Австралияның жануалар дүниесі туралы қазақша реферат

Австралияның фаунасы түрлерінің байлығымен ерекшеленбейді, әсіресе аралдар фаунасы кедей. Мұның себебі мынау, материк пен аралдар ежелден жер шарының басқа бөліктерінен бөлек тұрады және олардың фаунасы оқшау жағдайда дамыды. Екінші жағынан, Австралия фаунасында Оңтүстік Америка, Антарктида мен Оңтүстік Азия фауналарының ортақ немесе туыс кейбір өкілдері бар.

Австралия мен  мұхиттық аралдардың материктік аралдары, әсіресе Жаңа Зеландия фаунасы өте ежелгілігімен және эндемизмділігімен ерекшеленеді және реликтілік сипаты айқын білінеді. Материктер мен мұхиттирдың жабайы фаунасының құрамында дүниенің басқа бөліктерінде таралған жануарлардың көптеген топтары жоқ. Бұл алдымен, плацентарлы сүтқоректілердің бүкіл отрядтары дерлік, құстардың, улы жыландардың кейбір тектері мен тұқымдастары.

Австралия мен мұхиттық аралдардың фаунасында ұқсастықтармен қатар, үлкен айырмашылықтар бар, бұл ішкі аймақтарды бөлуге мүмкіндік береді.Ол материк пен Тасманияны, Жаңа Гвинеяны, Жаңа Зеландияды және Поленезияны қосып алатын Австралиялық аймақ.

Австралия фауналарына нағыз тән белгі:төменгі сатылы сүтқоректілердің, біртесіктілер мен қалталылардың кең таралуы. Біртесіктілер мен клоаолылар, туыстастардың екі тегінің өкілі-үйрек -тұмсықтылар мен ехидналар, олар тек материк пен кейбір аралдарда ғана сақталған. Қалталылар Австралияға салыстырмалы жуық шамада антропогеннің басында келген. Австралия аймағында қалталылардың 130-ға дейін түрлері бар, оның үстіне олар жоғарғы сүт қоректілердің әр түрлі биологиялық типіне сай келетін түрлі топтарды көрсетеді.  Олар –қалталы жыртқыштар, кемірушілер, өрмелеушілер насеком қоректілер, шөп қоректілер. Әсіресе кенгуру тұқымдастар өкілдері айрықша өте көп және пішіндері пен тіршілік дағдылары бойынша әртүрлі.

Сондай ақ орнитология фаунасына бауыры мен жорғалаушылар мен насекомдарға да үлкен өзгешелік тән. Олардың ішінде эндемиялық түрлері көп. Мәселен, Австралия құстарының 666 түрінің 450-і эндемиялы.

Австралия материгінің әр түрлі бөліктерінің фаунасының, қазіргі табиғат жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ішкі түрлілік, сондай ақ тарихи дамудың жағдайларына байланысты. Мәселен ұзақ уақыт бойы теңізбен бөлініп жатқан Австралияның батыс және шығыс бөліктерінің арасында үлкен түр айырмашылық бар.

Австралияның солтүстігі мен шығысында, сондай ақ Жаңа Гвинея мен басқа аралдардың ылғалды жіне субтропиктік ормандарына әр түрлі өрмелеуші жануарлар тән. Әсіресе қалталы аю немесе коала, қалталы жалқау. Ол тіршіліктің түнгі дағдысын жүргізеді және уақытының көбін ағаштарда , олардың жапырақтарымен қоректеніп өткізеді. Бұдан басқа көбіне тіршілігін ағашта өткізетін кузу, қент тиіні және ағаш кенгуруы тараған. Жаңа Гвинеяда көршілес Азия фаунасының кейбір өкілдері, мысалы жабайы шошқа тән.

Австралияның ішкі сулары балықтарға бай, олардың арасында эндемиялық және өте ежелгі түрлер таралған.Триастан бері өзгермеген түрде сақталған қос тынысты рогозуб балығы тамаша.

Австралияның солтүстік және орталық бөліктері, саванналарының, бұталы тоғайлары мен ашық кеңістіктерінің фауналары бұдан өзгеше. Шөп қоректі жануарлар үшін азық қорлары мол аумақтарда кенгурудың басқа тұқымдастары мен түрлері мекендейді. Кенгурулар әдетте үйірімен тіршілік етеді. Ең зор сұр кенгуру секіргенде ұзындығы 10 метрге және биіктігі 2-3метрге дейін жетеді. Оның денесінің ұзындығы құйрығын қоса есептегенде 3 м дейін жетеді. Жартастар мен бұталы нулар арасында валлаби кенгуруы өмір сүреді.

Кенгуруды адам мен австралиялық динго иті қатты қырып жіберді. Динго иті жирен жүнді, шағын жануар, өте төзімді, шапшаң әрі ұзақ шабуға икемді. Олжасның ізіне түсе отырып,көп сағаттар бой жүгіреді. Олар Эйр көлінің маңында тараған. Динго үй малдарын да жойып жібереді, сондай-ақ қарусыз адамдарға, балаларға шабуыл жасайды.

Бұталы тоғайларда денесін тікен жапқан сүтқоректі, жергілікті эндемия- ехидна мекендейді. Үйректұмсықты ехидна да балаларын жұмыртқадан өргізеді, ал негізінен құмырсқа илеуіне ұзын жабысқақ тілін сұғып жіберіп, құмырсқалармен қоректенеді. Ол түнде тіршілік етеді, өте қорқақ және қауіп төнсе жерді қазып жіберіп кіріп кетеді.

Құстардың ішінен авсралия түйеқұсы эму, егінге үлкен зиян келтіретін шөп қоректі тоты құстар, суда жүзетін және суда мекендейтін, көпшілігі солтүстік жарты шардан ұшып келген әр түрлі құстар мекендейді.

Тасмания аралының жануарлар дүниесі кейбір өзгешеліктерімен ерекшеленеді.Онда мысалы қалталы қасқыр, қалталы пері сақталған. Аралдың оңтүстік бөлігінде антарктида фаунасына тән өкіл-пингвин кездеседі.
Тағы рефераттар