Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Загрузка...
Рефераттар бөлімі

‘Экология, Қоршаған ортаны қорғау’ бөлімінің мұрағаты

Өндірістегі қауіпсіздік категорияларын есептеу

МАЗМҰНЫ

1.Кіріспе …… ..3

2.Есептеу-графикалық жұмысқа тапсырма …. ……..4

3.Есептеуге берілген бастапқы деректер ………. …..5

4.Механикалық цехтегі қауіпсіздік категорияларын есептеу  …..6

5.Ьалқыту цехтегі қауіпсіздік категорияларын есептеу …..8

6.Гальваникалық цехтегі қауіпсіздік категорияларын есептеу  ………9

7.Өндірістегі автокөліктердің шығарылымы …….. …11

8.Қазанда өнімділігі 30т/сағ дейін құрайтын отынжанғанда шығарылатын зиянды заттарды есептеу  …..13

9.Барлық цехтердегі қауіпсіздік категорияларын есептеу . ….15

10.Қорытынды .. ……..19

11.Әдебиеттер тізімі ………20  Толығырақ »

.

Ғаламдық экологиялық проблемалар

Атмосфераның озон мәселесінің адам қызметіне өзара байланысты екі аспектісі бар: жоғары қабаттағы бұзылу («озон қабаты») және жер маңы кеңістігіндегі концентрациясының артуы. Озон қабаты полюстерде 9-30 км, экваторда – 18-32 км биіктікте орналасқан. Егер қабаттағы озонды таза күйде бөліп алса, оның қалыңдығы 3 мм құрайды. Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекулаларының ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Толығырақ »

Экологиялық проблемаларды шешу жолдары

Жер бетінің түпкір-түпкірінде экологиялық жағдайдың нашарлауы барлық мемлекеттерді одан шығу жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Сөйтіп, 100-ден астам мемлекеттерде қоршаған ортаны қорғауды басқаратын министрліктер, департаменттер мен агенттіктер құрылды. 1970 жж. бастап экологиялық дағдарыстан шығу жолдарын бірге іздестіріп, қажетті шараларды бірге жүргізу туралы келісімге қол жетті.
Табиғат қорғау проблемаларына арналған І халықаралық жиналыс 1971 ж. көкек айында Чехияда өтті. Бұл БҰҰ Еуропаның эконмикалық комиссиясының симпозиумы болатын.
Толығырақ »

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

Ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ аулының жағдайы:

1. Жаңа экономикалық саясат тұсында ауылда ұжымдық шаруашылық, серiктестiк, артельдер, кооперациялар құрылды.

2. Сауатсыздықты жою, кедейлер арасында ағарту жұмыстары жүргiзiлдi.

3. Мал басының саны 29,9 миллионнан 40,5 миллионға жеттi. Толығырақ »

Аумақтың радиоактивті ластануы

Радиациялық авария — радиоактивті өнімдөрдің тасталуына немесе иондаушы сәулеленудің РҚО аумағын қалыпты пайдалануға арналған жобада қарастырылғандағыдан артық мөлшерде шығуына байланысты болған авария.

Радиациялық аварияның салдары олардың зақымдаушы факторларына байланысты. Радиациялық авариялардың негізгі зақымдаушы факторлары радиациялық әсер және радиоактивті ластану болып табылады. Авариялар жарылыстар мен өрттерді тудыруы мүмкін. Ядролық реакторы бүзылған атом станцияларын-дағы авариялар өте ауыр салдарға алып келеді. Толығырақ »

Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау

Жоспар:

1. Кіріспе: Ауа алабының ластануы.

2. Негізгі бөлім:

    а) Өлке экологиясы, оны игеру қиыншылықтары.

    б) Сумен қамтамасыз ету және қорғау.

    в) Арал мен Каспий.

3. Қорытынды: Адам экологиясы.  Толығырақ »

Су ресурстарын қорғау

Су ресурстарын қорғау туралы қазақша реферат

Су  ресурстарын  қорғау және  рационалды  пайдалану  мәселесі  адамзат  үшін  өмірлік  маңызды  мәселе  болып  табылады.табиғаттағы  су  айналымының  арқасында  жердегі  су  ресурстары  таусылмайды.Алайда  планетамыздың  кейбір  бөліктерінде  табиғи  жағдайлардың  жағымсыз  болуына  байланысты  тұщы  су  ресурстары  жеткіліксіз.бұған  қазақстан  Республикасы  территориясының  басым  бөлігі  кіредіжәне  сондықтан  аридтік  және  семаридтік  климат  жағдайларына  су  ресурстарының  өте  тапшылығымен  сипатталады. Толығырақ »

Атмосфералық ауа мен климаттық ресурстарды қорғау

Атмосфералық  ауа  мен  климаттық  ресурстарды  қорғау туралы қазақша реферат

Жердегі  атмосфералық  ауаның  қорлары  тұрақты  және таусылмайды.Атмосфералық  ауаның  ластануы  деп  ауа  құрамының  қалыпты  жағдайын  ауытқуын  айтады.Қалыпты  жағдайда  ауа  құрамында  азоттың  78 ,03 пайызы, оттегінің 20,99 пайызы , көмірқышқыл газының  0,04 пайызы және  сутегі  мен  инертті  газдардың  1,0 пайызы  болады

Атмосфералық  ауаның  құрамы  мен  құрылысының  антропогендік өзгеріске  ұшырауы   ландшафттардың  барлық  табиғи  компоненттеріне  ,атап  айтқанда , жергілікті  климатқа,жер  беті  және  жерасты  суларына  ,топырақ және  өсімдік  қабатына  күшті  әсер  етеді.Әсіресе  атмосфералық  ауаның  ластануы  адамдардың  денсаулық  жағдайына  аса  күшті  әсерін  тигізеді. Толығырақ »

Минералды шикізат ресурстары мен жер қойнауларын қорғау

Адамзат  қоғамының  минералды – шикізат  ресурстарын  пайдаланбай  өмір  сүруі  мүмкін  емес. Пайдалы  қазбалар  қалпына  келтірілмейтін  ресурстарға  жатады. Ал  бұл  олардың  көпшілігінің  қорларының  уақыт  өте  келе  толығымен   таусылуы  мүмкін  екендігін  көрсетеді.

Қазақстан – жердегі  минералды – шикізат   базасына  бай  аздапған  елдердің  бірі. Әлемдегі  алынатын  55 түрлі  пайдалы  қазбалардың  ( олардың  29 –ы металдар) Қазақстанда  39 –ы  алынады. Салыстырмалы  түрде  алсақ  жоғар  көрсеткіштер  тек  Ресейде – 49, Қытайда – 45, Австралия  және  АҚШ – 42, Бразилия – 41  түрлі  пайдалы  қазбалар  өндіріледі. Толығырақ »

ГЕНЕТИКАЛЫҚ МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ОРГАНИЗМДЕР (ГМО) ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ

ГЕНЕТИКАЛЫҚ МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ОРГАНИЗМДЕР (ГМО) ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ  ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ туралы қазақша реферат

ГМО- бұл гендік кодына бөтен гендер «жабыстырылған» ағзалар болып табылады.Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян геннін  қосу нәтижесінде  біз ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін аламыз. Немесе,  күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған  солтүстік камбаласының генін пайдаланған.Енді ол аязға төзімді ,үсімейді.Бұл бізге  не үшін қажет? Ғалымдар аштықтың алдың алудың жолы осы деп шешті ме? Толығырақ »