Әлихан Бөкейханов туралы қазақша реферат

Әлихан Бөкейхановтың өмiрi мен қызметi туралы алғашғы зерттеулер қатарына, Қазан төңкерісiне дейiнгi мерзiмдi баспасөзде жарияланған бiрлi-жарым мақалаларды жатғызуға болады.

Кеңес үкiметi тұсында барлық ұлттық қозғалыстар қайраткерлерi сияқты әлихан Бөкейханов туралы да, тарихи шындық түрғысынан арнайы зерттеу жүргiзуге тиым салына бастады. Жазылу мерзiмi азамат соғысы аяқталысымен басталып, 20-жылдардың ортасына дейiнгi аралықты қамтитын еңбектердің (естелiктер, партияның баспасөздегi мақалалар, арнайы зерттеулер) бiрсыпырасы, кейiнгi жылдарға қарағанда бiршама обьективтi жазылған болатын. Мұнда әлихан Бөкейханов қатысқан қозғалысқа, үкiмет билiгiн қолына алғанына әлi көп уақыт бола қоймаған большевиктiк билiктiң және осы тәртiпке қызмет етуге шешiм қабылдаған ұлт зиялыларының алғашғы саяси бағалары берiлген. Бұлардың iшiндегi ең маңыздысы, әрине Алаш қозғалысының көрнектi жетекшiлерiнің бiрi – Ахмет Байтүрсыновтың “Революция және қырғыздар” атты мақаласы болды. Мұнда М.Тынышбаев, әлихан Бөкейханов сияқты патша заманынан бастап, отарлық билiкке қарсы күресiп, қазақтың ұлттық саясатына жетекшiлiгiн жасаған қазақ интеллигенттерi өкiлдерiн атынан, осы қозғалыстың пайда болу себебiн, қазақ халғының 1917 жылғы қос .үшін төңкеріске қатысына, елдi большевиктiк анархиядан құтқару құрылған уақытша Алашорда Үкіметiне, бұл Үкіметтiң азамат соғысы жылдарындағы қызметiне, бiрiн-бiрi алмастырып, билiкке таласқан орыс Үкіметтерi мен Уақытша Сiбiр үкiметi, Құрылтай жиналысы мүшелерi комитетi, адмирал А.В.Колчак Үкіметi және т.б. байланысы бар. Алаш қайраткерлерiне 20-жылдардың соңынан бастап төнген қатер және сталиндiк ойлау жүйесiнің “Партия тарихының қысқаша курсы” шыққаннан кейiн тарих ғылымында берiк орнығуы, Алаш қозғалысын, жалпы Түркістан өлкесiндегi азаттық Үшін күрестің тарихын жазудың тағдырын шештi. Ендi большевиктiк басылымдарда әлихан Бөкейханов, М.Тынышбаев бастаған қазақ интеллигенциясының бүкіл қызметi реакциялық, бұхара халықтың мүддесiне сатқындық деген тұжырым жасалды.

Алашқайраткерлерiнің тағдырын, әсiресе шет елдерге қоныс аударуға мәжбүр болған алаштықтардың өмiрi мен қызметiн танып-бiлуде Х.Оралтай еңбегінің орны ерекше болды. Сондай-ақ бұл еңбектiң даулы жерлерi де бар. Мәселен, автордың “Алаш” партиясы тарихын 1905 жылдан бастауымен, “Қазақ” газетiмен бiрге “Айқап”, “Қазақстан” басылымдарын осы ұйымның органына жатғызуымен келiсу қиын. Х.Оралтай “Алаш – Түркістан түркiлерiнің ұлттық-азаттық үшін күресiнің ұраны болды”. Бұл басылымдардың ұлт-азаттық қозғалыс үнi болғаны рас, бiрақ белгiлi бiр саяси ұйымның органы болды деп айту негiзсiз.

Қазақ демократиялық интеллигенциясының ХХ ғасырдың бас кезiндегi қоғамдық-саяси қызметiн зерттеудегi шын мәнiндегi жаңа кезең 80-жылдардың соңына қарай басталады. Оған жол ашып берген сол кездегi бүкіл Кеңестер Одағын қамтыған қайта құру процесi, соған байланысты тоталитарлық жүйенің құрбаны болған қазақ мәдениетi мен ғалымының көрнектi қайраткерлерiнің шығармашылық мұрасын қайта қарау үшін Қазақстан Коммунистiк партиясы орталық Комитетi жанынан құрылған коммиссияның шешiмдерi де болды. Социалистiк Қазақстан. 1989 ж.ж 26 шiлде т.б. Соның нәтижесiнде, Сталиндiк жазалау құрбаны болған қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасы 1988 жылдан бастап жарық көре бастады. Осы кезеңнен бастап қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметi “дөңгелек столдардың тағырыбына айнала бастады. Социалистiк Қазақстан 1989, 19 шiлде. Қазақстан Коммунисi” журналы. Ақиқат 1991 қараша мен Социалистiк Қазақстан газетi болды. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысының бүгінгi қоғамдық сұранысқа сай зерттеуде М.Қ.Қозыбаев еңбектерiнің орны ерекше. Олар бұл күрделi мәселенi ескi, ұлы державалық мүдде түрғысынан емес, ұлттық ерекшелiктер мен мүддеге, жалпы адамзаттық қасиетке негiзделген жаңа әдiстемелiк және теориялық деңгейде зерттеудi меңдейдi. Интеллигенция тарихын зерттеудегi жаңа кезеңнің тағы бiр белгiсi бұл мәселенi кең тарихи хронологиялық ауғымда және нақты деректiк негiзде зерттеудi қуаттайтын еңбектердің жарық көре бастауы. ұлттық интеллигенция тарихын кеңес билiгi дәуiрi шектеген Қарақұсов және басқа авторлардың пiкiрiн Х.Бабажанов орынды сынаған. Сондай-ақ осы жаңа кезеңде ұлттық интеллигенцияның қоғамдық-саяси қызметiн зерттеу тарихнамасыда белгiлi жүйеге  түсе бастады. Қозыбаевтың тарихнамалық еңбектердің жарық көруi соның айғағы.

Зерттеу тақырыбының деректiк негiзi:Мәдениет проблемалары жөнiндегi деректемелердi сипаттай келгенде, соңғы он жылда зерттеушiлердің ХIХ ғасырдың аяғы – ХХ Ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының шығармашылығына жататын жаңа материалдардың мол қорын алғанын айта кеткен жөн. Бұлар — Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Мiржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышбаев, Шәкерiм Құдайбердиев, М.Ж.Көпеевтердің және басқалардың туындылары. Мысалы, Әлихан Бөкейханов шығармаларының кiтабына «Қазақ» газетi мен басқа да басылымдарда жарияланған еңбектерi енгiзiлдi. Бүкіл материал мынадай бөлiмдерге бөлiнiп берiлген: мақалалар, зерттеулер (1913-1917); сол жылдар iшiндегi рецензиялар, аудармалар; әлихан Бөкейхановқа құрмет көрсетiлген материалдар (оның Семейде болуы туралы, қазақтар үшін, соның iшiнде тыл жұмыстарынан қайтып оралғандар үшін, оның атынан стипендия беруге және медресе салуға қаражат жинау туралы хабар) ерекше бөлiп көрсетiлген болатын. Кiтап материалдары ғалымның бұрын араб әрпiмен жарияланған тұпнұсқа мұрасын қазiргi графикада оқуға, оның мүдделерiнің кеңдiгi мен интелектуалдық әлеуетiн сезiнуге тұңғыш рет мүмкiндiк бердi. Құрастырушы жинаққа бұрын ғылыми айналымда болмаған мұрағат құжаттарын едәiур мөлшерде пайдалана отырып, қазақ зиялыларының аса көрнектi өкiлiнің өмiрi мен қызметi туралы кiрiспе мақала берген. Мұнда көтерiлген көптеген мәселелер ой-пiкiрдің, соның iшiнде Алашорда және Қоқан автономиясы мәселесiн түсiндiрудің сонылығымен ерекше; ал Ә. Бөкейханов ол туралы Қоқанда жарияланған Түркістан автономиясы мен сайланған Түркістан уақытша үкіметi өлкенің байырғы халғының саяси өзiн-өзi басқаруының жаңа органдары болды деп жазған едi.

Қазақстанның жергiлiктi мерзiмдi баспасөздегi тарихи материалдар да аз емес. Бұлар – орыс тiлiндегi, ал содан соң қазақ тiлiндегi газеттер, альманахтар, жинақтар. Олардың жұмысына саны шағын зиялылар таратылды. Мәселен, атап айтқанда ХIХ ғасырдың соңғы ширегiнде «Туркестанские ведомости» (1870-1882), «Акмолинские областные ведомости» (1888-1902) газеттерiне қазақ тiлiнде қосымшалар шығару жолға қойылды.

Сол кез Үшін қазақ тiлiндегi iрi мерзiмдi басылым Айқап журналы (1911-1915) болды. Журнал жаңалық, озық қадам атаулыны жақтады, шаруашылықтың жаңа нысандарын және тауар-ақша қатынастарын дамытуды насихаттады. Оған қазақ зиялыларының демократиялық ниеттегi өкiлдерi: Мұхамеджан Сералин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеев, Бақытжан Қаратаев, Жансұлтан Сейдалин, Ғазиз Мұсағалиев және басқалар жазып тұрды.

1913 жылдың ақпанынан бастап 1918 жылдың күзiне дейiн Айқапқа қарағанда әлдеқайда көп таралыммен Орынборда шығып тұрған газет «Қазақ» газетi болатын. Оның бас редакторы – Ахмет Байтұрсынов, баспагерi – Мұстафа Оразаев болды. Газетке Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ш.Құдайбердиев, Т.Құнанбаев және басқалар үзбей жазып тұрды. Газет беттерiнде жарық көрген проблемалардың негiзгi және кең ауғымды («Дума мен қазақтар», «Дума мен соғыс», «Жобаланып жатқан заңдар», «Қоныстанушылар туралы», «Қазақтар және жер мәселесi», «Шаруашылықтың өзгеруi», Деннің саулығы, рухтың саулығы, Аурулар туралы, Оба жөнiнде, Бiлiм беру туралы, Қазақша бiлiм беру туралы, Бастауыш мектеп, Мектептiң мұқтаждары, Оқу уақыты, Қазiргi соғыс, Соғыс туралы, Дума және солдат мәселесi, Қазақтардан солдат алына ма?) газет мүдделерiнің сан қырлы екенiн және ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының iшкi және сыртқы өмiрiнің өмiршең проблемаларына жауап iздестiргенiн көрсеттi. Газет беттерi – қазақтардың шаруашылық, мәдени, рухани және әлеуметтiк-саяси тарихының аса бай деректер көзi.
Тағы рефераттар