Қайта қурадан өтпелі кезеңге дейінгі аралықтағы қазақ баспасөзі (1960-95 ж/р)

Бұқаралық ақпарат құралдарының қайта құрылуы.

КОКП ХХVII съезінен соң Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары  партия ба- ғытының мемелекеттегі қоғамдық-саяси, экономикалық және басқа салаларды қайта құру жұмысына белсене қатысты.

Қайта құру кезеңінде халықтың мүддесі мен тілегіне қажетті әрі оқырмандарын қы- ықтыратын көптеген материялдар республикалық “Социалисттік Қазақстан”, “Ленин-шіл жас”,облыстық“Орталық Қазақстан”,“Ақ жол”,“Жетісу”,“Оңтүстік Қазақстан”газеттерін —

де молынан басылды. Бұл басылымдарында көкейкесті тақырыптарды қозғап, жұрттың көкейінде жүрген ой-пікірлер ашық жарияыланды. Тұрғын пәтерлер бөлу, азық-түлік мәселелерін көтеріп, пара алушылық пен тамыр-таныстық сияқты әрекеттерге жол бермеу проблемалары қозғалды. Осы кезеңде газет беттерінде жаңа айдарлардың пайда болуы назар аудартады. Ол айдарлар:“Партия комитеті және қайта құру ”,“Қайта құру және біз”, “Депутат және өмір”, “Еңбек эстафетасын жалғастыра берейік” және т.б. деп аталды.

КОКП Орталық Комитеті 1987 жылдың қаңтар және қазан Пленумдарының шешім- дері бойынша Қазан төңкерісінің 70жылдығына жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргі- зутуралы қаулы қабылдаған болатын. Бұл істі жүзеге асырып, халыққа жеткізу сол тұста республика журналисттерінің басты міндетіне айналды. Сонымен қатар газет беттерінде халықтардың тарихи тұп-тамыр достығы,мектептер- дегі тіл үйрету, от басылардың әртүрлі тағдыры жайлы очерктер беріліп отырды.

1988 жылғы есеп бойынша Қазақстан көлемінде 500 республикалық, республика аралық, облыстық, қалалық, аудандық және көп тиражды газеттер, жиырма миллион дана-мен журналдар жәнежурнал тектес басылымдар шығып тұрды.

Енді, 1988-1991 жылдар аралығында жоғарыда аталған газет-журналдардың қатары- на тағы да қазақ тілінде шығатын бірнеше жаңа басылымдар келіп қосылды. Оларға жеке-жеке тоқталып өтетін болсақ, оның алғашқысы “Алматы ақшамы” газеті.

Бұл газет 1988 жылдың 1 шілдесінен бастап шыға бастады. Ол Қазақстан компар- тиясы Алматы қалалық комитеті мен Халық депуттары қалалық кеңесінің газеті болып есептелді. Тиражы – 36000. Бөлімдері: партия тұрмысы және коммунисттік тәрбие, кеңес- тер және әлеуметтік мәселелер, спорт хабарлары, әскери-патриоттық тәрбие және жедел хабар, экономика және социалисттік жарыс, хаттарды тіркеу. Негізгі айдарлары: “Еліміз- де”, “Жаңалықтар”, “Шетел телетайпынан”, “Партия тұрмысы”, “Кеңестер және қайта құру”, “Қайта құру және біз”,“Театр, кино,жарнама” деп аталады.

Келесі басылым —“Өркен” деп аталады.Ол кезінде сенбі күндері шығып тұратын ап- талық газет болды. 1988 жылдың қаңтар айынан бастап шыққан. Құрылтайшылары баспа- сөз министрліші мен редакция ұжымы.А3 форматымен 12 бет көлемінде. Екі тілде жазылған.

Алғашқыда бұл студенттердің газеті ретінде шығарылды.Көп ұзамай-ақ газет жастар -дың іздеп оқитын қызықты да жан ашыр басылымына айналды.Әдепкі сандарынан бастап ақ “Өркен” батылдығымен, көтерген мәселелерінің тереңдігімен,принципшілдігімен ауыз- ға ілікті. Бұл оның бас редакторы Алтынбек Сәрсенбаев бастаған редакция коллективінің ізденімпаздығы мен алғырлығының арқасында жүзеге асты.“Әлеуметтік көзқарас”,“Сту –дент және нарықтық экономика”,“Демократия тағылымдары”,“Музыкалық коллаж” сияқ- ты айдарлары болған.Кейде оқырмандар“Өркен жайында”деген айдармен де материялдар беріліп тұрған.Бұлардың көшілігі ұлттық дәстүр,мәдениет,тіл проблемаларына арналған.

1989 жылдың мамыр айында Қазақстан кәсіподақтарының “Әділет” деп аталатын апталық газеті жарық көрді. Бұл басылым қазақ және орыс тілдерінде шығарылған. Тира- жы – 14342дана. Редакторы – Сағыныш Сариев. Газеттің басты міндеті – ақпарат, жаңа- лықтарды тарату. Дәлірек айтсақ “Әділет” өз оқырмандарын кәсіподақ өмірімен, олардың жұмыс бағдарламаларымен жоғарғы Кеңес жаңалықтарымен жақынырақ таныстыруға тырысты. Айдарлары: “Нарық және халық”, “Кәсіп одаз-еңбек қорғау”, “Ресми ақпарат”, “Болашақ маман үшін”, “Үндемеуге қақым жоқ”, “Шет елдік әріатестер тәжірибесінен”- деп аталады. Жарнама басылымның соңғы бетінде беріледі.

1990 жылдың 22 наурызынан жарық көре бастаған 3-ші бір басылым “Ана тілі” газеті. Құрылтайшысы: “Қазақ тілі”қоғамы мен “Қазақстан” баспасы. Газет 16 бет көлем- мен аптасына 1 рет шығады. Бұл біздің егеменді еліміздің тарихында қазақ тілін Қазақстан территориясын мекендейтін барлық халық өкілдеріне бірдей оқыту проблемасын алғаш көтерген және ұлттық әдет-ғұрып, дәстүр, тарихтың “ақтаңдақтары” жайлы мазмұнды да салихалы материялдар жариялайтын бірден бір басылым болып саналады.Тек, қазақ тілін- де ғана шығатын “Ана тілінің” 20шақты айдарлары бар.Оның кейбіреулері “Жергілік- ті ұйымдарда”, “Құбыламызды түгелдейік”, “Серке сөз”,“Тәржімелік тәжірибелер” және т.б деп аталды. Бұл газет бетінде жарнама берілмейді. Бас редакторы талантты журналист – Жарылғап Бейсенбайұлы.

Келесі бір осындай басылым “Халық кеңесі”деп аталады. Бұл газет 1990 жылдың 24 сәуірінен бастап шығып келеді. Құрылтайшысы: Қазақ КСР Жоғарға Кеңесінің Прези- диумы болған. Оның алғашқы редакторы Сарбаз Ақтаев кезінде: “Біз бұл газетті Жоғарға кеңес пен шеткі аудандардағы депутаттардың демократизация жолында өз ойын ашық айталатын мімбесіне айналдыруды көздейміз”,-деп жазған болатын.

Сондай-ақ, бұл газетте республикамыздағы саяси жаңалықтар мен шет ел өмірінен де хабарлар жиі көрініс табады. Оқырмандар аудиториясы өте кең. Қазақ және орыс тілдерінде аптасына 2 рет шығарылады.

1991 жылдың желтоқсан айынан бастап “Азия” газеті шыға бастады. Құрылтайшы- лары: Министрлер кабинеті мен редакция ұжымы.Редакторы Нұрмахан Оразбеков. “Азия” халықаралық газет. Мұнда Қазақстан, Тәжікістан, Қырғызстан, Өзбекистан, Туркменистан сияқты көршілес мемлекеттердің қоғамдық-саяси өмірлерінен хабарлар беріледі. Айдарла- ры: “Бүгінгі күн тынысы”, “Әлем жаңалықтары”, “Пікір сайыс” және т.б. Бұл 2 тілде   шығарылады.

1991 жылдың 7 ақпанынан бастап, Қазақстан мұсылман әйелдер одағы өздерінің “Ақ босаға” деп аталатын газетін шығара бастады. 4 бет көлемімен айына 1 рет шығары лады. Редакторы – Шолпан Ұғыбай қызы. Бұл қазақ әйелдері мен қыз-келіншектердің жағдайына көп көңіл бөлетін басылым.

Оның “Өз пікірім”, “Сыр сұхбат”, “Ұят та болса сұрайын”, “Әдеп пен әдет” және т.б. тұрақты айдарлары болды.

1991 жылы Невада-Семей антиядролық қозғалысының “Аманат”газеті жарық көрді.

Бас редакторы — С.Айнақұлов. Бұл басылым Семей полигоны, оның зардаптары төңірегін- дегі проблемаларды көтерді.Көлемі 8 бет. Айдарлары: “Полигон”, “Эпицентр”, “Жаралы жер”, “Редакцияға хат” және т.б.
Тағы рефераттар