Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Экономика, макроэкономика, микроэкономика’ бөлімінің мұрағаты

Жарғылық капиталдың есебі

Кәсіпорынның жарғылық қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.
Толығырақ »

Депозит нарығының экономикалық мәні мен рөлі

Шаруашылық жүргізуші субъект ретінде кез келген қаржы институты өзінің жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын, яғни ғимаратты, техника мен технологияны сатып алу; айналыс капиталын қалыптастыру, резервтер құру, еңбекақы төлеу, бюджетке аударымдарды аудару және т.б. үшін қаражат көздерін қажет етеді. Мұндай шығындар өз қаражат есебінен де, негізгі бөлігін әр түрлі жеке және заңды тұлғалардың салым ақшалары немесе депозиттері құрайтын қарыз есебінен де қаржыландырылады.
Толығырақ »

Батыс Қазақстан облысының осы жылдардағы экономикасының күрт төмендеуі

Еліміздің тәуелсіздік алған тұста бізге жантәсілім экономиканың сынығы ғана тиді, соның өзінде оны игеру мен зерделеу керек болды, өйткені республика бұрын өз әуелетін басқарып көрмеген еді. Кеңес Одағынан бізге, әлемдік қалыптарға мүлде сай келмейтін кәсіпорындар мен жабдықтары бар өнеркәсіп пен жағдайы жайсыз ауылдары мен селолары бар экстенсивті ауыл шаруашылығы мұра болып қалды. Жаңа экономикалық қатынастар бұрынғы басқару мен материалдық-техникалық қамту құрылымдарының жойылмауымен қатар жүрді. Бұл халық шаруашылығының барлық салаларында өндірістің құлдырауына әкелді. Толығырақ »

Ұсақ бизнестің Қазақстанда қалыптасуы, дамуы

Республикамызда нарықтық қтынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі–шағын кәсіперлікті дамыту. Республикада шағын бизнестің дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шараларды қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалуда. Оған келесі жағдайлар бекітіледі:
Шағын кәсіпорындар кез келген халық шаруашылығының саласында, кез келген меншік формасы негізінде құрыла алады.
өнеркәсіп пен құрылыста жұмыскерлер саны 200-ге дейін.  Толығырақ »

Инвестициялардың маңызы, мәні және түрлері

Инвестициялар-кәсіпкерлік қызметінің және нәтиежесінде пайда құрылатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интелектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикалық ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Толығырақ »

Инфляцияға қарсы саясат

Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс – шаралар арқылы инфляцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?
Толығырақ »

Кәсіпкерлік ұғымы және кәсіпкерліктің даму тарихы

Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономистісі, Гарворд профессоры Иозиф Шумпетер (1883-1950жж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі эпиграф болып саналады «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу».
Толығырақ »

Шағын бизнес проблемалары және шешу жолдары

Шағын кәсіпорын өзінің іс- әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі. Олардың негізгі проблемалары – ресурстық базасын жетіспеушілігі: материял- техникалық және финанстық. Шың мәніңде халық шаруашылығында бос жерге кең және жаңа сектор құру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алап кететіндей кәсіпкерлер де болған жоқ. Толығырақ »

Инновациялық инфрақұрылым

Инновациялық инфрақұрылым субъектілерi орындайтын негiзгі функциялардың тiзбесi:

— инновациялық даму субъектісiн ұйымдық-құқықтық қалыптастыру процесiне жәрдемдесу жөнiндегi қызметтер;

— бизнес-қызметтердiң кешенi (кешендiк консалтинг); Толығырақ »

Инновациялық кәсiпкерлiк

Инновациялық кәсiпкерлiк экономикалық қызметтiң ерекше түрi ретiнде инновациялық процестің негiзгi қозғаушы күшi болып табылады.

Инновациялық кәсiпкерлiктiң субъектілерiне инновациялық қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ұйымдар жатады. Инновациялық кәсiпорынның қызметi технологиялық немесе өнiмдiк инновацияларды пайдаланудың нәтижесiнде пайда табудан көрiнедi. Дамыған елдерде кәсiпорындардың 70%-на жуығы рыноктың жаңа сегменттерiн игеру мақсатында өнiмнiң ассортиментiн кеңейтумен байланысты инновацияларды жүзеге асырады. Осы ретте ҒЗТКЖ-ға арналған шығыстар инвестициялардың 30%-на жуығын құрайды. Толығырақ »