Өрісін тауып, өркенін жайып, өшпеген – беташарым» Қостанай өңірі мен қандас бауырларымыздың беташар салтын салыстыру, ерекшеліктерін айқындау .

Жаңа түскен келіннің бетін ашып, көпшілікке таныстыру — халқымыздың құрметтейтін, ежелден келе жатқан дәстүрі. Беташар әр жерде, әр түрлі айтылады.  Басына, бетін көрсетпей, орамал жапқан келінді екі абысыны екі жағынан сүйеп, алдын ала дайындап қойған жерге алып келеді. Мұның өзі абысындарының өзінен кейінгі келінге көрсеткен өнегесі, әрі абысындар арасындағы сыйластықты бір-біріне білдіру жолы болып табылады. Өткені «келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» деген сөздер алғаш келген келін сәлем бергенде демеген абысындарға да қатысты. Ақын жігіт келіннің жанұядағы орнын айта келе, жаңа түскен жеріндегі жігіттің жақын туыстарымен таныстырып, сәлім бергізеді. «Беташардың» мағынасы — енді қыздың жаңа жанұяға келіп, қызметінің өзгергенін білдіреді. Әдепті келін болуы жайлы осы жерде айтылады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сыйын атайды да, сәлем салғызған ақынды құр алақан қалдырмайды.

Беташар, сәлем салу — қазақ халқының көнеден келе жатқан дәстүрі. Ол жаңадан келін болып түскен жанның өз қайын жұрты алдында беті ашылып таныстырылған соң құрметпен бас июі. Біз бүгінде келін түсе қалып, табалдырық аттағанда емес, біршама уақыт өтіп (тойға дайындық болып) алыс-жақын туыстар жиналған соң барып, беташар рәсімін жасап жүрміз. Туған-туыстардың алдында жаңа келген келіннің кім екендігін, оның жүзін көрсету, көрімдік беру алғашқы уақытта орындалатын дәстүр. Бабадан келе жатқан дәстүрдің өзгеше  сипатқа еніп, жас ұрпақтың оны басқаша қабылдауына әкеліп жатқан секілді.[9]

Қазіргі Қостанай өңірі мен Өзбекстан республикасынан келген қандас бауырларымыздың беташар салтын салыстыра зерттегенде  біраз айырмашылық бар екенін дәлелдедік. Соларға біраз көз жүгіртсек….

Қостанай облысының  өңірлерінде беташар дәстүрінде айтарлықтай айырмашылық бар екен.  Біз Арқалық, Рудный,  Қостанай қалалары мен  Амангелді,       Жангелді аудандарындағы беташар салтын жіті зерттедік. Зерттей келе үлкен бірнеше өзгешеліктерді байқадық, ол келіннің сәлем беруі. Қостанай өңіріндегі қазақтардың сәлем беруінде, жыршының «бір сәлем» сөзінен кейін (қайын ағаларының, қайын апаларының, қайын сіңілдерінің, қайныларының) есімдері аталғаннан кейін келін бір рет жалпы түрде  сәлем береді.  Ал қандас бауырларымыз жоғарыда аталған адамның (әр қайын ағасына, әр қайын апасына, әр қайын сіңілсіне, әр қайнысына) жеке-жеке сәлем береді. Ондағы айырмашылық Қостанай өңірлеріндегі қазақтарда  сәлем беру, есімдердің жалпылауы болып табылса,  ал қандас бауырларымыздың әрқайсысына жеке дара сәлем беруі болып табылады.[8]

Ал келесі үлкен айырмашылық беташардың өтетін жері. Қостанай өңірінің халықтарында беташар салты тоймен бірге өтеді. Келін түсірген шаңырақтың материалдық жағдайына қарай той жасалынып, келіннің бетін той өтердің алдында ашады. Яғни беташар  той үстінде өтеді. Бұның бәрі қандас бауырларымыздың беташарында өзгешелеу.  Қандас бауырларымызда келін түскен күні жұртшылық, туған-туыс жиналғаннан кейін келіннің бетін ашады. Ал той басқа күні өтеді. Беташардан кейін тойды бір күнде жасамайды. Көбінесе күн өткеріп, ай өткеріп, қаражат болмаса бір жылдан кейін де тойды жасай береді.

Тағы бір үлкен айырмашылық ол – келіннің киімінде. Жергілікті Қостанай өңіріндегі халықтың салты бойынща беташарға  келіннің киетін киімі той көйлегі, яғни ақ көйлек, ақ аяқ киім, басына ақ үлкен орамал. Келінді осы аталған киіммен шығарып, бетін ашады. Ал Қостанай облысына көшіп келген отандастарымыз келіншектің үстіне қолдан тігілген ұзын етекті, ұзын жеңді көйлек кигізіп, аяғына үй аяқ киімін кигізеді. Басына шашақты ақ орамал (шарқат) таққызып, келіннің бетін ашады. Бұл да бір баяғы заманнан үлкен өзгеріске түскен киім үлгісі. (баяғы заманда сәукелемен бүрмелі көйлекпен шығарып, бетін ашқан.)

Сонымен қарар, келіннің екі жағын ұстайтын абысындардың киімінде де өзгешеліктер бар.  Жергілікті Қостанай өңірінің халқының бет ашуында келіннің екі жағын ұстайтын  абысындары үстіне тойға келген киімімен тұрса,  ал Қостанай өңіріне көшіп келген бауырластарымызда келіннің екі жағынан ұстап тұрған абысындары үстеріне қазақы ұзын қамзол киіп, иықтарына немесе қолдарына (келіннің сол жағында тұрған абысының оң қолында, ал сол жағында тұрған абысынының оң қолына) ақ орамал байланады. Бұл ырым келіннің отауы берік, ақ жаулығы ұзағынан болсын деген ниетінен туған екен.[16]

Тағы бір айырмашылық  Қостанай жеріндегі  жергілікті халықтарда егер келінді алып қашып келетін болса, онда беташарға,  яғни тойға ата-анасы келмейді екен. Ал қандас бауырларымызда келінді алып қашып кеткен болса да, оның тойына ата-анасы келуге міндетті.

Қостанай өңірінде келіннің беті ашуы кезінде келіннің басындағы үлкен шәйі ақ орамалына тағы бір орамал жалғанып, оны сол шаңырақтың кіші ұлы немесе туғандарының ұлы яғни келіннің қайын інісі ұстайды. Ал қандас бауырларымызда дәл осындай болғанымен, байланған матаға тағы өте қалың емес не өте жұқа емес ағаш байланып, келін тұрса ағаштың басын төмендетіп, келіншек еңкейсе ағаштың басын көтереді екен. Бұл ағашты аса безендіреді. Ол бақыттың, қуаныштың белгісі. Кейбіреулеріне үкі немесе ала жіп, көз мойыншақ тағып қояды екен. Бұл келінді тіл көзден сақтасын деген ырым. Бұл қос өңірдегі беташардың бір қыры.[4]

Тағы бір айырмашылық кейбір Қостанай аймақтарында келіннің бетін ашушы адам (жыршы жігіт) келінге өсиет сөзін айтқаннан соң сәлем салдыратын кісілердің атын өзі емес асабаларға айтқызса, ал отандастарымыздың бәрінде есімдерді тек қана жыршы айтады.

Біздің зерттеуіміз бойынша жергілікті халықпен Өзбекстан республикасынан келген бауырларымыздан тағы бір үлкен өзгешелік беташардан кейін келіннің бетін әркелкі ашуында. Мысалы Қостанай облыстарында беташардан кейін келіннің бетін жыршы (келіннің бетін ашушы) домбырамен ашады екен. Ал бұл бауырластарымызда бұлай өтпейді. Бауырластарымыз беташар жырын айтып болғаннан кейін өз қолымен домбырасыз ашады. Бірақ бұл дұрыс емес. Өйткені ата салтымыздан келіннің бетін домбырамен ашатын қаннан дарыған әдет-ғұрыпымыз болып табылады.

Ал ұқсастығына келетін болсақ, бұл екі түрлі беташар салтының сәлем бергізу реттері бір болып келеді. Мысалы: Ең бірінші аруақтарға, содан соң қайынатасына, қайыненесіне, қайынағасына, қайынапасына, қайнысына, қайынсіңілсіне, жездесіне, алыстағы туған-туыстарына, көпшілікке сәлем салады.

Қостанай өңірі мен Өзбекстан республикасынан қоныс аударған қандас бауырларымыздың келіннің бет ашуынан бірнеше жыр шумақтарын келтірсек.

1.  Торғай өңірінің айтулы ақыны Қонысбай Әбілевтің бір тойдағы беташарынан үзінді.
2.  Арқалық қаласының жас ақыны Қаненов Азамат Боранбайұлының бір тойдағы беташарынан үзінді.
3.  Өзбекстан республикасынан қоныс аударған қандас бауырларымыздың  беташарынан үзінді. 

Беташардың алғы сөзі 

Торғай өңірі                               Арқалық қаласы              Қандас бауырларымыз

Құлағың сал көпшілік,               Ал ағайын, ағайын                Піссімілә деп бастайын,

Домбыраны қолға алып.            Бір кәдеңе жарайын              Беташардан қашпайын.

Қадам басты екі жас                   Жаңа түскен келіннің           Бетін ашып келіннің,

Ақ тілекті жолға анық.               Көрімдігін алайын                Көрімдігін алайын.

Сыйластығын көңілдің,              Келін келді туғандар,           Алқалаған әлеумет,

Сақтағанға не жетсін.                 Ағайын бауыр ұландар        Аз ғана шыдап сабыр ет.

Ахаң мен Жахаңның,                  Ата-анасын қуантып            Жиылған жұртың көрмекке,

Елі болған, бұл Торғай.              Сүйіншісін сұраңдар            Сіздерге сәлем бермекке,

Амангелді, Кейкінің,                  Әуелі бастан бастайық         Келіншек келді көріңіз.

Жері болған – бұл Торғай.         Асықпайын, саспайын         Көргеннен кейін біздерге,

Қадіріне елінің                            Ағайын мен туысты              Көрімдігін беріңіз.

Жете алғайсың, келінжан.         Таныстырып тастайын.         Жаңа түскен жеріңіз.

Ел-жұртыңды ырза ғып,                                                             Жастары бар, қарты бар,

Бата алғайсың, келінжан.                                                           Бет ашатын салты бар.

 

Аталарын таныстыруы

Азамат қылып өсірген                Анау тұрған атасы                    Кешіріңдер көпшілік

Алты бірдей ботаны.                  Сөзінің жоқ бұл қатесі              Болса біздің қатеміз.

Бар байлығы – баласы,              Тілейді қабыл болсын деп         Сатулы болып жүргесін

Дүние артық жимаған.               Балаңның алғаш батасы            Келінге берген батамыз

Сол үшін де халқы оны,             Білі-білсең келінжан                 Төбедей болып төрдегі.

Көтеріп көкке сыйлаған.            Қара жердің жотасы                  Отырған анау атаңыз

Қайын атаң да, әрі әкең              Сондықтанда жас келін            Аталарыңа бір сәлем!

Секеңе жаса бір сәлем!             Аталарыңа мың сәлем!

 

Енелерлерін таныстыруы

Келінді болдың дегенде,            Анау тұрған анасы,                   Тыңдасаң келін зейінмен,

Өз құлағына өзі сенбеген.          Балалардың панасы                  Айтылған сөзім өнеге.

Көңілге кірбің түскенде             Сен де енді келінжан                Қарсылық қылма көне бер

Ақ пейілмен емдеген,                 Сол кісінің баласы                    Көп жасаған көнеге,

Мінезі жібек, жайдары               Енеңіз тілек тілейді                   Ерте тұрып, кеш жатып,

Самалды күндей майдағы.         Көбейсін деп қарасы                 Ауырлап сөзін елеме

Сабырменен салмақты,              Сондықтан да келінжан            Туып өсіп өнетін

Бітірген ісін ойдағы                   Енелеріңе бір сәлем!                  Бал бала мен немере.

Тұрсын сынды енеңе,                                                                      Өсірген талай ұл мен қыз,

Келінжан, жаса бір сәлем!                                                          Енелерге сәлем сал!

 

Қайын ағаларын таныстыруы

Аталы сөз айтуға,                      Анау тұрған  қайынағасы          Жан сүйсінер айдыны.

Топқа бір түсіп төселген.         Жұбайының жағасы                   Жанашырың, жақының

Елінің бүкіл көші өрген,           Іні үшін ағаның                          Аямайтын ақылын.

Осында бүгін отырған              Өте артық бағасы                       Бүгін мынау той жасап,

Қайынағаңы бір сәлем.           Сондықтан да жас келін            Осып отырған пайдаға,

                                                   Қайынағаңа мың сәлем!          Қайнағаларыңа сәлем сал!

 

Абысындарын таныстыруы

Шеттерінен ақ көңіл,               Анау тұрған абысын                 Жас келін деп мәпелер,

Жүздері гүлдей жайнаған.      Бөлісе тапқан табысын              Майын, құртын әперер.

Мінезі қандай биязы,               Ол кісі тілек тілейді.                 Бар керегін әперер.

Көркіне көзі тоймаған,            Бәрінің қорғап намысын         Бермепті қолдан намысын,

Жанында тұрған ағайдың        Сондықтан да жас келін           Жас отауға жаңадан,

Аяғын басып ойнаған,             Абысындарыңа мың сәлем!     Еркектен әйел кем бе деп,

Жеңгейлерге бір сәлем!                                                               Абысындарға сәлем сал!

 

Қайын апаларын таныстыруы

                                               Інісінің тойында                        Апалар тұр осында,

Әкеліп сойған қойында            Қуаныш көп басында.

Еш арамдық жоқ ішінде           Қызмет қылсаң ерінбей,

Апаңыздың ойында                  Теңейтін сені асылға.

Жақсылығын мойында             Жүгіріп жүріп қайтсін-ай,

Жанашырың жақының             Күтуші еді асыға,

                                              Апаларыңа мың сәлем!          Апаларыңа сәлем сал!

 

Жезделерін таныстыруы

                                             Тек жақсылық көздеген          Той болғанда жиылар,

Алыспын деп безбеген            Ағайын туыс өзгелер,

Қайынағадан кем емес            Қызметімен еленер,

Сыйлас қалқан, жездемен       Күлімдеп  жүрген жезделер.

Келесі кезек келінжан             Әзіл сөзге келгенде,

                                                Жезделерге мың сәлем!         Жезде дегенге кім жетер,

                                                                                                  Жезделерге сәлем сал!

 

Қайын інілерін таныстыруы

Жарғақ шалбар борбайда,        Келесі кезек қайнысы.            Жайнап тұрар от болып,

Мойынға гитар асынған,          Қайнысы іске жай кісі            Жанып жүрер шоқ болып.

Сұлу көрсе сұқтанып,               Еркем-ау,  деп жұмсасаң,      Аузында өлең сәні бар,

Күшіне қуат қосылған.             Сол болар ең дұрысы             Аңқылдап жүрер жаны бар.

Қайын інілерге бір сәлем!       Сондықтан да жас келін,       Осындай болар қайнысы?

                                                    Қайныларыңа мың сәлем!   Ақ жарқын қайның бар,

                                                                                                      Қайныларыңа сәлем сал!

 

Қайын сіңілдерін таныстыруы

Ұйқысы қанбай оянбай,            Келесі кезек бикешім,             Тыңдайтын сенің сырыңды,

Жұмысқа ерте бармаған.          Бикештің үйрет білмесін,        Жырлайды сенің жырыңды,

Той болса бұрын жиналып,      Беті қызыл жігіттің                  Қуанып жүрген осында

Кешігіп одан қалмаған.            Құртпасын бикеш жүйкесін.   Әдемі ұзын бұрымды,

Секіріп-қарғып билесе,             Менде осылай болам деп,       Танып ал келін сен енді

Тұрған жері шаңдаған.             Құриды оның жүйкесі.             Қадірлі қайын сіңіліңді

Қолдары босай қалғанда          Сондықтан да жас келін,          Қайын сіңіліңе сәлем сал!

Өзіне серік таңдаған,                Бикештерге мың сәлем!   

Қайын сіңлілерге бір сәлем!

 

Көпшілікке таныстыруы

Манадан бері өзіңе,                  Жырымды арнап сарнайын,      Бетіңді ашқан баламын,

Ақылын айтып қақсаған.         Қызмет етіп талмайын.              Шырқап әнге саламын.

Ақталып елдің үміті,                Той қызығын шалқытып,           Құтты болсын келінжан,

Болсын деп сен жақсы адам.   Таңды-таңды жалғайын,            Жаңа басқан қадамың.

Не керек, нөсер жырларым      Қосылған екі жасқа,                  Тілеймін саған ақ тілек,

Шашу ғып бүгін шашпаған.    Ақ тілекті арнайын,                    Мінезді бол ақ ниет.

Өзіңнен басқа, келінжан,          Ерінбесең келінжен,                  Осы отырған қауымға

Ешкімнің бетін ашпаған,          Көпшілікке бір сәлем!              Иіліп қалқам сәлем ет,

Маған да жаса бір сәлем!       Самал желдей желігіп,               Көпшілікке бір сәлем!

Салған әнім қыр ассын,

Толықсыған келінжан,

Тойың тойға ұлассын!

Тауып айтқан барлығын.

Таныстырған еліңе,

Махаббаттың жаршысы,

                                                     Маған да келін, мың сәлем!

Ақ келін-ау, ақ келін,

Сені мынау күтіп тұр.

Сағына күткен бақ елің.

Ақ желегіңді ашайын,

Асыл жүзін көріңдер,

Қаумалаған халайық,

Жастарға бата беріңдер!-деп келіннің бетін ашады.

Біз зерттеу барысында, осы мәселеге көңіл бөліп зерттедік. Ал осы  жағдайларды қарапайым халықтың білетін білмейтіндігін анықтауға тырысып, жергілікті халыққа сауалнама ұйымдастырдық.

Сұрақтар:

1.  Беташар салтын қалай түсінесіз? Өзіндік пікіріңіз?
2.  Біз барлығымыз бір республикада тұрамыз, бірақ әр облыстың өзіндік салты бар. Соған көзқарасыңыз?
3.  Беташарда келін иіліп сәлем береді, сәлем берудің қандай мағынасы бар?
4.  Қостанай облысы, сіз тұрған өлке көптеген салт-дәстүрден тым жырақта. Осы пікірге келісесіз бе? Түсінік берсеңіз? (Батысқа еліктеушілік)
5.  Қазақтың қанына сіңген дәстүрі беташардың қайта жаңғыру үшін қандай үлес қоса аласыз?

Осы сауалнамаға қатысқан адамдардың арқасында халықтың беташар туралы түсініктерінің дұрыс екендігін анықтадық. Беташар ескіден келе жатса да түп тамырымен ұмытылмай, тек жаңа бейнеде және жаңа қырынан байқалып, болып жүргенін анықтадық.
Тағы рефераттар