Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрлері туралы қазақша реферат

Азаматтык-құқықтық жауапкершіліктің туындауы үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тән тәртіпсіздік жасалуы шарт.

Азаматтық құқық бұзушылықтың элементтеріне жататындар:

а) белгілі бір тұлғаның құқыққа қайшы келетін әрекеті;

ә) келтірілген (шеккен) зиянның немесе залалдың болуы;

б) құкыққа қайшы әрекет пен келтірілген зиянның салдары арасындағы себепті байланыс;

в) құқық бүзушыиыи кінәсі. Борышқорды міндеттемені бұзғаны үшін жауапқа тарту несие берушінің талабымен жүзеге асырылады.

Зиян — заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды.

Жауапкершіліктің негізгі нысаны залалдыңорнынтолтыру. Залалды өтеу мен міндеттеменің бұзылуы барлық жағдайында жүзеге асуы тиіе. Міндеттемені бұзған борышқор несие берушіге келтірілген шығындарды өтеуі тиіс. Құқығы бүзылған тұлға оған келтірілген шығынның орнын толық өтеуді талап ете алады.

Залал — зардап шегушінің мүліктен айырылуы немесе оған зардап келуі (реалды шығын), сонымен қатар егер оның құқығы бұзылмаған жағдайда алуы тиіс болған маидалар (жіберілген пайдалар).

Залалды анықтау барысында міндеттемеге орындалуы тиіс болған орындағы бағалар ескеріледі.

Жіборіп қойған пайданы есептеу барысында несие берушінің пайданы алуға бағытталған әрекеттері мен дайындықтары ескеріледі.

Борышқор міндеттемені орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кінөлі болғанда ғана жауапты. Егер борышқор ол міндеттемені тиісті деңгейде орындауға бар мүмкіншілігін қолданғанын дәлелдей алса кінәсіз деп танылады.

Моральдық зиян — жеке және заңды тұлғаның жеке мүліктік емес игіліктерінің бұзылуы, сонымен қатар оған құқыққа қайшы әрекет нәтижесінде жәбірленушіге келтірілген жан мен дене күйзелісін де жатқызамыз (масқаралау, ұятқа қалу, дене күйзелісі, қорқу және т.б.).

Моральдық зиян мүліктік залалдың нысанына қарамас- тан ақшалай нысанда төленеді. Моральдық зиянның көлемін анықтау барысында жәбірленушіге келтірілген зиянның субъективтік жәнө объективтік мән-жайлары ескерілед
Тағы рефераттар