Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) аудиті туралы қазақша реферат

Меншікті капиталдың бұл элементіне тексеру жүргізу кезінде аудиторға жылдың басындағы және аяғындағы қалдықтарды Бас кітаптың 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)», 5420 «Өткен жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шоттарының мәліметтерімен және бухгалтерлік есептің осы шоттардың кредиттік айналымы көрсетілетін регистрлерімен салыстыру қажет. Содан кейін шаруашылық операцияларының осы шоттарда көрсетілуінің дұрыстығын тексеру керек. Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспарына сәйкес есепті кезең ішіндегі табыстың (зиянның) жиынтық сомасы 5610 «Жиынтық табыс (зиян)» шотында анықталады. Бұл шоттың кредиті бойынша VII «Табыстар» бөлімі шоттарымен корреспонденциялана отырып, алынған табыстың жиынтық сомасы, ал дебеті бойьшша VIII «Шығыстар» бөлімінің шоттарымен корреспонденциялана отырып, шығыстардың жиынтық сомасы көрсетіледі.

5610 «Жиынтық табыс (зиян)» шотының дебеттік және кредиттік айналым сомаларын салыстыру нәтижесінде 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шотының көшірілетін таза табыстың (зиянның) сомасын анықтайды. Егер есепті кезеңде табыс алынған болса, онда 5610 «Жиынтық табыс (зиян)» шоты дебеттеліп, 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шоты кредиттеледі, ал егер де зиян болса, онда керісінше бухгалтерлік жазу орындалады, яғни, 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шоты дебеттеліп, 5610 «Жиынтық табыс (зиян)» шоты кредиттеледі.

Жоғарыда заң және құрылтай құжаттарына сәйкес есепті жылдың бөлінбеген табысының есебінен резервтік капиталға аударым жаса-лынатындығы айтылған болатын. Есепті жылдың зиянын жабуға бағытталған резервтік капиталдың қаражаттары сомасына 5300 «Резервтік капитал» бөлімшесінің тиісті шоттары дебеттеліп, 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шоты кредиттеледі. Есепті жылдың бөлінбеген табысының елеулі бөлігі дивиденд және серіктестік қатысушыларына табыс есептеу үшін жұмсалынады, қалған сома 5410 «Eceптi жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шотынан 5430 «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шотына көшіріледі.

Қорыта айтқанда аудиторға бөлінбеген табыстың шамасын (мөлшерін) бағалау қажет. Бұл бөлінбеген табыстың динамикасын көру және өзгеру тенденциясын анықтау үшін оны өткен есепті кезеңдермен салыстыру жолымен жүргізіледі. Талдау жасау үшін тең есепті жылдың қорытынды мәліметтері ғана емес, сондай-ақ өткен кезендердің де мәліметтері алынады.

Меншіктік капиталдың негізін құраушылардың бірі бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) болып табылады.

Аудитордан баланстың осы бабына тексеру жүргізгенде ерекше зейін қоюын талап етеді. Алдыменен бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянның) жылдың аяғындағы және басындағы қалдықтарын 5410 «Есепті жылғы бөгінбеген табыс (жабылмаған зиян) шоттары бойынша Бас кітаптағы және осы шоттардың кредитіндегі айналым көрсетілетін журнал-ордер №13, машина-жазбалардағы мәліметтерімен салыстырады. Содан кейін бұл шоттарда көрсетілген бұл шаруашылық операцияларының дұрыстығын тексереді. Шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарына сәйкес есепті кезеңінің табысы (зияны) 5610 «Жиынтық табыс» (зиян) шотында анықталады. Бұл шоттың кредиті бойынша VII «Табыстар» бөлімінің шоттарымен корреспонденцияда алынған табыстың жиынтық сомасын, ал дебеті бойынша VIII «Шығындар» бөлімінің шоттарымен корреспонденцияда алынған жиынтық сомасын көрсетеді. 5610 «Жиынтық табыс (зиян)» шотының дебетіндегі және кредитіндегі сомасына салыстыру арқылы 5410 «Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» шотына өткізілетін таза табыс (зиян) сомасы анықталады. Егер есепті кезеңде табыс алынса, 5610 «Жиынтық табыс (зиян)» шоты дебеттеліп, 5410 «Есептегі жылғы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» шоты кредиттеледі, ал зиян болса кері бухгалтерлік жазу жасалады, яғни 5410 «Есепті жылғы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» шоты дебеттеліп және 5610 «Жиынтық табыс (зиян)» шоты кредиттеледі.

Резервтік капиталға бөлу заң актілеріне және құрылтайшыларының құжаттарына сәйкес, есепті жылғы табыстың есебінен жүргізіледі деп жоғарыда аталды. Есепті жылғы зиянды жабуға бағытталған резервтік капиталдың қаржы сомасына 5300 «Резервтік капитал» бөлімшесінің шоттарын дебеттеп және 5410 «Есепті жылғы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) шотын кредиттейді. Есепті жылғы бөлінбеген табыстың едәуір бөлігі серіктестікке қатысушыларға табыстарын және дивидендтерін төлеуге жұмсалады. Оның қалған сомасы «Есепті жылғы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» шотынан 5430 «Алдағы жылдағы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» шотына өткізіліп, 5300 «Резервтік капитал» бөлімшесінің шоты мен кредиті бойынша корреспонденцияда алдағы жылдың зиянын жабуға резервтік капиталға бағытталған қаржыны көрсееді, ал дебеті бойынша алдағы жылдың бөлінбеген табысынан серіктестікке қатысушыларға дивиденттерін және табыстарын төлеуге бағытталған сомасын 3030 «Дивиденд бойынша есеп айырысу» бөлімшесінің шоттарымен және «басқадай несиелік қарыздар мен есептеулер» бөлімшесінің 4430 «Басқадай» шотымен корреспонденциясында көрсетеді.
Тағы рефераттар