Музыкалық ойлау – күрделі эмоциялық сенсорно — интелектуалдық білімділік процесс және музыкалық шығарманы бағалауы. Күрделі деген, әлі де не музыкатануда, не психологияда, не педагогикада ортақ шешім жоқ деген сөз. Оны не «интелектуалды қабылдауы», «музыкаға адамның сәулесі», «музыканы меңгеру» дейді т.с.

Сондықтан, 4 пен 7 жас кезінде баланың музыкалық — қабылдау ойлауы бірлік пен қарым — қатынасы екі негізгі бағытта дамиды: а) өз-өзіндік интонациялық қабылдауда және музыканы сезінуі; ә) өмірлік пен тәжірибе алған баланың жеке қабылдаушылығы.

         Музыкалық импровизация — өнімді көркем іс-әрекетінің формасы, одан жаңа туынды туады. Осы әрекетте баланың шығармашылық музыкалық ойлауы жатыр, ол музыкалық тіл арқылы қалыптасады.

Музыкалық тіл – бұл арнайы құрал, ол арқылы музыкалық «ақпаратты» жеткізеді және сақтайды. Музыкалық тіл – «грамматикалық норма» жүйесі, қолдану ережесі, «сөз-моделді» қосуы. Музыкалық тіл – барлық дыбыс құрылысының байланыс жүйесі, оның нақты мағынасы. Музыкалық тіл – музыкалық әрекетінің фундаменті және музыканы жүзеге асыру.

4 жасында бала музыкалық-шығармашылық қабілеті бастапқы жағдайда және де музыкалық ойлауының өнімі ретінде қалыптасады. Бұл кезеңді «байқау, сынау» дейміз.

5 жасында бала өзінің музыкалық импровизациясында кең мағынадағы мазмұнын қолдана алады. Бұл кезеңді «ырғақтық кезең» деуге болады.

7 жасар бала музыкалық импровизациясының бейнелеу мазмұны кеңейе түседі: көңіл-күй сюжетінің кеңдігі байқалады. Сондықтан, мектепке дейін және мектеп кезеңінде оқушыда көркем-бейне, музыкалық ойлау қалыптасады. Бала шығармашылығында кең және аяқталған әуендер пайда болады (период формасындағы — әуендік кезеңнің дамуы).

Балалардың музыкалық шығармашылығында қалыптасуы ол: түрлі және сұлу әуендегі музыкалық аспаптар; балалар алдында қызығушылық музыкалық-танымдық мақсат қою, олардың өмірлік және көркемдік әсемдігінің актуалдығы, қор жинау т.б.; үлкен кісілердің бала шығармашылығына қатынасы, баланың музыкада өз-өзінің әсерлігі.
Тағы рефераттар