , жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтық мәртебесін,  салушылар мен алушылардың   құқықтары мен  міндеттерін   анықтайтын,  жеке тұлғалар мен уәкілетті   органдар арасында   пайда болатын   қоғамдық   қатынастарды   реттейтін   дербес құқықтық сала
Тағы рефераттар