Жоспар
Кіріспе 3
I. Банктік қызметтер теориясының аспектілері.
1.1. Банк кызметінің мәні 5
1.2. Коммерциялық банктер қызметтерінің жіктелуі 9

II. Банктік қызметтер және олардың Қазақстандағы дамуы
2.1. Альянс Банктің шаруашылық қызметінің көрсеткіштері 15
2.2.Альянс Банктің кызмет қазіргі жағдайын талдау 23

III. Банк қызметтінің қазіргі жағдайы
З.І.Банктік қызметтердің даму перспективалары 28
3.2.Қазақстан Республикасының банктің қазіргі жағдайы 34

Қорытынды 37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 39
Вестник Альянс Банка на 2008 год . 41

КІРІСПЕ

Мен курстық жұмыс істеу барысында банктердің қазіргі жағдайын қарастыруға тырыстым. Өзім банкте жұмыс істеген соң курстық жұмысты түсінікті қылдырып жазуға тырыстым.

Елімізде жүргізілген экономикалык реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.

Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі қазақстандық, сонымен қатар шетел банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуын зерттеу және де іс-жүзінде жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін ендіру негізінде ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр.

Соңғы жылдарда каржы нарықтарының ақша және капитал

нарықтарының құрылуының қарқынды процесі жүріп жатыр. Капитал нарығының дамуы жинақтарды шоғырландырудың және қаражаттарды инвестициялаудың екі біріктірілген, өзара байланысты процесті жетілдіруінсіз мүмкін емес. Жинақ табыстар мен түтынудьщ айырмасын көрсетеді.

Өзінің қызметі барысында банк әр түрлі аудиториялар типтерімен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т.б. Бүлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді.

Бірақ та бүл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып, көздеген жалғыз мақсаты емес. Бүдан басқа, банктер қаржы ресурстарыньщ өтімділігі мен табыстылығының колайлы үйлесімділігін, банк атағын қүру мен қолдауын және т.б. қамтамасыз етуге үмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы атағы тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді.

Банктің клиенттерімен қарым-катынасы банк өнімдерін сатып алу-сату процесінде пайда болды. Оларға мыналар жатады: несие беру, депозиттік шоттарды ашу, бағалы қағаздарды шығару, сатып алу және сату бойынша операциялар, валюталық қатынастар, есеп-айырысу операциялар табылады.

 Курстық жұмыс / 41 бет
Тағы рефераттар