Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Биология, Экология, Медицина’ бөлімінің мұрағаты

Балаға жақсы күтушіні қалай табуға болады?

Кей кездері бір-екі сағатқа болса да үйден шығуға тура келеді, сондай кезде баланы кіммен қалдыру керек деген сұрақ туындайды. Әрине, балаңызды қалдыруда жақсы білетін туыстармен, достармен немесе таныстармен келісу оңайырақ, әрі сіз де баланың олармен қуана қалатынын жақсы білесіз. Егер жақын туыстар түрлі себептермен осы жағдайда сізге қол үшін бере алмайтын болса, ал таныстар мен сенімді адамдар да сол мезетте жаныңыздан табылмаса, сізге балаңыз үшін кәсіби бала бағатын күтуші таңдауға мүмкіндігіңіз бар екенін ұмытпаңыз. Толығырақ »

Баланы қалай тәрбиелеу керек? Ата-аналарға кеңестер

Бала – ол өте нәзік те сезімтал адам. Оның жанын жаралап алу өте оңай, алайда осы бір жара өмір бойы сыздап жүруі ғажап емес. Бала кезінде шешілмей қалған мәселелердің салдары ер жеткен кезде  кейбір психикалық ауытқуларға негіз болатынын ұмытпаңыз Толығырақ »

Баланы патронаттық тәрбиеге қалай алуға болады?

Көптеген адамдарда «патронат деген не?» деген сұрақ туындайды.

Патронаттық – ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларды тәрбиелеуге алуға ниет білдірген отбасыларға тәрбиелеуге беру. Толығырақ »

Бала асырап алғыңыз келсе…

Әрбір ересек адам үшін оның өміріндегі ең жақын әрі қадірлі нәрсе — бала. Оның жарық дүние есігін ашқанда іңгәлаған дауысы мен алғашқы жымиып, шалықтап күлген кездері, «апа», «әке» деген алғашқы сөздері өмірін мән-мағынаға толтырады. Бала үшін ата-ананың ыстық ықыласы мен мейірімінен артық не болмақ?

Көптеген отбасылар бала сүйгісі келеді, алайда бала асырап алу жайында шешімге келу оңай емес. Сонда й-ақ, бүгінгі қоғамда отбасылық бақыттан айрылған қаншама сәби бар. Қымбатты болашақ ата-ана, қиындықтан ешуақытта қорықпаңыздар!  Жер бетіндегі ең үлкен бақыт – әке атану мен ана болу бақыты! Сәл ойланып көрсеңіз, дүниеге ұрпақ әкелуден де маңыздысы, оны азамат етіп, тәрбиелеп өсіру екендігіне көз жеткізер едіңіз.  Толығырақ »

Мүгедек баланы сауықтыру орталығына қалай орналастыруға болады?

Кез-келген бала, соның ішінде мүгедек бала да қоғам мен адамның көмегіне, қамқорлық пен махаббатқа құқығы бар. Ортадан жырақ қалған балаларда ондай қажеттілік одан да жоғары және де олардың кейбіреуі медициналық қызметкер мен педагогтың назарын үнемі қажет етеді. Медициналық сауықтыру ауру, жарақат, жарымжан болудың салдарын шешуге немесе жеңілдетуге бағытталған диагностикалық, емдік және сауықтыру іс-шараларының жиынтығын қарастырады. Толығырақ »

Онкологиялық ауруларды алдын-алу үшін не істеу керек?

Рак (обыр) – түрлі ағзаларда қатерлі ісіктердің пайда болуымен байланысты туындайтын аурулардың тұтас спектрінің жалпы атауы. Соның ішінде ауру түрлері мен оны емдеу әдістері әртүрлі болуы мүмкін. Көбінесе, ем аурудың қай сатыда диагностика жасалуына байланысты болып келеді. Басқа ауруларда кездесетіндей, ауруды асқындырып алған жағдайдайда емдеу қиынға соғады. Соңғы жылдары онкологиялық аурулардың жасару бағытын байқай отырып, әрбір адам үшін алдын-ала тексерілу мен үнемі медициналық қаралудан өтіп тұру қажеттілігі сөз етуге тұрарлық жағдай. Толығырақ »

ВИЧ/СПИД. Қалай алдын алу керек?

СПИД  пен ВИЧ жайында біз жиі естиміз, оқимыз, айтамыз. Бірақ дәл осындай қасіретке шалдыққан жандар қалай өмір сүріп жатқанын тіпті ойлағымыз да келмейді.

СПИД – иммундық жүйенің зақымдануы нәтижесінде организмнің қорғану күші әлсіреуінен туған патологиялық күй. Бұл ауруды ВИЧ — адамның иммундық тапшылық қоздырғышы (АИТҚ) тудырады. АИТҚ  аурудың қандай да бір белгілері білінгенге дейін, адам ағзасында жылдар бойы тіршілік ете жүріп, басқа адамдарға да жұғуы мүмкін.  АИТҚ ең алдымен адам ағзасының қорғаныштық тетіктерін зақымдап, оларды аурулар мен инфекцияларға қарсы тұра алмастай дәрменсіз етеді. Бұндай аурулар мен инфекциялар АИТҚ жұқтырған аурулар үшін өлім есігін ашады. Толығырақ »

Маскүнемдіктен зардап шегіп жүрген адамға қалай көмектесуге болады?

Жақын адамымыз қайғыға душар болса, бізге одан екі есе ауыр тиетіні анық. Біріншіден, енді біз өтпес қамалдың екі жағында сияқтымыз, «мен ішпеймін, ал сен болсаң…». Ал екіншіден, біз оған қалай көмектесуді де білмейміз.

Егер бұл проблема сіздің үйіңізде болса, онда ешқашан жақын адамыңыздың өз өмірін құртқанын күтіп, қол қусырып отыруға болмайды. Егер сіз өз туысыңыз маскүнемге жата ма, жоқ па дегенге күдіктенетін болсаңыз, ол үшін маскүнемді қалай тану керек екенін білу қажет. Медициналық орталыққа барғанға дейін, алдымен оны бақылап көріңіз. Толығырақ »

Аборт жасаудың денсаулыққа әсері қандай?

Медицина саласындағы қандай да бір жетістіктер, заманауи дәрі-дәрмектер мен аппараттар, өкінішке қарай, аборт жасатқаннан кейінгі әйел денсаулығына төнетін қауіпті, оның салдарынан болатын зиянды ең болмаса төмендете де алмайтынын көптеген әйелдер біле бермейді. Енді аборттың нақты қандай зиян алып келетіндігіне тоқталсақ. Толығырақ »

Бедеулік – үкім емес

Қазіргі таңда бедеулік проблемасы әлемдегі ең өзекті мәселе болып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша, әрбір бесінші отбасында бала туу бойынша қиындықтар туындайды. Әрине, бұл тек жүктілікті армандап, яғни  проблеманың бар екенін түсініп, көмек сұрағандар ғана… Толығырақ »