Қазақстан Республикасыныда жаңа Азаматық Кодекс  қабылданғанға дейін азаматтық құқық туралы оқу әдебиеттерінде азаматтық құқықты реттейтін нормативті актілер, құқықтың қайнар көздері деп қарастырылған. Қазіргі оқулықтарда ол «Азаматтық заңнама» деп аталады.

1 Сіздің ойыңызша бұл өзгерістер неге байланысты болған? Қазақстан Республикасының Азаматтық кодесінінде көрсетілген «азаматтық заңнама» терминінің мазмұны Қазақстан Республикасының Конститутциясындағы осы  терминнің мазмұнына ұқсас па?

2 Сіздің ойыңызша, осы ұғымдарды түсіндірудің ең дұрысын көрсетіңіз: «сот тәжірибесі», «сот үлгісі», «іскерлік айналымның әдет – ғұрпы», «іскерлік». Олар қалай өзара ара – қатынаста бола ма? Олар  азаматтық құқықтың қайнар көзі болып табыла ма?

3 Моралды нормаларын құқықтың қайнар көзіне жатқызуға бола ма? Сіздің ойыңызша, Қазақстан Республикасында халықаралық шарттары  қандай жағдайларда азаматтық құқықтың нормалары ретінде  бола алады?

4 Заң шығарушы  еркінің мәні мен мазмұнын анықтауға бағытталған қызметі атқаратын тұлғаның лауазымын қалай атайсыз? Кім осы қызметті атқарады және қандай тәсілмен атқаруға құқылы?

5 Сіздің ойыңызша, азаматтық заңнама актілерінің кері күші бар ма? Егер бар болса, онда қандай жағдайларда?

6 Мүліктік қатынастар өзге де құқық салаларының қатынастарына жататындықтан, ол қандай жағдайларда азаматтық құқықтың мүліктік қатынастарына жатады, ал әкімшілік, қаржылық құқықтық қатынастарында қандай жағдайларда заңнамаларда қолданады.

7 Сіздің ойыңызша, азаматтық құқықта құқықтық нормалардың қайсысы көбірек; диспозитивті немесе императивті?

8 Өткен ғасырлардағы қазақтардың азаматтық құқығының ерекшеліктерін сіз білесіз ба?
Тағы рефераттар