Амур өзені туралы қазақша реферат

Амур  өзені (монғол  Хара – Мурен – қара өзен,қытайда  Хэйлунцзян  — қара айдаһар) – Шығыс  Азиядағы  өзен. Шилка  мен  Аргунның  қосылуынан  құрылып,  Охота теңізіне  құяды.  Ұзындығы  2824  км ,  Аргунның  басталатын  жерінен  сағасына  дейін  4440 км.  Амур  алабы  ТМД (Чита, Амур облысы, Хабаровск  өлкесі),  Қытай  территориясында  орналасқан.  Алабының  басым  көпшілігі  Қытай  территориясында  жатыр. Амур  өзені  дүние  жүзінде  оныншы  орынды  алады. Аңғарының  сипатына  қарай  Амур  үшке  бөлінеді.

Жоғарғы  Амур  бастауынан  Благовещенск  қаласына дейін, ұзындығы  900 км  шамасында.

Орта  Амур  Благовешенск  қаласынан  Уссуридің  сағасына  дейін, ұзындығы   1000 км – дей.

Төменгі   Амур  Уссуридің  сағасынан  құйылысына  дейін, ұзындығы  950 км – дей.

Жоғарғы  Амурдың  аңғарының  беткейлері  биік, жартасы, арнасы  тар (200 – 500 м.)  Өзеннің  сол  жағында  Нюкжа,  оң  жағында  Үлкен  Хирган  жоталары  жатыр.  Амур  орта  ағысында  Зея – Бурея  жазығына  шығады.  Зея  саласы  құйғаннан  кейін, Амурдың  суы  екі  есе  молаяды, арнасы  2 км – ге  дейін  кеңейеді.  Көп  жерде  кең  аңғарды  бойлап  ағады,  бұл  арада  ағыны  бояулайды, жағалары  жайпақ,  батпақты  келеді.  Арнасында  көптеген  аралдар  кездеседі. Кіші  Хинганды  кесіп  өткен  жерінде  ғана  каньон  тәріздес  жар  қабақты  тар  аңғар  жасап, қатты  ағады.  Аса  ірі  Уссури  саласы  қосылғаннан  кейін, Амурдың  суы  тағыда  біраз  молаяды.  Төменгі  Амур  ойпатында  өзен  аңғары  қайтадан  кеңейеді. Оның  жайылмасында  өзенмен  тарамдар  арқылы  жалғасып  жататын  көптеген  көлде  бар. Олардың  ішінде  аса  ірілері – Болонь,  Удыль,  Орель  және  Үлкен  Кизи  тағы  басқа  жатады.  Бұл  жерде  өзенге  сол жағынан  бір ғана  салс —  Амгунь құяды. Амур  сағасында жылдық  орта  су  шығыны  11000 м3 сек.  Суының  мол  болуы  су  жиналатын  алқабының  үлкендігіне, алабына, атмосфералық  жауын – шашынның  мол  түсуіне  байланысты. Амурдың  гидрография  торы  өте  күрделі.  Бұған  10610  өзен (соның  ішінде  1684  өзеннің  ұзындығы  10 км – ден аспайды)  мен  су  айдынының  аумағы  10 600 км2  шамасында  161 426  көл  кіреді.  Амур  және  оның  салалары  көбіне  жаңбыр  суымен  қоректенетін  өзендер  типіне  жатады.  Жылдық  ағынның  75 – 80% — ы  жаңбыр  суы, 15 – 20% — ы  еріген  қар  суы,  5 – 8% — жер  асты  суы.  Амур  өзені  жазда  муссондық  жаңбырға  байланысты  тасиды.  Қыста  қар  жамылғысы  жұқа  болғандықтан, көктемде  өзен  деңгейі  аз  көтеріледі. Қарашадан  сәуірге  дейін  қатып  жатады.  Өзеннің  ендік  бағытта  ағуына  байланысты  барлық  жерінде  бір  уақытта  қатып, мұздан  бір  уақытта  арылады. Амур — өн  бойында  кеме  қатынасына  қолайлы  және  Қиыр  Шығыстың   маңызды  су  магистралы.  Ірі  салаларымен  ағаш  ағызылады.  Амур  өзегі  балыққа өте  бай. Мұнда  балықтың  99  түрі  бар.  Олардың  1/5 – і  тек  қана  Амурда  болатын  эндемиктер.  Лосось  тұқымдас  кета  мен  горбуша  балықтарының  кәсіптік  мәні  зор.  Төменгі  Амур  Қиыр  Шығыстың  балық  аулайтын  негізгі  ауданына  жатады.  Амур  өзенінің  бойындағы  басты  өзен  порттары: Покровка, Благовещенск, Хабаровск, Амурдағы  Комсомольск, Николаевск.
Тағы рефераттар