Бәсекелестік жағдайындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары мен дамыту перспективасы туралы қазақша реферат

     Бәсекелестік жағдайындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары мен дамыту перспективасы:

— сақтандыру қызметін жетілдіру мен оны ары қарай дамыту перспективасына байланысты нұсқалар жүйесі айқындалды.

Загрузка...

Сақтандыру қызметі өркениетті қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады. Осыған орай, оның даму стратегиясы республиканың жалпы экономикалық дамуының стратегиялық міндеттерімен тығыз байланыста болуы шарт. Сақтандыру жүйесін реттеуді ұйымдастырудың жетілдірілмегендігі, осы сектор дамуының мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру механизмдерінің жоқтығы – осы аталғандар сақтандыру қызметін дамыту қиыншылықтарының көзі болып табылады.

2006 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (негізгі бөлім) және Қазақстан Республикасының келесі Заңдарына: «Сақтандыру қызметі туралы», «Көлік құралдарының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы»  және басқа да заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыратын «Сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Көрсетілген заңдарды қабылдау сақтандыру қызметі субьектілерінің іс-әрекетін реттеу және қадағалау бойынша талаптарды ЕО нормаларына сәйкес жасауға мүмкіндік берді.

Осыған орай, ұлттық сақтандыру қызметін дамыту стратегиясын әзірлеу барысында обьективті және субьективті түрде келесі талаптар ескерілуі тиіс болды:

— сақтандыру қызметі дамуының ұйымдық тұжырымдамасын әзірлеу;

— бағалаудың сапалық және сандық өлшемдерінің жүйесін анықтау және даму бағыттарын таңдау мен негіздеу;

— «Қазақстан — 2030» елдің ұзақмерзімді стратегиясы дамуының негізгі сатыларына сәйкес келетін сақтандыру қызметі рыногының даму стратегияларын, олардың мақсаттары мен міндеттерін әзірлеу;

— ұлттық және халықаралық рыноктағы өз орнын нығайту және бәсекелік артықшылықтарын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сақтандыру жүйесі дамуының стратегиялық бағдарламалары мен жобаларын стратегиялық маңызды бағыттар мен салаларға бағыттай отырып әзірлеу;

— әлемдік стандарттарға сай келетін сақтандыру қызметінің даму процестерін реттеу механизмдері жүйесін жасау.

Осы талаптарға сәйкес үш түрлі балама болжамды нұсқаларды қарастырып кетуге болады: пессимистік, реалистік және оптимистік.

Пессимистік нұсқада сақтандыру қызметінің дамуын басқару жүйесі құрылымдық өзгеріске ұшырамайды деген пікірді қарастырады. Кейінгі алты- жеті жыл ішінде қолданылып келген сақтандыру қызметін реттеу құралдарын қолдануды жалғастыру саладағы тоқырауға әкеліп, дағдарысқа ұшыратады. Осы нұсқаны жүзеге асыру әлеуметтік-экономикалық даму факторлары мен жағдайларының әсеріне ұшырауға әкеледі. Макроэкономикалық тұрақсыздық сақтандыру қызметінің дұрыс емес дамуына әкеп соқтырады. Ал, бұл өз кезегінде рыноктың даму қарқынының төмендеуіне, даму жағдайларының нашарлауына және сақтандыру қызметінің құрылуы мен қызмет етуіне әлуетті үлкен қатерлердің әсерінің жоғарылауына әкеледі. Осы кезде біздің республикамыз тәжірибе жүзінде сақтық қызмет көрсетулерді толығымен шетелден әкеледі. Нәтижесінде капиталдың мемлекеттен кетуі жүреді. Осы нұсқаның кейбір жағдайларының болу ықтималдығын естен шығармаған дұрыс.

Екінші нұсқа, реалистік көрініс, отандық сақтандыру қызметі рыногында қалыптасқан үрдісті толығымен көрсетеді. Осы тәсіл сақтандыру саласының дамудың ұзақмерзімді стратегиялық бағдарламасы аясындағы саланы басқару және ұйымдастырудың жоғары деңгейіне сатылап өтуін қарастырады.

Қазақстанның сақтандыру қызметі келесі бағыттарға сәйкес дамуы керек, олар:

— Біріншіден, Қазақстанның сақтандыру жүйесі тарихи тұрғыдан алғанда дамыған индустриялды елдермен салыстырғанда кейінірек қалыптасты. Әсіресе бұл алшақтық 1918-1988 жылдардағы мемлекеттік сақтандыру монополиясы кезеңінде ұлғая түсті. Ал бүгін біз осы артта қалушылықты жеңудің алғашқы қадамдарын жасап отырмыз, бұл қадамдар еліміздің ішінде болып жатқан отандық сақтандыру қызметі рыногындағы келеңсіз үдеріс арқылы тежелініп отыр.

— Екіншіден, қазіргі кезеңде сақтандыру қызметі қай елде болмасын оқшау өмір сүре алмайды, ол үшін қайта сақтандыру арнасы арқылы тәуекелді халықаралық қайта бөлуге қатысу керек. Қазақстан өзінің тарихи және географиялық ерекшеліктерінің арқасында кен өндіру саласында үлкен тәуекелдерге ие болды. Бұл балама қайта сақтандыруды қажет етеді және сол үшін де Қазақстан күннен күнге тәуекелдерді қайта бөлудің дүниежүзілік үдерістеріне қатысуға мәжбүр.

— Үшіншіден, қазіргі таңда сақтандыру қызметіне дамыған филиалдары бар, еншілес компаниялар мен әлем елдерінде өкілеттігі бар көптеген халықаралық сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары қатысады. Дәл осы ұйымдар бүгінгі сақтандыру қызметі рыногының таңдаулы көшбасшысы болып отыр.

Қазақстанның БСҰ-на кіргелі тұрған шағында шетелдік компаниялардың қазақстандық сақтандыру қызметі рыногына енуі жағдайында отандық сақтандырушылар мен шетелдік сақтандырушылар арасында бәсекелестік туар жағдайда, сақтандыру ісін ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесін қолдану өте қажет.

— Төртіншіден, қазіргі кезеңде рыноктық экономиканың жаһандану үдерістерінің салдарынан мемлекеттік реттеу ұлттық сақтандыру жүйесінің шегінен тыс шығып кетеді. Көп жағдайда реттеу қызметі мемлекетаралық деңгейге ауыстырылады. Сақтандыру қызметінің халықаралық рыногына кіру кезеңінде еліміз сақтандыру ісін және оны реттеудің халықаралық стандарттарын енгізудің қажеттілігін сезініп отыр.

— Бесіншіден, шоғырлану үдерісіндегі Қазақстанға, ТМД елдеріне және жақын шетелдерге еуропалық тәжірибені ескеру жөн болады, себебі ЕО бұл күнде шоғырланудың ең мықты түрі болып табылады.

Осы ұсынылған болжамдар қазіргі кезеңдегі үрдістерден туындайды және

де ол әр түрлі экономикалық жеке саяси факторлардың әсерінен өзгерістерге

ұшырауы ықтимал, бірақ ол өзінің жалпы мазмұны мен мақсатын өзгертпейді.

.
Загрузка...

Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар