ЖОСПАР

КІРІСПЕ—-3

І. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ——6
1.1 Бухгалтерлік есептің пайда болу теориялары—6
1.2 Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде дамуы——8
1.3 Бухгалтерлік есеп жүйесінің даму кезеңдері—-12

ІІ. БУХГАЛТЕР ЕСЕПТІЛІГІ—14
2.1 Бухгалтерлік есептегі шоттарды жіктеу олардың түрлері—14
2.2 Шоттардың үлгі жоспары———17
2.3 Бухгалтерлік есеп регистрлері және формалары—18
2.4 Түгендеу мен оны жүргізу тәртібі——19

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ МІНДЕТТЕРІ—24

ҚОРЫТЫНДЫ——29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР—-32

 КІРІСПЕ

        Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің маз-мұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алғаш уақыттағы экономикалық ол-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сон-дықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.

Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.

Бухгалтерлік есеп көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық операцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі V ғасырда жүргізілді деген деректер бар. Ал біздің заманымызға дейінгі II ғасырда Грекияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептеліп, салынған үйдің (ғимараттың) қабырғасына жазылатын болған. Рим империясының квесторлары мемлекеттік бухгалтерлерді бақылап, оның қорытындысын емтихан қабылдаушы тыңдаған. Осыдан «аудитор» деген термин пайда болған. Міне, осы жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, бухгалтерлік есептің тек қана кәсіпорын жұмысының бір бөлігін атқарып қана қоймай, тұтас мемлекетті басқаруға қатысы бар екендігін дәлелдеуімізге болады. Сондықтан да болар көрнекті ғалым Б. Де Солозаноның «Бухгалтерлік есеп болмаса әлемді басқару мүмкін емес және онсыз адамдар бірін-бірі түсінбес еді» — деген.

Кез келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үрдістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының  барлығының  да есепке   алынуы   экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады:

—   болашақта (алдағы уақытта) пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;

—    ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;

—    қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақтылы  беріп   отырады,   ал   бұл   ақпаратты   пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.

Жалпы кәсіпорында бухгалтерлік есеп жұмысын атқарушы маман іс-тәжірибеде мынадай үш түрлі қиындыққа тап болуы мүмкін:

—   әрбір   жаңа   келісімді   жүргізу   барысында   шешім қабылдаушы тұлғаға керекті есеп ақпаратын табыс ету үшін тиісті стандарттар мен ережелерге сүйенуге тура  келеді,  яғни  оларға  деген  қажеттілік  туындайды. Ал кәсіпкер ешқашан капитал жинауда және бизнес   жүргізуде   шығармашылық   ойдың   жетіспеушілігін сезінбейді;

—    кәсіпорынның бухгалтерлік ақпарат мәліметтерін бірдей мақсатқа, тең дәрежеде пайдаланатын екі тұлға болмайды, себебі мұндай ақпаратты әр түрлі тәсілдермен,  әр  түрлі  мақсатқа  пайдаланады.   Олардың білім және тәжірибс деңгейі ор түрлі болып келеді;

—   бухгалтерлік есеп табиғат заңы  емес,  ол әр түрлі ойлар мен шешімдердің үйлесімі болуы мүмкін. Ал біздің заманымызға дейінгі II ғасырда Грекияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептеліп, салынған үйдің (ғимараттың) қабырғасына жазылатын болған. Рим империясының квесторлары мемлсксттік бухгалтерлерді бақылап, оның қорытындысын емтихан қабылдаушы тыңдаған. Осыдан «аудитор» деген термин пайда болған. Міне, осы жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, бухгалтерлік ссептің тек қана кәсіпорын жұмысының бір бөлігін атқарып қана қоймай, түтас мемлекетті басқаруға қатысы бар ексндігін дәлелдеуімізге болады. Сондықтан да болар көрнекті ғалым Б. Де Солозаноның «Бухгалтерлік есеп болмаса әлемді басқару мүмкін емес жоне онсыз адамдар бірін-бірі түсінбес еді» — деген.

 Курстық жұмыс / 32 бет
Тағы рефераттар