Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Биология, Экология, Медицина’ бөлімінің мұрағаты

Балаларды шылым шегуден қалай қорғауға болады?

Көп жағдайда балалар шылым шегуді 18 жасқа толмай тұрып бастайды. Олар неге бұлай істейді? Мүмкін, зерігуден, алаңдаушылықтан, қатарластары тарапынан қысым көргеннен, мазасыздықтан немесе біреуге еліктегендіктен шығар. Сіз, бәлкім, жасөспірімдер арасында  қазіргі ұялы телефон әлемінде, әлеуметтік желілерде және микроблогтарда шылым шегу туралы әртүрлі деректер, ойдан шығарылған мәліметтер қалай таралатынын білсеңіз, таң қалатын шығарсыз. Кейбір жас қыздар шылым шегу арықтауға немесе артық салмақ қоспауға көмектеседі деп шеге бастайды. Олар шылым шегудің ағзаға кері әсерін біле тұрса да, темекі шегуге дайын. Ал ер балалар ересектерге еліктеп шеге бастайды, мысалы, әкесіне, ағасына, жоғарғы сынып оқушыларына деген сияқты. Толығырақ »

Баланы есірткіден қалай қорғауға болады?

Үйінде жайқалып өсіп келе жатқан жасөспірім баласы бар әрбір ата-ананың көкейінде осы сұрақ туындайтыны даусыз. Кейбіреулер бұл мәселе төңірегінде шынайы бас қатырса, енді біреулері «менің отбасымда мұндай бәле ешуақытта орын алмайды» деп өздерін қорқа жұбатып, тыныш жүреді. 

Баланың алкоголь мен есірткі құралдарын пайдалануға бір табан жақын болуы тікелей оның өзіндік бағалауы мен өзіне деген сый-құрметіне байланысты болады екен.  Психологтардың зерттеуінше, маскүнемдікке салынған немесе есірткі пайдаланатын жандардың өзіне деген құрметі өте төменгі деңгейді көрсеткен. Өздерін сыйлау бағамы өте жоғары болатын балаларға алкоголь мен есірткі ұсынған кезде, олар  бірден «жоқ» деп айта алатын көрінеді. Толығырақ »

Балаларды маскүнемдіктен қалай қорғауға болады?

Өкінішке қарай, соңғы уақытта маскүнемдікке салынатын жасөспірімдер саны артып келеді. Ал біз өз басымыздың мәселелерін күйттеп жүргенде, балаларымыздың барын есімізден шығарып аламыз. Ал қараусыз қалған бала зиянды нәрселерге әуес болып кетеді.

Жасөспірім ішімдік зиянсыз екен деп ойлағанда, оны ерте бастан тата бастайды. Сондықтан осы кеселді алдын-алу үшін алдымен балаларға түсіндіру шараларын өткізу керек. Әңгімелесу барысында мынадай сөздерді қолданбау керек: «сен оған әлі кішкентайсың», «үлкен болғанда, ішесің». Осындай сөздерден кейін балада мәселенің күрделі еместігі туралы түсінік пайда болады. Ал кейін ата-аналарға осы кеселмен күресуге тура келеді. Алайда жалғыз адам ол мәселені шеше алайды. Толығырақ »

Жүрек-қан тамырлары ауруларының қалай алдын алуға болады?

Жүрек-қан тамырлары аурулары – тіпті экономикалық даму жоғары елдердің өзінде азаматтардың мүгедектікке ұшырау және өмірден ерте озуына басты себеп болатын аурулардың бірі.

Жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының алдын алу осы аурулардың көпшілігіне ортақ шаралар кешенінен тұрады, бірақ кейбір аурулар, әрине жекелеген іс-шараларды қажет етеді. Бірнеше қауіптің негізгі факторларына және жалпы нұсқаулықтарға тоқталсақ. Толығырақ »

Республикалық медициналық орталықтарда ем алу жолдары қандай?

Тиімді емделу біршама қаражат пен үлкен шыдамдылықты талап етеді. Бұл – бәрімізге таныс дүние. Өкінішке қарай, адамдардың бәрінің қаржылық мүмкіндігі бірдей емес. Осындайда, біздің көпшілігіміз үшін ірі мемлекеттік мекемелерден тегін ем алу жолы қандай немесе емделу үшін қомақты қаржыны қайдан алуға болады деген сұрақ төңірегінде толғанамыз. Бұл мәселе бойынша сізге Республикалық медициналық орталықтарда жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) көрсету бойынша мемлекет дер кезінде көмекке келеді.  Толығырақ »

Тегін медициналық көмекті қалай алуға болады?

Емханаға және ауруханаға келген көптеген адамдар ҚР Үкіметі бекіткен тегін медициналық көмектің кепілді көлемі туралы қаулыны біле бермейді. Мұндай көмек түрлерінің және тегін берілетін немесе жеңілдікпен сатылатын дәрі-дәрмек  түрлерінің тізімі емдеу мекемелерінде ілініп тұрады.

Егер сіз мемлекеттік медициналық ұйымға немесе мемлекеттік тапсырысты орындайтын жеке ұйымға барған болсаңыз, төмендегідей қызметтер сізге тегін көрсетілуі тиіс:  Толығырақ »

Медициналық тексеруден өту не үшін қажет және одан қалай өтуге болады?

Адам барлық қиындықтардан сақтана алмайды, сондықтан да медициналық бақылау мен қызмет көрсету басымдықтардың ішінде алдыңғы орындарға ие.  Көбінесе дер кезінде қойылған диагноз бен уақытында емделу өміріңді қорғап қалуы мүмкін, сондықтан да профилактикалық медициналық тексеруден өтуді жыл сайын ережеге айналдыру қажет. Медициналық тексеруден өту үшін Сізге тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша немесе өз таңдауыңыз бойынша тіркелген емханаға баруыңыз қажет.

Сіз емханадан скринингті медициналық тексеру туралы естуіңіз мүмкін. Бұл әрбір ауру түрі бойынша қиын (тәуекел) топтарға кіретін тұрғындардың жеке жыныстық-жастық топтарының жаппай тексеруден өтуі дегенді білдіреді. Толығырақ »

Денім сау болсын десең немесе өмір жасын қалай ұзартуға болады?

Ұзақ өмір сүрудің көптеген жолдары, әркім өз бетінше түсіндіретін әдіс-тәсілдері бар, көп жағдайда ол – дұрыс тамақтану, қозғалыс, әрбір күнді дұрыс режимде өткізу және ерекше назар аударуды қажет ететін басқа да жағдайлармен толығып жатады. Әрине, қандай жағдайда да бұлардың бәрін тұрақты түрде қолдану ғана тамаша нәтиже беретінін ұмытпаңыз. Толығырақ »

Жер ресурстары

Дәріс мақсаты:

  1. Жер ресурстарының құрылымы
  2. Топырақ-климаттық зоналардың биоөнімділігі
  3. Егіншілікке пайдалану дәрежесі
  4. ҚР жер ресурстары
  5. Шығыс Қазақстан  облысының жер ресурстары Толығырақ »

Топырақ мелиорациясы мен тиімді пайдалану проблемалары

Дәріс мақсаты:

  1. Топырақтың техногендік трансформациясы (өзгеруі) факторлары
  2. Мелиорация және эрозиядан, дефляциядан, сортаңданудан, ластанудан, батпақтанудан қорғау бағдарламасын жасау Толығырақ »