Әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасында экономикалық реформалар басынан бастап әлеуметтік бағдардағы реттелетін Ұлттық нарық жүйесін құруға бағытталған. Экономика дамуының әлеуметтік бағыттылығының бір көрінісі болып елдің қаржы ресурстарын орталықтандыру мен қайта бөлісі табылады. Осының салдарынан мемлекет, әр түрлі механизмдерді пайдалана отырып, нақты мұқтажды азаматтарға жәрдемақы төлеу арқылы адрестік әлеуметтік көмек көрсетеді. Мысалы, 2005 жылы әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламаларды қаржыландыруға арналған республикалық бюджеттің шығындар көлемі ішкі жалпы өнім құнына шаққандағы деңгейі 4,4%-ға жетті.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мазмұнын оның әлеуметтік көмек көрсету мен әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі барлық іс-әрекет қосындысы қалыптастырады. Әлеуметтік саясаттың маңызы мемлекеттің нақты әлеуметтік функцияларын іске асыруда көріністі болады.

Әлеуметтік экономиканы мемекеттің барлық экономикасының дамуынан бөлек қарастыруға мүмкін емес, себебі әлеуметтік саланың іс-әрекетте болуының басты шарты – ол бұл саланы қаржылық қамтамасыз ету. Әлеуметтік саланы қаржыландыруды нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлі жөніндегі мәселелермен бірге қарастыру қажет, себебі экономикалық реформаларда мемлекет пен нарықтың әсер салаларын шектеудің өте маңызды мәні бар. Мемлекеттік араласу ауқымдары нақты елге тән ерекшеліктер, дәстүрлер және әлем экономикасының бүгінгі дамуымен анықталады.

Шаруашылықты жүргізудің нарықтық механизімінің объективтік кемшіліктерін жеңу үшін қажетті экономиканы мемлекеттік реттеу формалары мен мемлекеттің араласу ауқымдары түрлі болуы мүмкін.

Мемлекеттің араласудың барлық формалары басқа іс-әрекет түрлерімен қоса бөліп және қайта бөліп тұратын іс-әрекетте түрі арқылы іске асырылады. Ал бұл іс-әрекет көбінесе мемлекеттік бюджет арқылы көріністе болғандықтан мемлекеттің  әлеуметтік саясаты іске асыру негізі бюджет болады. Сондықтан, мемлекеттің өз әлеуметтік функцияларын қамтамысыз ету шығындары республикалық және жергілікті бюджет құралады арқылы әрекеттенеді.

Демек, халыққа көрсететін әлеуметтік қызметтер деңгейі бюджеттің қалыптасуы мен атқаруына байланысты, ал өз алдына әлеуметтік салаға жұмсалатын бюджеттік құралдар деңгейі, олардың алға қойылатын мақсаттарды тиімді атқару қабілеттілігі маңыздылық шамада мемлекеттің бюджеттік саясатының жалпы принциптеріне әсерлі [18].

Қазақстан Републикасы азаматтарының зейнетақылық қамтамасыз етуге құқықтары бар. Бұл аумақтағы мемлекеттің саясаты ҚР Конституциясына негізделеді және «Зейнеттік қамтамасыз ету жөнінде» атты Заңмен реттеледі. Осы Заңға сәйкестік 1998 жылдан бастап Қазақстанда зейнеттік қамтамасыз етудің сол уақытқа дейін әрекетте болған ынтымақтық жүйенің орнына жинақтаушы жүйесі енгізілді. Бұл Заңмен тағы бір тағайындалған шарт – ол 1998 жылдың сәуір айының 1 жұлдызына дейін зейнетке шыққан азаматтарға мемлекет зейнеттік қамтамасыз етуді кепіл етеді. Бюджет құралдары арқылы зейнеттік қамтамасыз етуге құқықтары бар азаматтарға зейнетақы республикалық бюджет құралдарынан төленеді.

Зейнетақы төлемдері жөніндегі уәкілетті орган ретінде мемлекеттік кәсіпорын формасында құрылған зейнетақы төлемдер жөніндегі орталық болады. Бұл Орталық келесі функцияларды орындайды:

  • зейнетақымен қамтамасыз етуге құқықтары бар азаматтарға республикалық бюджет құралдары арқылы зейнетақы төлеу;
  • азаматтарға әлеуметтік жеке кодтар иелену;
  • міндетті зейнетақылық жарналардың кейіптеулік есебі:
  • міндетті зейнетақылық жарналарды агенттерден жиынтық зейнеттік қорларға аудару;
  • мемлекет алдында салықтық міндеттемелер атқаруға бақылауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы органға агенттердің тізілімдемелері мен төлемді құжаттарын ұсыну.

Осы Орталық жаңа зейнеттік жүйе енгізу барысында зейнетақылық төлемдерді категориялар бойнша келесі тәртіппен тағайындады:

а) 1990 ж. 1 қаңтарға дейін зейнетақы алатын азаматтарға;

ә) зейнеттік жасқа жеткен азаматтарға;

  • 1998 ж. 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толған ер адамдарға, 56 жасқа толған әйелдерге;
  • 1998 ж. 1 шілдеден бастап 61,5 жасқа толған ер адамдарға, 56,5 жасқа толған әйелдерге;
  • 1999 ж. 1 шілдеден бастап 62 жысқа толған ер адамдарға, 57 жасқа толған әйелдерге;
  • 2000 ж. 1 шілдеден бастап 62,5 жасқа толған ер адамдарға, 57,5 жасқа толған әйелдерген;
  • 2001 ж. 1 шілдеден бастап 63 жасқа толған ер адамдарға, 58 жасқа толған әйелдерге.

Орталық азаматтың жас шамасына байланысты зейнетақылық төлемдерді ер адамдардың еңбек стажы 25 жылдан және әйелдердің еңбек стажы 20 жылдан болған шартта оларға толық көлемінде зейнетақы тағайындалады, ал толық емес көлеміндегі зейнеттік төлемдер нормативтік актілерге белгілеген тәртіппен есептелед. Зейнетақылық төлемдер өмір бойы төленеді. Егерде зейнетақы алуға қайтыс болса, онда оның жанұясына орталықтан мезгілді 15 айлық есептемелік көрсеткіш мөлшерінде төлем беріледі.

Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қорғау. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар. Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар. Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде жәрдемақылар маңызды орын алады. Республика азаматтары мүгедектікке байланысты, асыраушы адамнан айрылып қалу орайда және жас шамасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ мемлекеттік адрестік әлеуметтік жәрдем алуға құқықтары бар. Жәрдемақы төлемдері республикалық бюджет құралдары арқылы іске асырылады, тек қана мемлекеттік адрестік әлеуметтік жәрдем төлемдері жергілікті бюджеттер құралдарынан төленеді.

Республикалық маңызы бар қалалар, астана және аудан бюджеттер құралдары арқылы әлеуметтік жәрдем мен әлеуметтік қамтамасыз ету көрсетіледі, яғни келесілер:

  • баспаналық жәрдем көрсету жөніндегі төлемдер;
  • мұқтаж азаматтарға үйлерінде әлеуметтік жәрдем;
  • анықталған мекен-жайы жоқ тұлғаларды әлеуметтік икемделу;
  • ата-анасыз қалған балалар және жетімдерге, мүгедектер мен қаряиларды әлеуметтік қамтамасыз ету;
  • халықты еңбекпен қамтамасыз ету;
  • жергілікті өкілдік органдарының шешімі бойынша азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік жәрдем жасау.

Облыстық бюджет құралдары арқылы ата-анасыз қалған балалар мен жетімдерге, мүгедектер мен қарияларға әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі төлемдер іске асырылады.

Жәрдемақы тағайындау жөніндегі белгіленген құжаттар қосымша өтініш жәрдемақыға құқы бар тұлғаның тұрған жерінде жергілікті халықты әлеуметтік қорғау органына ұсынылады. Жас шамасы бойынша жәрдемақы өтініш берген күннен бастап тағайындалады. Асыраушы адамнан айрылып қалуына байланысты жәрдемақы. Осы Жәрдемақыны алуға марқұмның асырауында болған жанұясының мүгедек мүшелерінің құқы бар.

Мүгедектік бойынша жәрдемақы тұлғаның мүгедектігі жұмыс істегеніне немесе істемегеніне, жұмыс уақытында немесе жұмыстан кейін болғанынан қарамастан мүгедектік анықталған күннен бастап тағайындалады. Бұл жәрдемақыға құқықтары барлар келесі мүгедектер:

  • жедел қызметтегі әскери қызметкерлер санынан;
  • ішкі істер органдарының басқарушы және қатардағы әскери қызметкерлер санынан;
  • жарақаттан кейін мүгедек болған әскери қызметкерлер санынан;
  • төтенше экологиялық жағдайдан кейінгі мүгедектер.

Мемлекеттік арнайы жәрдемақы – ол азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған ақшалай төлемдер. Осы жәрдемақы жөніндегі арнайы Заңға сәйкес ай сайын республикалық бюджет құралдары арқылы және алатын еңбекақыға  тәуелсіз төленеді. Бұл жәрдемақы алу құқық 1998 ж 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан азаматтарға берілмейді. Жәрдемақы мөлшері 8 айлық есептемелік көрсеткіш көлемінде тағайындалады және зейнетақы төлем жөніндегі Мемлекеттік орталықпен төленеді.

2005 жылдан бастап «Міндетті әлеуметтік сақтық жөнінде» атты Қазақстан Республикасының Заңы қолданады. Бұл Заңда азаматтарды әлеуметтік қорғаудың бір формасы ретінде міндетті әлеуметтік сақтықтың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздері белгіленеді және ол мемлекет, жұмыс беруші мен жұмыскер араларындағы әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілікті бөлу жүйесін құрудың нормативтік базасы ретінде іске асырылады.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры

Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам формасында құрылады. Олар уәкілетті органның келісімімен өз филиалдарын ашуға құқы бар. Міндетті зейнетақы жарна төлеу үшін жинақтаушы тек бір қорды таңдауға және сол қормен зейнетақылық қамтамасыз ету жөнінде келісімшарт пайымдауға міндетті. Жинақтаушы зейнетақы қорға міндетті жарна төлеуден зейнеттік жасқа жеткен тұлғалар босатылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларға төленетін міндетті зейнетақы жарналары жұмыскердің төлем көзінен ұсталынатын ай сайынғы табысының 10 пайыз мөлшерінде тағайындалған. Бұл міндетті зейнетақы жарнасын есептеу үшін пайдаланатын ай сайынғы табыс көлемі республикалық бюджетте тиісті жылға тағайындалған минималды айлық еңбекақының 75-реттік көлемінен аспауға тиіс. Міндетті зейнетақы жарналар есебінің тәртібі мен мерзімі, есептеуі мен есепшотқа аударуы Республика Үкіметімен белгіленеді.

Жинақтаушы зейнетақы қорлар ашық және корпорациялық түрде болуы мүмкін. Ашық қорлар салымшылардан зейнетақы жарнамаларды қабылдауды алушының жұмыс орны мен мекен-жайынан тәуелсіз іске асырады. Корпорациялық жинақтаушы зейнетақы қоры осы қордың құрылтайшысы және акционері болатын бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың алушы-жұмыскерлері үшін құрылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорлардың құқы бар:

  • зейнетақы жарналарды жинауды іске асыруға;
  • өз іс-әрекеттері үшін комиссиондық сыйақы алуға;
  • уәкілетті орган берген лицензия негізінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөнінде дербес іс-әрекеттін іске асыруға;
  • зейнеттік  қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөнінде жинақтшының мүдделерін қорғауға;
  • зейнетақылық келісімшарт шарттарына сәйкес басқа да құқықтарды іске асыруға.

Жинақтаушы зейнетақы қорлар міндетті:

  • белгіленген тәртіппен алушыларға зейнетақы төлемдерін жасауды;
  • зейнетақы қорландыру мен төлемдердің жеке есебін іске асыруды;
  • жылына бір рет және салымшы мен алушының сұрауымен оларға зейнетақы қорландыру ахуалды жөнінде ақпарат беруді;
  • алушының зейнетақы қорландыру ахуалды жөніндегі ақпараттарға құпиялылықты қамтамасыз етуді;
  • заңнамаларға сәйкес зейнетақы жөніндегі заңның ережелері мен зейнетақы жөніндегі келісімшарт шарттарын бұзған үшін жауапкершілікті болуға;
  • салымшы-алушының зейнетақы қорландыруларын бір қордан басқа қорға немесе сақтық ұйымға ауыстыруды;
  • жинақтаушы қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөнінде лицензиясы болмаған орайда сондай іс-әрекетті атқаратын ұйыммен келісімшарт пайымдауға;
  • міндетті зейнетақы жарнамалар есебінен зейнеттік қамтамасыз ету жөнінде салымшымен келісімшарт пайымдауға;
  • жинақтаушы зейнетақы қормен келісімшарт пайымдаған азаматтарға тең шарттар қамтамасыз етуді;
  • әрбір жеке тұлғамен пайымдалған зейнеттік қамтамасыз ету жөніндегі келісімшартқа кепіл қамтамасыз етуді;
  • бұқаралық ақпарат құралдарына өз іс-әрекеттері жөніндегі заңнамалармен тыйым салынбаған ақпараттарды жариялауды.

Салымшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатымен жинақтаушы зейнетақы қорларға тыйым салынады:

  • өндірістік іс-әрекет;
  • уәкілетті орган белгілегеннен басқа мүлік алып-сатуды іске асыру;
  • сақтық іс-әрекет;
  • зейнетақы активтерін кепілге беру;
  • акциялардан басқа құнды қағаз шығару.

Міндетті зейнетақы жарнамаларды салымшылар мен жинақтаушы зейнетақы қордан зейнетақы төлемдерін алушылардың құқықтары:

  • міндетті зейнетақы жарналар арқылы зейнеттік қамтамасыз ету жөнінде келісімшарт жасау үшін жинақтаушы зейнетақы қорды таңдау;
  • жинақтаушы зейнетақы қор құрылтайшылары, зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды іске асыратын ұйым және банк-катодиан жөнінде уәкілетті орган белгілеген көлемде ақпарат алу;
  • зейнетақы қорландыру ахуалды жөнінде ақпарат алу;
  • жинақтаушы зейнетақы қордың әрекеттерін сотта шағым қылу;
  • өз зейнетақы қорландыруларын жылына екі рет бір жинақтаушы қордан басқа қорға және сақтық ұйымға ауыстыру;
  • жинақтаушы зейнетақы қордан зейнетақы төлемдерді алу;
  • өз зейнетақы қорландыруларын заңнамаларға сәйкес өсиет етіп қалдыру;
  • заңнамалар мен келісімшарт шарттарына сәйкес басқа да құқықтарды іске асыру.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары келесі зейнеттік тәртіптерді тағайындайды:

  • зейнеттік келісімшарттарды өзгерту немесе тоқтату жөні;
  • зейнетақы жарналарын іске асыру мен төлеу шарттары мен жөні;
  • алушылар мен салымшылар алдындағы жинақтаушы зейнетақы қорлардың міндеттемелері бойынша жауапкершілік;
  • зейнетақы қорландыру ахуалды жөнінде мәлімдеу;
  • зейнетақы қорландыруды бір жинақтаушы зейнетақы қордан басқа қорға ауыстыру шарттары;
  • жинақтаушы зейнетақы  қордың, инвестициялық басқаруды іске асыратын ұйымның және банк-кастодианның құрылтайшылары жөнінде салымшыларға мәліметтер беру.
  • Мемлекет «Зейнеттік қамтамасыз ету жөнінде» атты Заңмен белгіленген тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қордағы міндетті зейнетақы жарнамалардың енгізілген көлемінің бүтіндігініне кепіл береді.

Жинақтаушы зейнетақы қоры өз міндеттемелері бойынша алушылар мен салымшылар алдында тек меншікті мүлігімен жауапты. Қорлардың, инвестициялық басқаруды іске асыратын ұйымдардың және банк-кастодианның жауапкершіліктерінің тәртібі мен шарттары заңнамалық актілер және келісімшарттармен анықталады. Жеке зейнетақы шоттағы зейнетақы қорландыру самасының азаюы қордың, ұйымның және банк-кастодианның кінәсі нәтижесінде болса, онда сол сома міндетті түрде қор қаражаттары арқылы толтырылады [19].
Тағы рефераттар