Балқыған болатты құйып алу тәсілдері туралы қазақша реферат. 

Балқыту пештерінде балқыған болатты шөміштерге құйып алып, көпір кранмен оны сом тьемір құятын жерге жеткізеді. Ол шөміштердің сыйымдылығы  5-250 т аралығында. Ірі балқыту пештерінде болат қорытқанда, шөміш сыйымдылығы 400 тоннаға дейін болады (диаметрі мен биіктігі 6 м-ге дейін). Шөміштің корпусы болаттан пісіріліп жасалып, іші отқа төзімиді кірпішпен астарланады.

Шөміш түбінде  болатты құйып алуға арналған тесігі бар керамикалық стакан (2) орналасқан. Тесікті тығынмен (1) ашып-жабуға болады. Ол үшін рычагты механизм (3) қолданылады. Болатты үздіксіз құю қондырғысының кристалдандырғышына құяды.

1.Шойын қалыптардың пішіні құйма оңай шығу үшін конум болып жасалады. Прокатталатын құймаманың массасы 10-12 т, ал жұмыр соғылма жасау үшін 250-300 т етіліп құйылады. Мұндай қалыпқа құюдың екі түрі бар: жоғарыдан және сифонды құю

Жоғарыдан құйғанда болатты шөміштен екі қалыптың әрқайсысына жеке құяды. Болат жоғарыдан құйылғандықтан, сұйық болат шашырап, тотық қабыршықтарымен араласып, тазалығы нашарлайды.

Болат құюдың сифонды әдісінде (2.7б-сурет) еденге қойылатын қалыптардың саны 2….60 аралығында болады. Орталық құю жүйесінен құйылған болат қалып табанындағы арналар арқылы (қатынас ыдыстары заңына сәйкес) барлық қалыптарды бірқалыпты, шашырамай толтыратындықтан, құйма беті таза болады. Болат жалғанған қондырғыда, сұйық күйінде сақталып, қуыстары азырақ қатаяды. Көміртекті болаттарды жоғарыдан, ал легірленген болаттарды сифонды әдістермен құяды.

Болатты үздіксіз құю (2.8-сурет) арнайы қондырғы көмегімен іске  асырылады., Сұйық болат шөміштен (2) аралық шөміш (1) арқылы үздіксіз жабылған кристалдандырғышқа (3) құйылады. Кристалдандырғыш аққан болат сумен салқындатылып, ұйытқымен (затравка) жанасып, жылдам қатаяды да, айналатын шығыршықтардың  (5) жәрдемімен 1-2,5 м/мин жылдамдықпен төмен қарай тартылады. Одан соң ол белгілі өлшеммен газ шілтерлері  арқылы кесіліп, көмкергіш жәрдемімен роликті конвейерге түсіп, прокаттау стандарына жеткізіледі.

Үздіксіз болат құю қондырғыларында қимасы тікбұрышты, өлшемдері 150×150-ден 300х200 мм-ге дейін сом металл, 150-ден 400 мм-ге дейін шаршы дайындамалар және қабырғасы қалың құбырлар жасалады.

Болатты өндірудің әдістері

Болат өндірудің конвертер әдісі

Конвертер деп іші отқа төзімді кірпішпен астарланған болат ретортаны айтады. Конвертерде болат алу әдісін 1854 – 1856 жылдары ағылшын Г.Бессемер бірінші болып қолданған. Бастапқыда бұл әдіс бойынша болат алғанда, конвертерге қүйылған сүйық шойынды астынан ауамен үрлеген.

Болат өндірудің мартен әдісі

Мартен үдерісін 1865 жылы француз металлургтары Э. Мартен мен оның ұлы П. Мартен ұсынған. Мартен пеші жылынды және регенеративті пеш болып табылады. Оның балқыту кеңістігінде газ тәрізді отын немесе мазут жағылады.

Электр пештерінде болат өндіру

Балқытудың басқа агрегаттарымен салаыстырғанда, электр пештерінде балқытудың артықшылықтарына мыналар жатады.

  1. Жылдам қызып, 2000˚C-қа дейін жылудың тұрақты болуы.
  2. Тотықтанатын, бұрынғы қалпына келетін немесе бейтарап атмосфера және вакуум жасау мүмкіншілігі. Соның арқасында электр пештерінде мапасы жоғары және арнайы қасиеттері бар, зиянды қоспалары аз болаттар қорытуға болады. Металлургиялық электр пештері доғалы және индукциялы болып бөлінеді.

Балқыған болатты құйып алу тәсілдері

Балқыту пештерінде балқыған болатты шөміштерге құйып алып, көпір кранмен оны сом тьемір құятын жерге жеткізеді. Ол шөміштердің сыйымдылығы  5-250 т аралығында. Ірі балқыту пештерінде болат қорытқанда, шөміш сыйымдылығы 400 тоннаға дейін болады (диаметрі мен биіктігі 6 м-ге дейін).
Тағы рефераттар