Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу туралы қазақша реферат

Банктен несие алу ушін 6ipінші рет барған кәсіпорын өзінің жарғысын, ұйымдастыру құжаттарының көшірмемін, ережелерін, жалға алу келісімдерін, тіркеу куәлігін және клиенттің несие алу құқығының барлығын  растайтын басқа да құжаттарын банкке ұсынады. Қарыз алушының несиені алғаш рет алып отырғандығына немесе несиені үнемі пайдаланып жүргендігіне қарамастан несиені алудың мақсаты, пайдалану мерзімі зерттеледі, содан соң ғана несиелендірілетін шаранығ техникалық-экономикалық негіздемесі, күтілетін түсімнің есебі; жылдық пен тоқсандық бухгалтерлік және статистикалық есептер, қаражат нәтижесі жөніндегі есептері, басқа банктердегі ашылған шоттарының көшірмесі; қарыз алушының несиені қайтару қабілеттілігі және қаражат жағдайын анықтайтын басқара деректер; банк тәжірибесінде қабылданған нысандағы несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ететін мүмкіндігі (кепілдікке салынатын мүліктері, сақтандыру куәлігі және т.б.) және басқа да құжаттарының көшірмесі банкке ұсынылады.

Аталған құжаттар болған жағдайда банкке заңмен белгіленген талаптарға, санитарлық-тазалық, экологиялық және басқа да нормаларға жауап беретін кәсіпорындардың құрылысының (қалпына келтіруге) жобасы (жұмыс жобасы), сондай-ақ жоғарыда аталған нормалардың, мердігерлік келісімдердің сақталатындығын растайтын сараптау мекемелерінің және смета құжаттары бар болса ғана несиелеу саясаты оң шешіін табуы мүмкін.

Алматы сауда қаржылық банкісіне несие алу тілегін білдіру

Алматы қ. «28» маусым 2002 ж.

 

Қарыз сұраушы:                 «АЛСИ» ЖШС                                                                              .

Мекен жайы:          Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Көктем-2, үй 8                             .

Реквизиті: Қазақстан Халық Банкісі, СН 600400063768, ИИК 3467726, Кбе 17, БИК 190501956

Несиенің мақсаты:               ТМҚ алу                                                                                       .

Несие сомасы:       500000 (бес жүз) мың АҚШ доллары                                                       .

Несие мерзімі:                    6 (алты)  ай                                                                                     .

Несиенің игеру графигі                                                                                                             .

Несиенің өтеу графигі                                                                                                               .

Несиенің тұрі                                                                                                                              . 

Қамтамасыз ету                                                                                                                          .

(кепілдік, гарантия, алынатын (алынуы тиіс) шоттары)

Қаржыландыру көзі                                                                                                                   .

(өз қаражаты, банкі несиесі)

Несиені өтеудің көзі                                                                                                                  .

 

Басшы:

Бас бухгалтер

М.О.

   

Несие беру келісім шарты бекітілгенге дейін банк қарыз алушының несие қайтару қабілеттілігін мұқият талдауға, қарыздың (ссуданың.) өтелмеуіне әсер ететін факторларын; қарыз алушының  атағын, бұрын алынған ссудасын уақытында өтеуі (соның ішінде басқа банктерден де), басқа міндеттемелерге қатынасын, қарыз алушының экономикалық және қаражаттық жағдайын, балансы бойынша төлем қабілеттілігін және несиені пайдалану тиімділігін және т.б. мүмкіндігін зерттеуге міндетті.

Қарыз беруші банк қарыз алушыдан негізгі қарызын да, оған төленетін пайызын да өндіріп алуға және оларда кепілдік мүліктерін талап етуге құқығы бар. Тауарлы-материалдық құндылықтарды, өнімдерді және басқа да кепілдік салуға болатын мүліктерін ұсынған жағдайда банк несие береді.

Қарыз алушының мүлкіне банк олардың арасында жасалған келісім шарт бұзылған жағдайда ғана иелік ете алады. Сондай-ақ, кепілге алу міндеттемесі қарыз алушы төлеуге қабілетсіз және банкротқа ұшыраған кезде, кепілге салынған мүлікті өткізуден түскен түсімді несиені өтеуге жатқызылады. Кепілге салу жөніндегі келісім тұрғын үйді кепілге салуды қоспағанда, нотариалдық куәліксіз жазбаша түрде жасалады.қарыз алушыға тиесілі тауарлы-материалдық құндылықтарды немесе шығарылуына қарай  дайын өнімді кепілге салу кепілге салудың бір түрі болып табылады. Кепілге салуға ақшалай бағаланатын мүліктер, соның ішінде бағалы қағаздар да ұсынылуы мүмкін. Кепілге салынған қндылықтар әдетте қарыз алушының иелігінде қалады, қарыз алушы кепілге салынған тауарлы-материалдық құндылықтарды басқа құндылықтарға ауыстырған жағдайда сатуға немесе өз өндірісінде қайта өңдеуге құқылы. Кепілге салынған бағалы қағаздар несие келісіміне қол қойылғаннан кейін, банкке сақталуға беріледі және несие толық өтеліп ол бойынша пайыз төленгеннен кейін қарыз алушыға қайтарылады. Борышкер кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындамаған жағдайда «Кепілге салынған» мүліктің құнынан банктің талабын қанағаттандырі соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Банк мүлікті кепілге салуға қабылдаған кезде, әсіресе, кепілге салынған мүлікті сақтау кезінде оның толық сақталуы қамтамасыз етілмеген жағдайда, қарыз алушының есебінен оның толық сақталуын талап етуге құқылы. Кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда, егер ол сақтандырылған болса, банк талабын сақтандыру өтемінен қанағаттандырудың айрықша құқығын пайдалана алады. Банк шартта белгіленген тәртіпке сай, қарыз алушының кепілге салған мүлігінің құнына несиенің сомасын өндіріп алуға құқылы.

Кепілдеме негізінен жазбаша түрде ұсынылады және ол несиені пайызымен бірге өтеудің міндеттемесі болып табылады. Қарызданушы кепілдеме хатын өзінің шоты тұрған жердегі банк мекемесіне ұсынады. Бұл жерде қарыз да, оның проценті де толығымен өтелгенге дейін сақталады. Қарызданушы банкісіне кепілші-банктің кепілдеме қабылдағаны жөнінде (яғни, банк мөрімен бекітілген кепілші-банктің басшысы мен бас бухгалтерінің қолы қойылған) белгісі бар көшірме ұсынылады. Кепілдеме қарыз берілгенге дейін беріледі. Ол қарыз бойынша төлемді кейінге қалдыруы жөнінде банкке барған қарыз алушыдан да талап етілуі мүмкін. Толтырылған кепілдеме хаты төменде келтірілген.

Кепілшінің шотынан даусыз түрде қаржыны есепьтен шығару төлем-талап тапсырмасы ұсынылған кезден бастап жүзеге асырылады. Қарыз алушының өтелмеген несиесі үшін жауапкершілігін сақтандыру «Сақтандыру жөніндег» ҚР-ң Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Банк қарыз алушыға берілген несиені сақтандыру компаниясымен несиелік тәуекелділігімен өз еркімен сақтандыру жөніндегі шарт жасасу жолымен, өз бетінше сақтандыра алады. Бұл жағдайда банк несиелік шартта қарыз алушының несиені өтемегені үшін жауапкершілігін өз еркімен  сақтандыру шарты бойынша банк төлеген сақтандыру төлемінің сомасын банкке қарыз алушының қайтаруын қарастыруы мүмкін.

Қарыз алушыға несие жасалынған шартына сай беріледі. Бұл келісімде несиенің мақсаты, мөлшері және мерзімі, құжаттар тізімі және олардың банкке ұсынылу мерзімділігі, несиенің мақсатты пайдалануының және қамсыздандырылуын тексері нысандары, несие бойынша қарыздарды өтеудің барысында кепілге салынған мүліктерді өткізудің рәсімдеу тәртібі, қамсыздандыруды тексеру үшін банкке ұсынылатын ақпараттардың мазмұны ашылады.

Банк қарыз алушыға несиелік қызмет көрсетә үшін онымен бір жылға немесе одан ұзақ мерзімге шарт жасайды және әрбір несие берудің жағдайын әрбір клиент бойынша жеке дара анықтайды.

Қысқа мерзімді несие, әдетте, 12 айдан аспайтын мерзімге несиеленетін материалдық құндылықтардың айналымдылығына және шыққан шығынның өзін-өзі ақтауына негізделіп беріледі. Жекелеген жағдайларда өндіріс циклінің ерекшелігіне байланысты несиелер неғұрлым ұзағырақ мерзімге де, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге де берілуі мүмкін.

Несие, әдетте, қарыз алушының есеп айырысу шотында қаражаттың бар болуына қарамастан, қолма-қолсыз тәртіпте беріледі немесе оның есеп айырысу шотына аударылады.

Банк несиелік келісім-шартты жасамастан бұрын, қарыз алушының (қарызданушының) несиені өтеу қабілеттілігінің, қарызданушының репутациясының, қаржылықө және экономикалық жағдайын, баланс өтімділігін, айналым қаражатының пайдалану тиімділігін басқа да жағдайларын жан-жақты талдап зерттейді.

Тұрақты түрде несиеленетін қарызданушының банкке қойған кепіліне бухгалтерлік баланстың мәліметтері бойынша бақылау жасалынады. Олардың әрбір тоқсан сайын запастары мен шығындарының өзгерісі, дебиторлық және кредиторлық қарызы талданады, ал керек болған жағдайда, қойма мәліметері және бухгалтерлік есептегі натуралдық көрінісі зерттеледі.

Қарыз алушылар негізгі несиеден басқа несиені пайдаланғаны үшін  пайыздар, айыппұлдар төлеуге міндетті.

Несие алған жағдайда: 1030, 1010-есеп айырысу мен касса шоты; 3310-жабдықтаушылар  мен мердігерлердің шотын несиенің есебінен төлеген кезде аталған шоттар дебеттеліп және 4010 «Банк несиелері» шоты кредиттеледі. Несиені етеген жағдайда 4010 шоты дебеттеліп және 1030 шоты кредитгеледі.

Алынған несие бойынша мерзімінде өтелмеген қарыздарды төлеу мерзімі жеткенде 4010 «Банк несиесі» шотына: «Мерзіміңде өтелмеген ссудалар» немесе Қайтару мерзімі ұзартылған талдамалык шоттарына есептен шығарылады.

Несиені пайдаланғаны үшін банк үстеме пайызыи есептейді. Есептелінген пайыздардыңсомасы 7310 «Пайыздар бойынша шығындар» шотынын дебеті және 3380 «Төленуге тиісті процснтгер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Жылдық                        қарыз                      Несиенің

пайыздың          х         қалдығы        х         берілген        :  360 күн

мөлшерлемесі                                               күнінің саны

Шоттар корреспонденциясын жасап көрейік

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Сомасы теңге

дебет

кредит

1

2

3

4

5

1

03.01.2002 ж есеп айырысу шотына несие аударылды

1105600

1040

3010

2

Келісімшарттың жағдайына сәйкес несие қаражатын пайдаланған мерзіміне есептелген пайызы:

—          І тоқсан

8000х141,8х20%х90/360=56720 теңге

—          ІІ тоқсан

8000х142,6х20%х90/360=57040 теңге

—          ІІІ тоқсан

8000х142,75х20%х90/360=57100 теңге

—          IV тоқсан

8000х142,75х20%х90/360=57800 теңге

Несиенің нақты сомасы 28.02.2001 ж. өтелді, 2001 жылдың екі айына есептелген пайыз сомасы – 38100 теңге (8000х145,3х20%х59/360). Алынған несие бойынша барлық есептелген пайызы 266760теңге.  (56720+57040+57100+57800+38100)

266760

7310

7320

4160

3

Есептелген пайыз сомасы төленді

266760

4160

1040

4

Алынған несиенің негізгі қарызы өтелді, яғни 8000 АҚШ долларының эквивалентінде

—          алғашқы алынған несие сомасы

—          бағамдық өзгерістердің нәтижесінде пайда болған, айырма сомасы-56800 теңге (8000х145,3-8000х138,2)

1103600

3010

7450

7460

1040

1040

 
Тағы рефераттар