Қазіргі кезде тауар биржаларындағы биржалық баға котировкасы зор мағынаға ие. Мысалы, Чикагодағы биржада тамақ өнімдеріне бағаны анықтау үшін брокерлер оқтын-оқтын жиналады. Және осы бағалар бүкіл ел ішінде қолданылады.

Биржалық котировка — контрактілік бағалардың тұрақтылығын және белгілі бір уақыт периодында (биржалық күн) биржалық келісімдер бойынша жай бағаларды енгізуді айтады. Бұл биржадан тыс келісімдерге қол қою кезіндегі бағдар болып табылады.

Қазіргі күнгі фьючерстік биржаларда бағалар жай бағдарлық шектерден асады. Әлі шығарылмаған тауар келісімдердің басымдылығы, биржалық жиналыс болатын күн көрсетілген контрактілерге қол қоюды меңзейді. Және де сол биржалық жиналыс болатын күннің бағдары сату бағасы болып табылады. Мысалы, құкаттарда келешек есеп айырысулар Стокгольм биржасында, айдан кейін қолданылатын котировальді бағамен жүргізілетіні жайла алдын ала белгіленеді. Бұл уақыт шеңберінде бұл контракт он шақты рет қолдан-қолға өтіп, спекуляцияға жол беруі мүмкін. Алайда, биржалық котировканың негізгі ролі — қатысушыларға тауар биржаларындағы бағалық пропорцияларда бағдар беру көмегі. Сондықтан, баға котировкасы дегеніміз — биржаның кәсіпкерлерге ұсынатын нарық конъюнктурасы жайлы басты мәліметі.

Саудалаудың нәтижелеріне сәйкес котировальді комиссия типтік бағаны енгізеді. Бұл типтік баға ең мүмкін баға болып табылады, өйткені оған кездейсоқ факторлар әсер етпейді. Келісімдер көп болған жағдайда, бұл баға орташа келісімнің контрактілері жайылы, және олар осы берілген тауарды сатып немесе сатып алып алғысы келетін бағалар жайылы мәліметтер котировка үшін бастапқы материал болып табылады. Бұл материалда келісімнің бағасы мен сатылым көлемі, келісімге келу кезіндегі биржадағы жағдай міндетті түрде ескеріледі.
Тағы рефераттар