Автомобиль жолдары туралы қазақша реферат

Қарағанды облысының облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы  6071,3 км (3359 км ден 2712,3 км дейін)  құрайды,  оның ішінде асфальтты бетон төселгені – 512 км, қара ұсақ тас төселгені – 2276 км және ақ тас жол (ұсақ тасты) – 3167,3 км, грунтты жолдар – 116 км.

Бұл автомобиль жолдарында 124 көпір бар (6838,5 п/метр), 3462 су құбырлары трубалары (52214,6 п/метр), сонымен қатар  жасыл желектер бар.

Загрузка...

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына жөндеудің барлық түрлерін жүргізуге және ұстауға бөлінген бюджеттен қаржы бөлу  көлемі жыл сайын ұлғайтылуда.

Атқарылған жұмыстар  бұзылған жолдар учаскелерін қалпына келтіруге  және жалпы автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Қазіргі кезде мердігер ұйымдар  жаңа жол техникасын алуда (автогрейдерлер, асфальт төсегіштер, вибробаткалар және т.б.) , сонымен бірге асфальт бетонды зауыттар, 6 ұсақтағыштар,  бар, бұл жыл сайын  бөлінген бюджет қаражаттарын толық көлемде  игеруге ықпал етеді.

2006 жылы  облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен ұстауға  537,1 млн. теңге бөлінді және игерілді, оның ішінде:

— күрделі жөндеуге – 79,4 млн. теңге /11 км;

— орташа жөндеуге – 239,2 млн. теңге/113 км;

Ағымдағы жөндеулерге, ұстау мен жасылдандыруға – 218,5 млн. теңге/6071,3 км.

.
Загрузка...

Тағы рефераттар