Білім беру жүйесі — сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi.

Білім беру — бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.

Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру — бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен     оқытудық  үздіксіз         процесі.

Білім беру ісін басқару мемлекеттік – қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім  және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге      асырады.

Білім беру мазмұны — оқушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты дамуы үшін негіз қамтамасыз ететін, олардың ойлауын, танымдық қызығушылығы мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге эмоциялы құнды қатынас жүйесі.

Білім мазмұнының       түрлері:
•  күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;
•  көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;
•  болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;
•  белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;
•  ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы         білімдер;
•  әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп         іске         асырылады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту        үшін жағдайлар         жасау;
•  азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін         тәрбиелеу;
•  Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер  жасау;
•  жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;
•  қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»          Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1.      Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының         теңдігі:
2.      Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының  білімге         қол    жеткізуі;
3.      Білім берудің      зайырлы    сипаты;
4.      Жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5.      Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;

6.      Білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;
7.      Білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;
8.      Білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;
9.      Білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;

10.    Оқушыларды     кәсіптік      бағдарлау;
11.    Білім беру жүйесін ақпараттандыру;

12.      Оқу    мен    тәрбиенің    бірлігі;
Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардық (бірлестіктердің) ұйымдық құғылымдарын құруға және олардың қызметіне жол             берілмейді.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.
Тағы рефераттар