Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы қазақша реферат

Тиімсіз мемлекеттік кәсіпорындарға, сондай-ақ  мемлекеттің қатысуымен кәсіпорындарға жүргізілген талдау келесі жайттардың бетін ашты.

Мемлекеттік меншік жайына келсек. 2005 жылдың қорытындысы  бойынша жұмыс істеп тұрған  республикалық мемлекеттік меншіктің  515 кәсіпорнының 41-і шығынға жол берген. Оның ішінде 22 кәсіпорын ауыл шаруашылығы саласында, атап айтсақ, тәжірибе шаруашылықтары (10), ауылшарушылығының ғылыми-өндірістік орталықтары, су шарушылығы жүйесі қызметі саласындағы кәсіпорындар. 2005 жылғы аталған көрсеткіштерді 2004 жылғы осыған ұқсас көрсеткіштермен салыстыра келе, 2004 жылы ауыл шаруашылығы саласында шығынға жол берген 6 кәсіпорын болғандығы, яғни 16 кәсіпорынға немесе 3,5 есеге өсу байқалады. Түзеу мекемелерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін тауар (жұмыс, қызмет көрсету) өндіру бойынша шаруашылық қызметін жүзеге асыру саласында 2005 жылдың қорытындысы бойынша 5 республикалық мемлекеттік кәсіпорын шығынға ұшыраған. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың көпшілігі қызмет көрсету саласында (білім және ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт т.б) өз қызметін жүзеге асырады. 2004 жылдың қорытындысы бойынша білім беру, трактор жасау, инновациялық қызмет, асыл тұқымды мал шаруашылығы, ауыл шаруашылық машиналарын сынақтан өткізу, логистика, электрэнергетика, банк қызметі, энергетика саласындағы зерттеулермен айналысатын, тиімсіз деп танылған мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер саны – 12.

Коммуналды  меншік турасында айта кетер болсақ. 2004 жылдың қорытындысы бойынша 4255 коммуналды мемлекеттік кәсіпорындардың 208-і тиімсіз деп танылған, негізінен бұған тұрғын үй және коммуналды шаруашылық саласында шаруашылық қызметін жүзеге асыру, жолдар мен көшелерді, инженерлік желілерді, жылумен қамтамасыз ету нысандарын өз қалпында ұстап тұру және абаттандыру, ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау, өңдеу және сату, сауда-коммерциялық және делдалдық қызмет, баспа ісі, елді мекендердің бас жоспарын, жобалық смета құжаттарын дайындау, жалға беру пункттерін құру сияқты қызмет түрлері жатады. Қонақ үй қызметі, шыныпластиктен жасалған балық аулау қайықтарын жасау және сату, жүк вагондарын жөндеу сияқты қызмет түрлерімен айналысатын және тағы бірқатар кәсіпорындар сирек кездеседі. Жолаушылар тасымалы, жөндеу-құрылыс және жинақтау жұмыстары, жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметі, АКК  кәсіпорындарын материалдық-техникалық және өндірістік қамтамасыз ету, тауарларды өндіру және сату, алтын өндіру, үй-жайларды жалға беру, жарнама, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және сату, әуежай қызметін жүзеге асыру, тұрғын үй және коммуналдық салада, астықты сақтау және өңдеу сияқты қызмет түрлерімен айналысатын мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ішінде 30 компания тиімсіз боп табылды. Тиімсіз деп танылған мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қызмет түріне жасалған талдау нәтижесі бойынша, аталған кәсіпорындардың негізінен елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз етуге арналған қызмет түрлерін ұсынуына маманданғандығы көрінеді. Осылайша, кәсіпорынның мүлкін (ғимараттарын, жерін, техникалық құрал-жабдықтарын және т.б.) ӘКК-ның басқа мақсатында пайдалану үшін, немесе ӘКК тарапының бастамасымен кәсіпорынды оңалту мақсатында кейбір мемлекеттік кәсіпорындарды     ӘКК-ның қарамағына беру тиімді болар еді. Бұл жерде аталған ереже табиғи монополия субъектілерін қатысты емес. Сондай-ақ республикалық және коммуналды мекемелерге, республикалық және коммуналды-қазыналық кәсіпорындарға бекітілген мүлік, бағдарлама құжаттарымен қарастырылған қандай да бір міндеттерді атқару үшін құрылған акционерлік қоғам акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік үлестері, сонымен қатар республикалық және коммуналды меншікке қалдырылатын нысандар критериіне сәйкес келмейтін және де жекешелендірілуге немесе шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау ретінде берілуге тиіс нысандар мен жер учаскелері ӘКК қарамағына берілмейді. ӘКК-ға берілетін тиімсіз кәсіпорындарды оңалту мәселелері өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ортамерзімді жоспарында қарастырылған қаржы инвестициясының көлемі шегінде шешілетін болады. Бұл жерде мемлекеттік бюджет қаражаты ғана емес, ӘКК-ның өзі, сонымен қатар «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ-ның қаражаты қаржыландыру көздері бола алады.

Мемлекеттік меншікті тиімді басқаруға қол жеткізу, өңірлік дамуға баса назар аудара отырып, Қазақстанда қалыптасқан  жағдайға мейлінше бейімделген шикізатсыз секторлардың жаңа даму тетіктерін іздестіру  нәтижесінде ӘКК-ны құру идеясы дүниеге  келді. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар – бұл тауарлар мен қызмет түрлерін өндіру және сату жолымен табысқа кенелу мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын экономикалық тұрақты бизнес-құрылымдар. Бұл жерде түскен табыстың бір бөлігі сол өңірдің елді мекендерінің әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени мақсаттарын жүзеге асыруға жұмсалады. ӘКК-ны құру кластерлік даму, ішкі ресурстарды өз бетінше ұйымдастыру және жұмылдыру механизмдерін енгізу жолымен өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Мемлекеттің қатысуымен тұрақты бизнес-құрылымдарды біріктіру өңірдің экономикалық белсенділігіне баса назар аударатын және бәсекеге қабілетті өндірістерді құруға ұйытқы бола алатын ірі өңірлік орталықтар құруға мүмкіндік тудырады.           

Кооперативтердің құрылуы шағын және орта бизнес өндірістері мүшелерінің халықаралық тәжірибесі көрсетеді ,шағын және орта бизнестің маңызды түрде өндірушілік кооперативтік өндірістегі өнімділігін және тұрақты дамуын қамтамасыз етеді . Кооперативтер  шағын және орта бизнес өнімдерін сатуда, біртұтас  «брэндін» құрайды.

Табысты кооперативтер ауыл шаруашылығынан , тамақ өнеркәсібіннен басқа да салалар мен қызмет көрсету аясында  да құрылады.

Бірқатар  кедергілер де кездеседі; өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сонымен қатар, басқару мүмкіндігінің және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өңірлік деңгейде реформаның жеткілікті енгізілмеуімен, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік даму институттары инвестициясына кең көлемде кіру алмауымен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілер тарапынан өздері атқарып отырған  іс әрекеттегі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдаудағы  ынталарының жоқтығымен байланысты.

Қазіргі жағдайда Қазақстан үшін келешегі зоры  экономикалық ұйымдар моделі болып  көрінеді, мамандандырылуға бейімділігі және инновацияға қабілеттілігімен сипатталатын барлық жүйеде ресурстың жұмылдыруына кластерлік көзқарас негізделген. Қордың шоғырландырылуында негізгі механизімдердің бірі өңірлік Әлеуметтік өңдірістік корпорацияның  (ӘӨК) құрылуы болады, ол жеке немесе бірнеше өлкелердің жеке кәсіпкерлік белсенділігін жандандыруға арналған.

Әлем  тәжірибесі көрсеткендей еліміздің  экономикалық дамуы өңірлерде қалыптасқан  өзара бәсекелестікпен тікелей  байланысты.  ӘӨК-ның құрылу мақсаты  өңірлік бизнестің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру, инвестиция тартуда ұйымдастырушылық және экономикалық жағдаймен қамтамасыз ету, сондай-ақ, өңірлерде инновациялық инфрақұрылымдарды дамыту.

Бүгінгі күні мемлекеттік меншіктің бір  бөлігін жеке сектордың басқаруына беру дұрыс саналады, себебі жеке менеджмент және көптеген мемлекет меншігіндегі  инфрақұрылымдық объектілерден капиталды тартудың созылмалы тиімсіздігің жоюға пайдалы болады. Бұл сонымен қатар мемлекеттік бюджетке түскен қысымды азайтады. Осындай саясаттың тиімді бағытының бірі бірнеше ірі өңірлік ӘӨК институттарын дамыту болып қаралады. ӘӨК-ның міндеті (миссиясы) өңірлік экономикалық дамудың мемлекеттік және жеке меншіктік секторының бірігуі, кластерлік жүйе негізінде біріңғай экономикалық нарықты құру. Республикамызда жеке меншік секторының белсенділігінсіз әлеуметтік және экономикалық даму мүмкін емес.

Республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуы  меншікті сектордың белсенді қатысуымен ғана жүзеге асады. Қазір  меншікті құрылымдар аймақты дамыту мәселелерінен алшақ тұра алмайды, себебі олар өздерінің қызметтерін сол аймақта жүргізеді.  Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік жауапкершіліктерін тек табысты инвестициялаумен ғана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті бизнес жүйесін енгізу, пайдасыз өнеркәсіптердің орнына жаңа өндірістер құру және енгізу, мемлекеттік меншікті объектілерін тиімді пайдалану болып табылады.

ӘКК міндеттері:

-Инвестицияларды  және экономика  субъектілерінің  кең ауқымдағы экономикалық үдерістерін  тарту;

— өнімдерді ішкі және сыртқы нарықтарға ілгерілету, табысты тауарларға ұзақ мерзім негізінде тауарларға сұранысты құру;

— қаржылық-тұрақты кәсіпорындармен  тиісті кластерлерді біріктіру  мақсатымен шағын және орта  кәсіпкерлік субъектілерінің арасындағы  байланысты күшейту;

-тиісті  кластерлерді құру, және жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды   кластер етіп біріктіру үшін қажетті жағдай жасау;

-ішкі  және сыртқы нарықта аймақтың  экономикалық беделін арттыру;

— шағын және орта кәсіпкерлігінің  өнімділігін арттыруда жаңа технологиялар  мен  кластерлік өнімділік енгізіп, мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құрып, бәсекеге қабілетті өнім мен технологияны дамыту;

-бизнес-жобалар  базасын қалыптастыру, оны іске  асыру үшін қаржыландыру;

-аймақтың  әлеуметтік дамуына бағытталған  жобаларды дайындап, оларды қаржыландыру.

ӘКК келесі жұмыстарды атқарады:

  • жерлерді ӘКК меншігіне беру, мемлекеттік меншік активтерінің бөліктерін табыс ету бойынша үкімет органдарымен өзара әрекет жасау;
  • ақпараттандыру жұмыстарын өткізу (көрме жұмысы, бизнес-конференция, семинарлар, консалтинг);

-өнімді  халықаралық нарыққа шығару;

-кәсіпорындарда  басқару технологиялары мен жаңа  өнімдерді енгізу, сонымен қатар  халықаралық стандарттар (ИСО,  МСФО және т.б.)

-әлеуметтік  жобаларды дайындау және оны  іске асыруға қатысу;

-инвестицияларды  тарту мақсатымен болашағы зор шетел инвесторларымен, даму институттарымен және басқа да қаржылық ұйымдарымен өзара әрекет жасау;

-болашақта  қаржы бөлуге болатын бизнес-жобалардың  базасын қалыптастыру;

-жеке  отандық және шетел капиталының  қатысуымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру және құру;

-мемлекеттік  кәсіпорындар немесе ұйымдардың  негізінде құрылған жаңа өндірістерді  қайта құру мен қалпына келтіру  бойынша жобаларды іске асыру  мен жетілдіру.

ӘКК алдына қойған мақсаттарға  жету жаңа жұмыс орындарын құру арқылы аймақтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, шағын кәсіпкерлікті дамытуға, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, ішкі нарықты бәсекеге қабілетті өнімдермен қамтамасыз етуге және аймақтың жалпы экономикалық дамуын жақсартуға әсерін тигізеді.

Жергілікті мемлекеттік басқару органдары (әкімдіктер, мәслихаттар) ҚР Президенті алдында аталған аймақта ӘКК құру туралы мәселелерді  облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуына негізделіп қабылданған және дайындалған жоспар бойынша сұрақтар қоя алады. Әр ӘКК  аймақтық даму институты ретінде танылады. Олар игерілмеген жерлер мен бірге мемлекеттік активтерді басқарып, оларды жүзеге асыру үшін инвестициялар тартып, жобалардың бастаушысы болып табылады. ӘКК меншікті, шетелдік және отандық жеке капиталдың қатысуымен болатын бірлескен жобаларды жүзеге асырады.

ӘКК-ның  ұйымдастырушылық-құқықтық формасы  –  акционерлік қоғам болып  табылады.

ҚР  Президентінің шешімімен 2003 жылдың 13 мамырындағы ҚР-ның «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес ҚР-ның  бюджеттік заңнамасы бойынша  ӘКК капитализациясына қаражат бөлінді. СПК-ның алғашқы құрылу кезеңінде жарғылық капиталдар қалыптасады. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» акционерлік қоғамының құрылтайшылары болып: ҚР-ның үкіметі (қаржылық, республикалық меншіктік объектілер); облыс әкімдіктері, Алматы, Астана қалалары (қаражат, меншікті коммуналдық объектілер); «Қазына» тұрақты даму  акционерлік қоғамы. Екінші кезеңде ӘКК ацияларын қосымша эмиссиясын бағалы қағаздарды нарықта орнату және ӘКК мемлекеттік акция пакетін жеке шаруаланған субъектілерге сату жоспарланған. Дегенмен бастапқы кезеңде жарғылық капитал мен қаржы ресурстарын жұмсау керек болады. ӘКК акционерлері болып ҚР-ның заңнамасына сәйкес ҚР-ның үкіметі, облыс әкімдіктері, Алматы, Астана қалалары (қаражат, меншікті коммуналдық объектілер); «Қазына» тұрақты даму  акционерлік қоғамы болады. Болашақта ӘКК-ның тұрақты даму жағдайында олар қор нарығына шығуға мүмкіндік алады.

Мемлекеттік республикалық және коммуналдық  меншік объектілерінің кейбірлері, жерлер,  жаңа өндірістерді құруға пайдалануға болатын пайдасыз мемлекеттік кәсіпорындар ӘКК-ның меншігіне беріледі.  ӘКК-ның жұмысында пайдалануға болатын активтерді ғана беру маңызды аспекті болып табылады.

Мемлекеттік меншіктегі  активтерді ӘКК-ға берудің мақсаты  — ӘКК-ның  коммерциялық жұмысында тиімді пайдалану. ӘКК-ның қызметі өндірістік байланысқа теңеліп, жаңа жобаларды жүзеге асыру мен инвестицияларды тартуға бағытталған болу керек.

Осылайша ӘКК  аймақтағы жобаларды іске асыру  үшін қаржылық, техникалық және басқару  ресурстарын шоғырландырады. сонымен қатар ӘКК қызметінің негізгі бағыттарының бірі — ішкі экономикалық байланыстарды жүзеге асыру.

ҚР-ның үкіметі  мен ӘКК арасындағы өзара байланыс Арнайы кеңес арқылы іске асады. Экономика  мен бюджетті жоспарлау министрлігінің бірінші басшыларынан, сауда және индустрия, ҚР-ның қаржы жүйесінен және басқа да орталықтандырылған атқарушы органдардан, арнайы кеңес мүшелерінен, мемлекеттік холдингерден құралған арнайы кеңес ӘКК-ның даму жоспарын жүзеге асыру механизмдері мен негізгі міндеттерді ұсынумен айналысады. ӘКК-ның басқару органының құрамын анықтаумен (Директорлар кеңесі, орталық жиналыс) шұғылданады. ӘКК-ның басқару органрдары АҚ-дар жұмыстарын ҚР-ның заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Сонымен қатар ӘКК қызметінің қаржылы-шаруашылық жоспарын бекіту және оны орындау туралы есеп жүргізумен де айналысады. ӘКК алдына қойылған міндеттерді шешу үшін кең ауқымды салалық білімі бар басқару жүйесінде теориялық білімімен қатар практикалық тәжірибесі бар жоғары білікті мамандардан, осы заманға сай менеджерлерден құралған басқару органын қалыптастыру қажет. ӘКК басқару жүйесін халықаралық іздеу нәтижесі бойынша Қазақстандық және шетелдік басқару компанияларынан қалыптастырған дұрыс. ӘКК-ны басқару саясатының негізгі бағыттарының бірі — ӘКК-ның ішкі экономикалық байланыстарын ретке келтіру, шетелдік инвестициялар тарту, Қазақстан аймақтарын шетелдегі имиджін жоғарылату, жаңа технологиялар мен халықаралық стандарттарды енгізу, бірлескен менеджмент тиімділігін арттыру болып табылады. ӘКК қызметін үйлестіруді арнайы кеңес жүзеге асырады. Мұнымен қоса ӘКК орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттестікте болады.  өз кезегінде тиісті орталық мемлекет және жергілікті өкілетті органдармен ӘКК-ға берілуге тиіс республикалық және коммуналдық меншік объектілерінің тізімі жасалады. ӘКК қызметін ынталандырудың бір құралы болып ӘКК арасында конкурстық негізде бизнес-жобаларды жүзеге асыруды көздейтін ұлттық даму институттарымен мемлекеттік гранттар бөлу.

Директорлар кеңесінен құралған аймақаралық  консультациялық-кеңесші орган мен әр ӘКК аймағынан басқарушылар құралуы мүмкін.  Шағын бизнеске ӘКК жобаларын ендіру арқылы аймақтағы экономиканы және жаңа өндірістерді дамыту қажет. ӘКК-ның шаруашылық жұмысы жаңа жобалар туралы ақпарат жинаумен ерекшеленді. Қоғамдық ұйымдарға ӘКК инвестициялары бағыттарының артықшылықтарын  анықтау кезінде, сонымен қатар нақты жобаларды дайындау кезінде тартыла алады. Қоғамдық ұйымдардың бұл кезеңдерге қатысуының мақсаты -аталған аймақ тұрғындарының мүдделерін есепке алу. ӘКК аясында жаңа өнімдерді шығару үшін ӘКК-ның меншікті сауда үйлерін, сонымен қатар көрме жұмыстарын, консалтингтердің, оқыту және т.б. құру көзделіп отыр. ӘКК-ның жұмысы ӘКК-ның инфрақұрылымын дамыту үшін табыс көзін алу, коммерциялық жобаларды қаржыландыру, әлеуметтік жобаларды (білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт және т.б.) құру және оны іске асыру.   Бұл аймақтың әлеуметтік даму үдерісінде маңызды фактор болары анық. Концепцияны практикалық іске асыру үдерісінде ӘКК құрылымы жұмысының барысында пайда болатын өзекті мәселелерді талдауды өткізу және заң шығару жүйесін (соның ішінде әкімшілік, жергілікті өзін-өзі басқару және бюджет қатынастары) жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.

Энергетикалық емес және тиімсіз секторларда жаңа нарықты  дамыту сияқты, қорғалған сауда маркасы бар өнімдерді жасау және интеллектуалдық меншік құқықтарын, ферма шараушылығын дамыту, кәсіпкерліктің өнімін  ішкі және сыртқы нарыққа шығару сияқты міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді.

Сонымен қатар ӘКК кәсіпкерлік өнімдерін сатып алушы ретінде танылады және келесі міндеттерді атқара отыра кластер менеджері болады:

-кәсіпкерліктің  шағын және орта кәсіпорындардың  өнімдерін сатып алу және жаңа  технологияларды басқару жүйесі  мен өндіріске енгізу, инновацияларды енгізуге ынталандыру;

-ауыл  шаруашылық өнімдерін тамақ тауарларына  жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға  енгізу, қайта өңдеу үдерістерін  ұйымдастыру және өнімді қайта  өңдеу қауіпсіздігінің халықаралық  стандарттарын енгізу;

-өнімдерді  біртұтас брэнд негізінде ішкі және сыртқы нарыққа шығару және маркетинг;

-ӘКК-ның  меншікті сауда үйлерін құруда  ӘКК-ның аясында дайындалған өнімдерді  іске асыру.
Тағы рефераттар