Көп жағдайда балалар шылым шегуді 18 жасқа толмай тұрып бастайды. Олар неге бұлай істейді? Мүмкін, зерігуден, алаңдаушылықтан, қатарластары тарапынан қысым көргеннен, мазасыздықтан немесе біреуге еліктегендіктен шығар. Сіз, бәлкім, жасөспірімдер арасында  қазіргі ұялы телефон әлемінде, әлеуметтік желілерде және микроблогтарда шылым шегу туралы әртүрлі деректер, ойдан шығарылған мәліметтер қалай таралатынын білсеңіз, таң қалатын шығарсыз. Кейбір жас қыздар шылым шегу арықтауға немесе артық салмақ қоспауға көмектеседі деп шеге бастайды. Олар шылым шегудің ағзаға кері әсерін біле тұрса да, темекі шегуге дайын. Ал ер балалар ересектерге еліктеп шеге бастайды, мысалы, әкесіне, ағасына, жоғарғы сынып оқушыларына деген сияқты.

Балаңызды осындай жаман қылықтан құтқару үшін Сіз не істей аласыз?

1. Балаңыз үшін үлгі болыңыз. Егер сіз өзіңіз темекгі тартатын болсаңыз, балаңызды жаман қылықтан құтқару үшін тез арада өзіңіз шылым шегуді тастаңыз. Балаларыңыз сізге қарайды. Олар сіздің қылықтарыңызды қайталайтын болады.

2. Балаларыңызға шылым шегудің қауіптері туралы айтыңыз. Шылым шегетін адамның төңірегінде қалыптасқан аңызды әдепті түрде жоюға тырысыңыз. Шылым оны шегушіні соншалықты жолы болғыш, еңселі, интеллегентті немесе тартымды қылып көрсетпейді. Мұның барлығын қалай ғана адамды жасық құлға айналдыратын әдетпен салыстыруға болады? Балалар шылым шегуге үйір болу арқылы өз денсаулығына қаншалықты зиян келтіретінін білуі керек.

3. Таза, дұрыс ойлауға шақырыңыз. Айналаңдағыларды темекі түтінімен улау дұрыс па? Және де өз денсаулығымызды құртып, басқалардың да денсаулығының түбіне жететін темекі өнеркәсібін көтермелей отырып, қоғамның проблемасын өзіміз тудырып отырсақ, оны шешу мүмкін бе? Әрбір адам өзі мен өзін қоршаған адамдардың аман саулығына жауапты.

4. Балаларды не мазалайтыны туралы айтыңыздар. Жасөспірімге 40 жасқа келгенде өкпе ісігінен өлесің деу – бұл ештеңе айтпағанмен бірдей. Жас адамдарды ең бірінші бүгінгі күні ғана ойландырады. Төменде бүгінгі күні жастар шылым шекпеуге қызығушылық тудыратын артықшылықтар берілген:

Сыртқы келбет. Саусақтары мен тістерінде шылымнан қалатын сары дақ жоқ. Ондай адамнан шылымның иісі де шықпайды, ол тартымды.

Қаражат. Егер темекі шекпесе, қанша ақша үнемдеуге болар еді?!

Сезімтал. Шылым шекпейтін адам ғана тағамның дәмдік сапасын лайықты бағалай алады.

Өз өмірін бақылау. Шылым шекпейтін адамның бос уақыты да, күші де көп, өзін-өзі сенімдірек ұстайды. Оған өзін-өзі кінәлі сезініп, жаман қылықтан арылу үшін күресудің қажеті жоқ. Тағдыры өз қолында.

5. Ең басты проблеманы табуға және оны шешуге ұмтылыңыз. Көп жағдайда шылым шегу – терең бір проблеманың бір белгісі ғана. Баланың көз алдында өзі тұрғызған кумирі құлап бара жатқандай болады. Ең алдымен, бала ата-анасының бауыр еті, сүйікті ұл-қыз екеніне, оны барлығы жақсы көретініне сенім орнауы қажет. Бала осыны сезінген кезде дұрыс дамуға және өсуге деген сенімді іргетасқа ие болады.

Біздің балаларымыз шынайы еркіндіктің бар екеніне, соның ішінде жаман әдеттерден арылу еркіндігінің бар екеніне үміттеніп өмір сүруі қажет. Және осы үмітті балаларымызға біз ата-аналар беруіміз керек.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.narcom.ru — «Русский Народный Сервер Против Наркотиков» сайты.

2) www.poleznovam.ru – «Өмірдің түрлі салалары бойынша қызықты және танымдық ақпарат» сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «шылымның зияны», «темекі және балалар» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар