Бисмарктың саяси қызметінің басталуы туралы қазақша реферат

Бисмарктың тұлғасын қарастырғанда ең алдымен ата-тегінен бастаған жөн. Бисмарк атақты, бірақ кедейленіп кеткен жанұядан шыққан. Ол пруссиялық жериеленушілер-юнкерлер классының өкілі, 1815 жылы 1 сәуірде Берлин маңындағы Шенгаузен деген жерде туды. Жанұя дәстүрі бойынша, ол әскери қызметке түсуге үміттенді. Бірақ профессорлық жанұядан шыққан анасы баланың дипломатиялық қызметке баруын дұрыс көрді. Анасының әсерінен бе, жоқ па Бисмарк мектептен кейін, Геттинген және Берлин университеттерінде құқықты оқып шығып, дипломат болуды шешті. Бірақ орналастыратын таныстары болмаған соң, Бисмарк шенеулік-әкімшілік қызметтен дипломатиялық қызметке жол салуды үміттенді. Бюрократияға жек көрушілік сезіммен Бисмарк ақырында бұл жұмысты тастап, әкесіне көмектесіп, Шенгаузен жеріне ие болады. Өмірінің бұл кезеңін Бисмарк былай еске алады: “Мен ауылшаруашылықта табысқа жетіп, соғыс басталып кетсе, ұрыстарда көзге түсіп, ауылда өмір сүріп, өлуге шештім” . Оның келешек бейнесінің белгілері “адам қиялдарына жек көрушілік, таудай талап, мақсатқа жетуде тәсілдерді таңдамау және дене мықтылығы” сол кезде-ақ қалыптасқан.

Бірақ ауылдағы өмір Бисмаркқа жарамады. Оның өміріндегі төңкеріс тарих оқиғаларына байланысты болды. “Ауыл қожайынының орнына саясаткер, жеке тұлғаның орнына тарихи тұлға” келуі уақыт мәселесі болды. Бұл сәт 40-шы жылдардың соңында туды. 1848 жылғы революция Бисмаркті саясаткер қылды, революция кезінде “Құтырған Бисмарк” деп аталып кеткен, арақ ішіп, айналаны қиратып жүрген адамның орнына жаңа Бисмарк туды. Бұл Бисмарк өзінің ойларын логикалық шешімге жеткізіп қана қоймай, оларды қорқақтықсыз, батыл айтып, қолдаушыларды да таң қалдыратын. 1848 жылы өз күшіне сенім, демократиялық қозғалыстарға, парламенттік талқылауларға жек көрушілік, қарсыласының күшін дәл есептеу алу сияқты мінезінің қасиеттері одан ары айқындалуда. Күш оның басты аргументі болды, күште ол “әрбір дипломатиялық және саяси жеңістің альфа мен омегасын” көрді. Сол кезде-ақ ол “Герман мәселесі парламенттерде шешілмейді, дипломатия мен ұрыс алаңында ғана шешіледі деген сөз айтады.

Сол кезде, Германия бірнеше кішігірім мемлекеттер мен князьдіктерден тұратын. Олардың саясатын Австрия бақылаған, Пруссия болса 2-ші орында тұрды. Бисмарктың саяси қызметі 1851 жылдың мамырында басталды. Ол Франкфурттегі Одақтық сеймде Пруссияның елшісі болып тағайындалды. Бисмарк Германияның бірігуі тарих мәселесі екенін сезіне бастады және осы бірігу Пруссияның гегемониясында жүзеге асыру керектігі де оған айқындалды. Армия мен Пруссияның милитаристтік жүйесіне сүйеніп, Бисмарк іске кірісті. Австриямен соғыстан құтылу мүмкін емес екендігін түсініп, Бисмарк ұрыстарға дайындала бастайды. Бұндай мақсатты алдына қойған Бисмарк халықаралық саяси жағдайдың маңызын түсінді. Соғыстарға үшінші мемлекеттің қатысуын қаламаған Бисмарк, Петербург пен Парижде бола тұрып мемлекеттердің мүдделерімен, қайшылықтарымен жақсы танысып алған. Қолайлы халықаралық жағдайды қалыптастыруға Бисмарк өзінің дипломат және саясаткер ретінде бүкіл күшін, айласын жұмсады.
Тағы рефераттар