Азаматтардың есімі мен тұрғылықты жері туралы қазақша реферат

Азаматтың құқығы мен міндеттерін алу мен жүзеге асыру тиісінше дербестікке ие болуы керек. Әрбір жеке азамат өзінің атымен аталады. АК-тің 15-бабы 1-тармағына сәйкес азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын да қоса алады. Азаматқа туған кезде ат қояды. Ал ата-анасы болмаған жағдайда оны тәрбиелеп отырған адам жүзеге асырады. Әдетте балаға ата-анасының фамилиясы беріледі. Егер әртүрлі фамилияда болса, онда ата-аналары қайсысын беруді өздерІ келісіп шешеді.

Некесіз туған балаға ѕкесі жоқтығынан сот арқылы қажет болмаған жағдайда анасынығ фамилиясыт беріледі.

Біздің елімізде 1992 жылдан бастап ата-анаға ұлтгық дәстүрлі ескере отырып, балаға әкесінің не атасының атына жаздыруға мүмкіндік берілді. Баланың аты әкесінің атымен жазылады, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, айталық, казақтар құжаттарда әкесінің атын керсетпеуіне болады. Әрине, оның өзі ата-аналарынын келісімі арқылы жүзеге асады. Азамат тіркелу кезінде жазылған өз есімін, фамилиясы және әкесінің атын заң құжаттарънда белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге құқығы бар. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2-сәуірде қабылдаған «Қазақ ұлтының адамдарының фамилиясы мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешудің тәртібі туралы» Жарлығында қазақ ұлтының өкілдері өздерінің ықтияры бойынша қазақ тіліне келе бермейтін жалғауларды фамилиясы мен әкесінің аттарының түбірін сақтай отырып өзгертуіне болатындығы айтылған. Әкесінің атынан кейін «ұлы» немесе «қызы» деп жынысына қарай жазылады. Аталған Жарлықта фамилиясы мен әкесінің атын жазылуындағы өзгерістер азаматтың құқық субъектісін өзгерте алмайтындығы ескертілген. Яғни жасалған өзгерістер оның құқықтары мен міндеттерін тоқтатса да, өзгерте алмайды.

Қазақстан Республикасы азаматтарының фамилиясы мен әкекесінің атын ауыстыру жөніндегі тілек Республика үкіметінің қаулысымен 1996 жылы 26-қыркүйекте қабылдаған Ережесімен айқындалады.

Азаматтың жеке дербестігі есімімен қатар оның тұрғылықты жерімен анықталады. Міндеттемені орындау, мұрагерлік жасау және басқа да азаматтық-құқықтық әрекеттер азаматтың тұрғылықты жерінде жүзеге асады. Азаматтың есімімен қатар оның тұрғылықты жері азаматтық, құқықтық қатынастың субъектісін нақтылай түседі. Өмірде аты, фамилиясы және әкесінің аты бірдей болатын жағдайлар аз кездеспейді. Егер азаматтың атында әкесінің аты көрсетілмесе, онда олардың бір-бірінен айырмашылығын анықтау қиындай береді.Сондықтан да тұрғылықты жері бойынша азаматтың жеке басын куәлан-дыратын мәліметтер нақтыланады. АК-тің 16-бабында азаматтың тұрақты немесе тұратын елді мекені оның тұрғылықты жері деп танылатындығы тұжырымдалған.

Әдетте азаматтың тұрғылықты жері мен оның жұмыс орны бір-біріне сай келеді. Дейтұрғанмен, өзі бір жерде тұрып, екінші жерде жұмыс істейтін жағдайлар да кездеседі. Мысалы, азамат Алматы қаласында тұрып, Қаскеленде жұмыс істеуі мүмкін. Мұндай жағдайда заңның тікелей көрсетуіне орай оның жұмыс орны емес, тұрғылықты жеріне басымдылық беріледі.

Қазіргі жағдайда азаматтар бірнеше тұрғын үйді иеленуге құқылы, әрі онда бір-біріне ауысып отырады. Мысалы, Алматыдағы үйі мен қаланың сыртында жазда тұратын үйі болды делік. Мұндай жағдайда заң оның қайсысында көп тұратындығын ескереді. Азаматтар тұрғылықты жерін өзі таңдайды, бұл оның азаматгық құқық қабілеттілігінің бір элементі болып табылады (АК-тің 14-бабы). Жасы 14-ке толмаған және қорғаншылықтағы азаматтардың, ғана нақты тұрғылықты жері есепке алынбайды, яғни оның ата-аналарының, асырап алушылар мен қорғаншыларының тұрғылықты жері танылады. Мұның өзі аталған азаматтардың әрекет қабілеттілігі болмай, өз беттерімен мәмілелер және басқа заңды әрекеттер жасай алмауымен түсіндіріледі.
Тағы рефераттар