Бразилияның халқы және оның орналасу ерекшеліктері туралы қазақша реферат

     Қазіргі    Латын    Америкасының   территориясында   мекендеген  ортақ   « үндістер »   атымен   аталған    көптеген   халықтар   мен  тайпалар   бір– бірімен   сыртқы    келебеті, тілі, діні,  мәдениет   деңгейімен   ерекшеленетін. Әсіресе   мексикан    тау    қыраты   мен  Юкатан  түбегі, Перуан – Боливийлік   және    Колумбийлік   Андыларда    көп   қоныстанған.  Мексика  таулы  қыратындағы   ең   мықты  мемлекет  Теночитлане   ( қазіргі   Мексика )   қаласындағы    ацтектердің    империясы   болған.  Өркениеттің   екінші   ірі   ошағы   Орталық   Андта   қалыптасты. Ол    этникалық  біркелкі   болатын – кечуа   және  аймара   ұлттарын  біріктіретін   инктердің  империясы.

Вест – Индияда   және   Оңтүсттік   Американың   шығысsylf6  Колумбия  мен    Эквадордың    жағалауындағы    үндіс    тайпалары    қырып   тасталған  не   болмаса    материктің    тұңғиығына     шегінді. Плантацияларда  жұмыс   істеу   үшін   Африкадағы    негрлер – құлдар    әкелінді. Еуропалық   пен  негр  қыздарының      аралас   некесінен    мулаттар  пайда  болса,  құлдардың  үндіс қыздарына  үйленгеніне  самбо   этникалық    тобы  пайда  болады.

Көп   ғасырлық   әлеуметтік– экономикалық   үрдістердің  нәтижесінде  аймақты   барлық  аудандарында   ұллтар  қалыптасты. Ұлттың  құрамы  біркелкі   елдер : Аргентина, Уругвай, Чили.  Үндістердің   үлесі   Боливияда  63%  , Гватемалада   – 47%, Эквадорда – 40%, Мексикада – 15% .

Континент   халқы  тез  өсіп келеді:  1995   жылы  47,5 млн. болса,   2009 жылға  қарай     520–  570  млн. – ға жетеді  деп   жоспарланып  отыр. Халқы  саны   кедей , нашар  дамыған  елдерде, Орталық  Америкада., Боливия, Парагвай  мен  Эквадорда  өсіп  келеді. Ең  азы  Уругвай , Аргентина, Кариб бассейнінің   кіші    ағылшын   елдерінде.  Табиғи    өсімнің  қарқыны  мен  өмірдің    ұзақтығы   аймақтың    елдерінің    « айтарлықтай  жас »  болатынының    кепілі. Уругвай    мен   Аргентинада    ғана     15   жасқа   дейінгі   балалар    30%   құраса,  басқа   елдерде  40% , кейбірінде   халықтың   ½  –ін   құрайды.  65  жастан   ары   қарайға   жастардың   үлесі    көп  емес: 19  елде  3 – 6 %,ауыр   жағдайлар   өмір   ұзақтығын    қысқартады.

Халықтың   басым   көпшілігі   Вест – Индия   таулы   аудандарда, мұхит  жағалауына    қоныстанған. Амазонка, Ориноко   мен  Парагвай    бассейндері  мен     Патагонияда    сирек   десек  те  болады. жаң  жерледі   игеру  мен   жаңа   қалалардың    салынуы   жалғасып   жатқанымен    халықтың   қоныстануының  ретсіздігі    тереңдеуде. Халықтың  ең    көп   қоныстанған  жерлері   Вест – Индия  мен  Орталық  Америкада  ( Барбадоста 1 км2  – 600  адам, Сальвадор – 1 км2  – 250   адам  т.с.с. )

Латын    Америкасында  урьанизация  деңгейі  де  жоғары: 1995 жылы  қалаларда    74% . Урбанизацияның   процестерінің  ерекшеліктері   әр  елде  әртүрлі.  Бір  елдерде  елді– мекендердегі  халық  санымен  анықталады. ( Гондурас – 1000, Колумбия   мен   Панама  – 1500, Аргентина– 2000 , Венесуэла   мен  Мексикада   –  2500 аса). Венесуэлада  урбанизация  деңгейі  жоғары      90% –  дан  асады, Аргентина    мен   Уругвайда , Чилиде – 86%, бұл  елдерде   урбанизация   деңгейі   иммигранттардың  есебінен  ( 19 ғас. соңы  20 ғас  басы ) өсті. Бірқітір   елдерде   қалалықтардың   саны    30– шы  жылдары , әсіресе     2  д.ж.с    кейін   өсті. Оның  басты   факторы   ауыл   тұрғындарының  миграциясы. Қала  халқыны  үлесі  ең  аз  елдер– Сальвадор  мен   Гондураста  45%,  Гватемалада–   40%, Гаитиде  – 30%.

Соңғы  онжылдықта  агломерациялар  саны  өсуде.   90 жылдардың  ортасында     38  миллионер   қалалар  болды. Көптеген  елдерге  басқа  қалалардан   басымдылық    көрсететін  бір ғана  қаланың  қарқында  дамуы  тән.  Ірі   қалаларда  тұрғын   үй   мәселесі    су    және  электроэнергиямен   қамтамасыз  ету , қалдық  сулар, көлік, тазалық,   қоршаған  ортаның   ластану    мәселелері    ушығып   тұр. Латын    Америкасында     экономикалық   белсенді   халықтың    үлесі  өте  төмен, 1/3  – ден   сәл  ғана  жоғары    деуге    болады. Бұл   жұмысқа   қабілетті    адамдардың    тым  аздығы,  әйелдердің    өндірістегі    үлесінің     аздығы,  жаппай    жұмыссыздықпен   айқындалады. 1994  жылы   ресми  тіркелген   жұмыссыздардың    саны      36  млн.  адамға  жетті    (жұмысшы    күштің 7,4% ) .

Экономикалық   белсенді    халықтың    кәсіптік   құрылымының   анализі   өндіруші    күштердің    аздығын  көрсетеді. Ауыл  шаруашылығында    жоғарғы    және  орта    білімді   мамандардың  үлесі   0,1% ; мамандандырылған    жұмысшылар   – 5% –дан  аз,  өңдеуші    өнеркәсіпте   сәйкесінше    1,6 – 1,7% . БҰҰ   статистикасы   бойынша    90 жылдары   Латын    Америкасы   елдерінің   ауыл   тұрғындары    кедейшіліктің   ресми   шегінен   төмен   өмір   сүрген. Орталық   Америка  мен  Анд  елдерінде  бұл   көрсеткіш –  75%  жоғары, Гаити    мен   Боливияда  – 95%– дан    жоғары. Бұл   елдердегі    сауатсыздық    деңгейі   де   жоғары – 30– 60% ,  аймақ   бойынша   орташа    көрсеткіш  15%   шамасында.
Тағы рефераттар