Бразилияның табиғат ресурстары мен жағдайлары туралы қазақша реферат

     Латын    Америкасы   солтүстіктен   оңтүстікке   қарай  11  мың   км –ге   созылып  жатыр. Шығысында   Атлант  мұхиты, батысында  Тынық    мұхиты  шайып   жатыр. Аймақтың   қоныстануы   мен   экономикалық  дамуында  теңіздің  маңызы   зор. 33   мемлекеттің   ішінен  тек  Парагвай    мен   Боливия    ғана    теңізге   шыға  алмайды.

Латын    Америкасы    жер   бедері  мен  геологиялық  құрылымы  аа   күрделі. Оның  геологиялық   негізін   қозғалмалы,  қарқынды  дамып  жатқан  Венесуэладан   Отты   Жер  аралына  дейін   9000 км– ге  созылып  жатқан   Кордильер  ( Анд )   тау  жүйесі  және   Оңтүстік   Американың  шығысы   мен   орталығындағы   Гвиан   платформасы   құрайды. Бұл  оның   территориясының   айтарлықтай   алуан  түрлілігін   айқындайды.  Мұнда   құрлықтағы  ең  ұзын  тау  жүйесі   және  Батыс  жарты  шардың   ең  биік   нүктесі   Аконкагуа – 6960   м  Анды  және   ең  ірі   ойпат  Амазонка  ойпаты, кең  жазықтар   мен  үстірттер   бар. Аймақтың  солтүстік  бөлігі   Мексика  негізінен   таулы  ел. Жақын   жазықтар, Юкатан   түбегін   қоса   территорияның      1\5 – ін  алып   жатыр. Орталық   Америкада   және  Вест– Индияда   жер  бедері   таулар   теңізге   шығатын   жазықтар  мен   ойпаттарға  ұласады. Латын    Америкасының  Тынық   мұхиттық    тау  белдемінде  қарқынды   тектоникалық   әрекеттер – жанартау    атқылауы, жер  сілкінулер  ( 1970   жылы  Перудегі,  1985  жылы  Мехикодағы   жоқын  зілзалалар  ондаған  мың   адамдардың   өмірін  әкетті )   жүріп   жатыр. Дегенмен , Анд   таулары   мен   Мексиканың   жоғарғы   қыраттары   колумбктік    кезеңге   дейінгі   жоғары   дамыған   американдық  өркениеттің   отанына   айналған  еді.

 Пайдалы  қазбалары

     Латын    Америкасы   минералды   шикізаттың   барлық   түрлерімен  дерлік  қамтамасыз  етілген,  оның   біраз   түрінен  әлемнің  басқа    аудандарынан  ерекшеленеді. Мұнда  салыстырмалы   түрде   ауқымды   территорияда   пайдалы   қазбалардың   ең   ғажайып   түрлерінің   қосындысы   кездеседі.

Барланған    отын  ресурстарынан    мұнай  мен   газдың  қоры  көп. 1995   жылы   мұнайдың    қоры   18 млрд. т   бағаланды. Олар     Мексикадағы  Мексика    шығанағының    қайраңында   жиналған.  Оңтүстік  Американың   ең   ірі    мұнайлы    бассейні  Маракайбо   қыраты  толығымен   Венесуэланың   территориясында   орналасқан.

Тас    көмірдің  барланған  қоры  көп   емес   ( 1996   жылы    100  млрд.т шамасында ). Өндірілген    тас   көмірдің    кен   орны   Мексикада , Колумбияның    тау    аралық   жазықтарында, Перу  мен   Орта  Чилиде, Аргентина  мен  Бразилияның    құрлықтық   жыныстарында   бар.

Латын    Америкасы   темір   рудасының   жоғары    сапалы  түріне  бай,  әлемдік   қордың    1/4– і  осында.  Маңызды   кен   орындары    Оңтүстік  Америка   құрлықтық   қалқанының    кембрийге  дейінгі  метаморфты    жыныстарында   орналасқан.  Бірінші  орында    80   млрд.   қоры  бар, ал  барланған    темірі   бар     54% –  42  млрд.т   болатын   Бразилия   мемлекеті.   Әлемдегі    ірі    кен    орындарының     бірі  Боливиядағы   Мутун  кен   орнының     қоры   40млрд. т  құрайды.

Латын    Америкасында    радиоактивті   минералдарлдың  ( уран, торий )  біраз   қоры  табылған. Бұл   атомдық   энергетиканы   дамытуға  негіз   болды. Оның   көп    қоры    Бразилия, Аргентина,  Колумбия, Мексикада  бар.

Бразилия    жоғары  сапалы    марганец    рудаларынан   дүние    жүзінде

3 –  ші  орында  алады.  Бразилия– Венесуэла  қалқаны   мен  Вест – Индия   аралдарында   никель, кобальт,  хром,  титанның   біраз   қоры   шоғырланған. Андта   аймақта  барланған   вольфрам   рудаларының  ( Боливия, Перу ),  молибденнің  ( Чили ), висмуттың  ( Боливия, Перу)   ірі  кен  орындары  шоғырланған.

Түсті   металдардың    территориялық    орналасу    заңдылықтары   геологиялық   тұрғыдан   сипатталады. Андтарда, Батыс  және  Оңтүстік  Сьерра – малреде  мыстың,  қалайы, мырыш, сүрме, сынаптың   ірі  кен  орындары    шоғырланған. Аймақтың  үлесіне  капиталистік   әлемдегі  ресурстардың   40%  , соның   ішінде   Чили   мен   Перудегі   20%   және   10%   сәйкесінше  келеді.

Айрықша   « қалайы   белдемі »  Анд   таулары  арқылы   Боливия, Перу   және   Бразилияның   жақын  аудандарын   алып   жатыр. Соңғы    бағалау  бойынша   дүние   жүзінің    қалайы    қорының   1/3 –«  шоғырланған. Қалайымен    сүрме    серіктес   жүреді   және   бұл   минералдың   ½   ( 70% – ға  жуығы )  Боливия   үлесінде.  Қорғасын – мырыш     рудаларының  көп  қоры   Перу    мен   Мексикада. Латын    Америкасындағы   сынаптың   95% – ы   Мексикада   (  капиталистік  елде   5,5% )  бар.  Аймақта    бокситтің   ¼ –«  бар, соның    ½ – Бразилия   үстіртінің  шөгінді  жыныстарында , қалғаны  Гвиан  қыратының     шығыс   шеті, сонымен   бірге    Ямайкада   және   Вест – Индияның   басқа    аралдарында   орналасқан.

Бес  ғасыр   бойы    аямай  пайдаланғанына  қарамастан   алтынның   қоры   азаймаған. Соңғы   кездері   Бразилиядағы    Амазонка  бассейнінде, Венесуэлада   Ориноко  бассейнінде   және  Аргентинадағы  Анд   тау  алды  жазықтарында   ірі  кен    орындары  табылды. Күміс   қоры   бойынша   Мексика  бірінші  орында,  үшінші    орында   перу. Платина  шашырандылары    Колумбияда  бар.

Бейметал  қазбалардан   Мексикадағы   күкірт,  мышьяк  және  графиттің   Бразилиядағы, Венесуэла, Гайанадағы   алмазды, Бразилиядағы  кварц,  слюда, асбест , баритті, магнезитті, Чилидағы   селитраны   айта  кеткен   жөн. Көптеген  елдерде   фосфорит, доломит, гипс, дала   шпаты, каолиндер  кездеседі.

     Климаты    экватордың   екі  жақты   тропикті  және   субтропикті  ендіктерінде  және  екі   мұхит  арасында   орналасуымен    және   мұхиттың   әсерін  бөлетін  күшті  тау  жүйесінің  болуымен    анықталады. Экваторлық   белдеуде   температуралық  режим  тұрақтылығымен  ерекшеленеді. Максималды  орташа  температура   ( 30 – 31 °)    Колумбияда   Атлант   мұхитының   жағалауында   және  Венесуэладағы   Маракайбо  қыратында   байқалады. Қыс  пен  жаздың  температуралық   режимдерінің    мезгілдерінің    ауысуы    тропиктерден   ары   мұхит  бетінде   байқалады. Алайда   Бразилия    қыраты   мен   Мексика    үстіртінде   мұхит   бетінде  биіктіктің   әсерінен   аяздар   тропиктерде   байқалады.   Колумбияда  олар  кофе   плантайияларына   орасан   зиян келтіреді.  Оңтүстікке  қарай   температураның    жылдық   амплитудасы     максимум  18° –ге, Аргентинада   орташа    жылдық   16°  Мендос  ауданында. Мұнда  және  солтүстікке  қарай   Гран– Чако   облысында   климаттың  ең  күшті  « континенталдығы »  байқалады. Мұхиттық   желдер   мұнда  жетпейді, аз  бұлттылық  максималды   инсоляцияны   негіздейді. Жазда  бұл  жер  шарының  ең   ыстық    аудандарының   бірі, абсолюттік   температура   кейде  50°–тан  асады.  Оңтүстік   Америкада  таулы  аудандардан  басқа, кері   жылдық  орташа   температура  болмайды, керек  десеңіз   Отты  Жерде      2-4°. Магеллан   бұғазы   ешқашан  қатпайды.

Таулы  аудандарға   вертикалды  климаттық   зоналылық  тән. Адамдардың   өмір  сүруіне  тропиктердің   таулы  аудандарында  « тьерра  темплада » –  1200  м–  ден   2500 м– ге    дейінгі   жылдық   температурасы    22-23° – тан   15-16°– қа  дейінгі   зона  өте  ыңғайлы. Қар  сызығы   колумбийлік– венесуэлдік    Андтарда   4600 м– ден  және  эквадор – перуандық   Андтарда    5000- 5500  м– ден   патагондық  Андтарда  1800– 1000 м– ге  дейін  төмендейді, ал    батыс  беткейдің   жекелеген   глетчерлері   Тынық   мұхит   суларына   тікелей   шығады.

Материктің     жағаларын    шаятын   мұхиттық  ағыстар   және  атмосфералық  ауа    массаларының   циркуляциясы   оның   климатына   айтарлықтай    әсер   етеді. Перуан    суық    ағысының    шаятын    тропиктік  зонаға   жақын   әлемдегі   ең    құрғақ   шөл – Атакама  (  Икикада   жылына   3-5  мм   жауын – шашын   жауады)  орналасқан. Керісінше, Колумбия   және  Орталық   Американың    батыс  жағалауында   жылы   экваторлық  ағысы  өтеді.  Бұл   жер   шарының    ылғал     аудандарының     бірі. « Жыл    ығында »   орналасқан      Мексика  қыратында, Оңтүстік  Американың  атланттық  жазықтары, Бразилия   тау   қыратының    солтүстік –шығыс    бөліктерінде   және   Патагонияда   жауын – шашын   мөлшері  өте   аз. Латын    Америкасының    жалпы    территориясының   ¼ –не    2000 мм   аса    жауын – шашын    кез  – келген    өсімдіктердің    вегетациясын   қамтамасыз   етеді, ал  40% – ға   жуығына   1000- 2000  мм,   1/3– і   аридті   және   жартылай   аридті,  мұнда   өсімдік   шаруашылығы    суарусыз   мүмкін   емес.

      Ішкі  сулары

      Өзендер   Латын    Америкасының   маңызды,  бірақ әлі  де   болса  шаруашылыққа    пайдаланбайтын   байлықтарының   бірі. Аймақтың  көлемінің    60%    әлемнің   ірі  өзендерінің   бассейндерне  жатады. Ал   оларды  кешенді    пайдалану    әртүрлі  мемлекеттердің   ортақ   және  келісілген   әрекеттерін  қажет    етеді.  Амазонка  бассейні    ( 7 млн. км2   аса )   жеті    мемлекеттің     территориясынан   өтеді, оның  2/3 –сі  Бразилияның   үлесінде. Ла – Плата бассейні  ( 4 млн. км2  аса )   бес  мемлекеттің   шекарасынан  өтеді. Бұл   бассейндердің   өзендері   суаруда   қажет  ететін   аудандардан   ағып    өтеді. Ориноко   бассейні    (1  млн.км2 )   Венесуэла  мен   Колумбияда  орналасқан.  Әлемдік  ағынның       ¼  – іне    ие  бола   отырып  су    ресурстарымен   қамтамасыз   ету   бойынша   бес   құрлықтың  ішінде  жан   басына   шаққанда   1км территорияға   әлемде    1– ші  орын алады.

Топырағы  мен   өсімдігі

Континетте   топырақтың   кең   түрі   таралған;  қара    топырағынан   бастап, аргентина – уругвай   пампасының   тау   шөлдерінің   құнарсыз  топырақтарына   дейін. Тропиктік   латериттердің  әртүрлі   типтері   ( ауданның   ½– н  алып   жатыр )  тараған   және   арнайы   жер  өңдеудің     жүйелерін   қажет    етеді.

Ауданның   флорасы    айтарлықтай    мөлшерде    эндемикті. Оңтүстік  Американың    субтропиктерінде    тамаша  құрылыс    ағашын    беретін   бразильдік   және    чилилік   араукария   сақталған. Ылғалды   тропиктк  ормандардан    құрылыс   ағашының    аса    қатты  түрлерін    ( каоба, агуапо, қызыл   ағаш )   алады,  жемісті   пальмалардың   көп   түрлері, жаңғақ, дәрілік   және   өнеркәсіптік   ағаштардың    көптеген   түрлерін   өндіреді.

Қазіргі  таңда    Амазонка   ормандарының   тағдыры   мазалайды. Мұндағы   сельва ( гилея ) – 5  млн. км2    жоғары   –  әлемдегі  мңгі  жасыл   жалпақ  жапырақты  ормандардың   ең  үлкен  массиві. Оны   « планетамыздың   өкпесі »  деп    атайды.  Ол   жыл   сайын   жер   шарының   өсімдіктері   атмосфераға   бөлетін   ауаның   40%– ын   береді. Ормандардың   кесілуі   бүкіл     жер  шарының , өзендер   мен  топырақты     ауыр    жағдайға  ұшыратуы   мүмкін. Амазонкада,  әсіресе   Бразилияда   басталған  ауыл   шаруашылық   отарлау    егін – өртеу   жүйесіне   негізделіп, қазірдің  өзінде – ақ  орман    байлықтарына   нұқсан   келтіреді.

Латын    Америкасы    елдерінің   табиғат   жағдайлары   адамдардың   өмір  сүруіне   және    шаруашылық    әрекеттер   үшін  өте  қолайлы. Басты   проблема –  ресурстарды   зерттеу   және   оларды  ірі   көлемде  және   жүйелі   түрде   пайдалану.
Тағы рефераттар