Салық кодексіне сәйкес арнаулы салық режимдерін шағын кәсіпкерліктің субъектілері, шаруа (фермер) қожалықтары, заңды тұлғалар  — ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерімен айналысатын заңды тұлғалар қолдана алады.

Шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне арналған арнаулы салық режимдері

Шағын кәсіпкерліктің субъектілері арнаулы салық режимін, егер ол белгілі бір талаптарды қанағаттандыратын жағдайда қолдана алады.

(ҚР «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңына сәйкес) жалпы тәртіппен  жеке адамдар – жеке кәсіпкерлер, кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады. Қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны 50 адамнан аспайды және активтерiнiң жалпы құны орта есеппен бiр жыл iшiнде алпыс мың еселенген (2005 жылы  – 58,2 млн. теңге) айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

Тек салық мақсаттарында, яғни шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшін  арнаулы салық режимін қолдану үшін Салық кодексінде «шағын кәсiпкерлiк субъектiсi» термині қолданылады, оған сәйкес табыс, саны мен қызметтің түрлері бойынша басқа шектеулер белгіленген.

«Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi» ұғымына мыналар түседі:

заңды тұлға құрмайтын, қызметкерлерінің саны жеке кәсіпкердің өзін қосқанда 15 адамнан аспайтын, тоқсандық табысы   4,5 млн. теңгеден аспайтын  жеке кәсіпкерлер (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар);

қызметкерлерінің саны бір тоқсанда 25 адамнан аспайтын, тоқсандық табысы  9 млн. теңгеден аспайтын  заңды тұлғалар);

Арнаулы салық режимін қолдана алмайтын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер

акцизделетiн өнiмдi өндiретiн
консультациялық, қаржы, бухгалтерлiк қызмет көрсететiн
мұнай өнiмдерiн өткiзетiн
шыны ыдыстарды жинайтын және қабылдайтын
жер қойнауын пайдаланатын
лицензияланатын қызметтер

 

Лицензияланатын қызметтерге (Қазақстан Республикасының «Лицен-зиялау туралы» заңының  9-11-1 бабын қараңыз) мыналар кірмейді:

6.1 медициналық, дәрiгерлiк  қызметтi, мал дәрiгерлiк саласындағы қызметтердi: мал дәрiгерлiк мақсаттағы препараттарды өндiру және өткiзудi; мал дәрiгерлiк мақсаттарға арналған дәрi-дәрмек құралдарды, биологиялық препараттарды өткiзудi; жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптама жүргiзудi; мал дәрiгерлiк емдеу-профилактикалық қызметтерi;

6.2 тұрғын үй коммуналдық-тұрмыстық объектiлердi газбен жабдықтау жөнiндегi өндiру, жөндеу және құрылыс жұмыстары;

6.3 күзет, өрт сигналы мен өрт сөндіру автоматикасы құралдарын жобалауды, монтаждауды, жөнге келтiрудi және оларға техникалық қызмет көрсетудi;

6.4 өртке қарсы қолданылатын техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғау құралдарын өндiрудi;

6.5 жолаушылар лифтiлерiн монтаждауды, жөндеудi және оларға қызмет көрсетудi;

6.6 автомобиль көлiгiмен халықаралық жолаушылар және жүк тасымалы

6.7 емдiк препараттар дайындау мен сату;

6.8 жобалау-iздестiру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстары, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру жөнiндегi жұмыстар;

6.9 алкоголь өнiмдерiн бөлшек саудада сату;

6.10. пошта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы қызметті, теледидарлық және дыбыстық (радио-хабарларын тарату) бағдарламаларды тарату жөніндегі қызметті жасау мен көрсетуді, жалпыреспубликалық магистральды, халықаралық байланыс желілерін жобалауды, салуды, іске қосуды және радиожиілік спектрін пайдалануды;

6.11. жолаушылар мен жүкті өзен көлігімен тасымалдауды;

6.12. жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картогра-фиялық жұмыстарды жүргiзудi;

6.13. өлшеу құралдарын  жасауды және жөндеуді;

6.14. тарих және мәдениет ескерткіштерін археологиялық және жаңғырту жұмыстарын;

6.15. жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланысты қызметтердi: жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын орнатуды, монтаждауды, жөндеудi, пайдалануды;

6.16. іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтан атқылауға қарсы жұмыстарды;

6.17. пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті;

6.18. жалпы бастауыш, негізгі жалпы немесе жалпы орта; бастауыш кәсіптік білім, оның ішінде кәсіптер бойынша; орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіптік, оның ішінде мамандықтар бойынша білім беретін заңды тұлғалардың білім беру қызметін, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың қызметін;

6.19. жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруын;

6.20. электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және таратуды;

6.21. өнеркәсіптік жарылыс-өрт қаупі бар және тау-кен өндірістерін, электр станцияларын, электр желілері мен қосалқы станцияларды, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнімдері құбырларын, көтергіш құралдарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар, ыдыстар мен құбырларды жобалауды және пайдалануды;

6.22. химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургия, энергетика жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін қазандықтарды, ыдыстар мен құбырларды бақылау, аварияға қарсы және дабыл беру аппаратуралары мен жүйелерін жобалауды, жасауды, монтаждауды және жөндеуді;

6.23. астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазалауды, сақтауды және тиеуді;

6.24. темiр жолдың жылжымалы құрамын жасау мен жөндеудi; қауiптi жүктерді тасымалдау үшiн қолданылатын арнаулы контейнерлерді жасау мен жөндеудi;

6.25. шетелдік валютамен қолма-қол бөлшек сауда жасауды және қызмет көрсетуді жүзеге асыруды;

6.26. ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудің қорғалған техникалық құралдарын әзірлеуді, дайындауды, монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және оларға сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызметтің барлық түрiн;

6.27. экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалауды, нормалауды және табиғат қорғау жұмыстарын қоспағанда, лицензияланатын қызмет түрлерiне қолданылмайды  

Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi

Арнаулы салық режимiнің басқа бір түрі – патент. Бюджетпен есеп айырысудың патент нысаны кәсіпкерлігі тұрақты сипаттағы жеке кәсіпкерлерге арналған. Патентті қолдану құқығын алу үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері мынадай қажетті өлшемдерге жауап беруі тиіс:  жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбау, жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асырмау (заңды тұлғалар қолдана алмайды),  жыл iшiндегi табысы 2,0 миллион теңгеден аспауы. Есеп айырысудың мұндай нысаны кішігірім айналымы бар бастаушы жеке кәсiпкерлерге ыңғайлы.

Оңайлатылған декларация негiзiндегi

арнаулы салық режимi

Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi бюджетпен есеп айырысудың негізгі нысаны болып табылады. Бұл нысан жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін қолданатын кәсіпкерлерге арналған. Салық салудың осындай режиміне тоқсан басталғанға дейiн көшу үшiн салық төлеуші өз қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша салық органына белгiленген нысанда өтiнiш беруi керек. Қызметiн бір елді мекен шегіндегі деген әртүрлi аумақтық-әкiмшiлiк бiрлiктерде орналасқан бiрнеше объектiлерде жүзеге асырған кезде оған  оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiш беру үшiн салық органын дербес анықтау құқығы беріледі.

Осы режим төмендегілермен ерекшеленеді:

біріншіден, салық міндеттемелерін есептеу нақты алынған табыс бойынша тоқсан аяқталғанда жүргізіледі;

екіншіден, оңайлатылған декларация негiзiнде есептелетін салықтар шығындар есепке алынбай, бірыңғай ставка бойынша есептеледі. Яғни кезінде корпорациялық немесе жеке табыс және әлеуметтік салықтарды есептеу үшін шығындарды есепке алудың қажеті жоқ.  Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қызметкерлерінің тізімдегі орташа саны 15 адамнан аспайтын, салық кезеңіндегі табысы   4,5 млн. теңгеден аспайтын  жеке кәсіпкерлер; қызметкерлерінің саны 25 адамнан аспайтын, табысы  9 млн. теңгеден аспайтын  заңды тұлғалар жүзеге асырады. Оңайлатылған декларация негiзiнде салықтарды есептеуді салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiне (тоқсан) тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
Тағы рефераттар