Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Загрузка...
Рефераттар бөлімі

‘Мәдениетттану, философия, әлеуметтану, дінтану’ бөлімінің мұрағаты

Философия туралы жалпы түсінік

Бұрын философия пәні үш салаға бөлініп қарастырылатын:

1) Диалектикалық материализм;

2) Тарихи материализм;

3) Этика, эстетика. Толығырақ »

.

Әлеуметтіктік қызметкердің этикет проблемaсынa ғылыми көзқaрaстaрды тaлдaуы

«Әлеуметтік жұмыс» түсінігі бірнеше мағыналы түсінігі бар, ол анықталған қоғамдық құбылысты білдіруге қолданылады, қоғамдық ғылым бір өз теориясы, методологиясы, категолриялық жүйесі, кәсіби әрекеті сонымен қатар оқу пәні болады.

Әлеуметтік жұмыс :

1) сақтандырудан, қолдаудан әлеуметтік қызметте қиындықтары бар бөлек тұлғаларға адамдар тобы және қоғамға жекелей және қоғамдық көмек көрсететін әлеуметтік іс-әрекеттің түрі. Әлеуметтік жұмыста әлеуметтік және гуманитарлық мәселелерді шешуге принциптерін және ғылыми бағыттар қатарын қолданады. Толығырақ »

Дiннiң адамзат тарихындағы рөлiн әдiлдiк тұрғысынан ашып көрсету жолдары

Қазақстанның кеңестiк мектептерiнде коммунистiк идеологияның нұсқауымен дiннiң адамзат тарихындағы рөлi терiс терiс түсiндiрiлдi. Дiн–адам санасын улайтын, жаңалыққа, ғылымға қарсы, барлық өзгерiстердiң,табыстардың бәрiн құдай жасап отыр деп түсiндiретiн, нағыз керiтартпа,үстем таптың жоғын жоқтаушы, соның сойылын соғушы деген сипатта оқытылып, дiннiң қызметiне терiс баға берiлдi.Осының салдарынан Кеңес елi халықтарының, соның iшiнде Қазақстан халықтарының да бiрнеше ұрпағы атеистiк (дiнге қарсы) рухта тәрбиеленедi. Қазiргi кездегi елiмiз халықтары арасында адамгершiлiкке кереғар өрескел тәртiпсiздiктердiң: түрлi бұзақылықтардың, әсiресе, ұрлықтың, зорлықтың, нашақорлықтың, араққұмарлықтың, жезөкшелiктiң көбеюiне сол дiнсiздiк тәрбиесiнiң әсер еткенi сөзсiз. Толығырақ »

Ежелгі грек философиясындағы адам бақыты мәселесі

Жоспар

1. Кіріспе. ….3

2. Негізгі бөлім

Адам мәселесінің көзқарасы …….4.

Адам бақыты өмір сүру негізіндегі құндылықтар  ……8

Грек мифологиясының адам санасы… ..10

5. Қорытынды.. …12

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі… …13  Толығырақ »

Сана

Сана дегеніміз — объективтік дуниенің субъективтік бейнесі. Біз субъективтік бейне жайында әңгіме еткенде, оны шындықтың бұрмаланған бейнесі деп түсінбейміз, қайта қандай да бір идеалдық, яғни К. Марке атап көрсеткендей, адам басында өңделген, езгертілген материялық деп қараймыз. Адам санасындағы зат — бейне, ал реалды зат — оның бастапқы нұсқасы.     Сананың пайда болуы, жұмысы және дамуы белгілі бір заттар, құбылыстар туралы адамның білім алуына өте тығыз байланысты. «Сана емір сүретін тәсіл, — деп жазды К. Маркс, — және ол үшін бірдеңенің өмір сүру тәсілі, ол — білім … Толығырақ »

«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жыры

«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырының көптеген нұсқалары бар. Бұл жырды XIX ғасыр бойында орыс ориенталистері жинап, бастырған еді. Ең алғаш бұл сюжеттің башқұрт тілндегі бір нұсқасын 1812 жылы Т. Беляев жазып алып, Қазақ қаласында жарияланған. Толығырақ »

“Қобыланды” батыр жыры

“Қобыланды батыр” — қазақ халқының мазмұны бай да салалы эпостық дастандарының бірі. Жыр көп замандар бойы өмір сүріп, ірі–ірі эпос айтушыларының қолынан өткен.

“Қобыланды батырды” Марабай, Мергенбай, Біржан Толымбаев, Айса Байтабынов, Нүрпейіс Байғанин, Мұрын Сеңгірбаев, Көшелек Еламанов, Шапай Қалмағамбетов, Құлзақ Амангелдиев, Сыр бойының белгілі айтушысы Тұяқбайлар жырлаған. Айтушыларының осыншама көп болуы бұл сюжеттің халыққа кең тарағанын көрсетеді. Толығырақ »

Қазақ эпосы

Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым көркем де құнды саласы – эпостық жырлар. Эпос деп оқиғасы ел, халық өмірінен алынған, образдары ірі әрі кемелді түрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған үлкен эпикалық жыр–дастандарды айтамыз.

Қазақ эпосы бірде ерлікті, батырлықты дәріптеп, ел қорғау, отаншылдық сарынға құрылса (“Қобыланды”, “Алпамыс”), бірде феодалдық қоғамдағы әйел теңсіздігін арқау етіп, махаббат тақырыбына негізделеді. Енді бірде өмірде болған нақты тарихи оқиғаларды жырлайды (“Бекет”, “Досан батыр”). Толығырақ »

Мақал мен мәтелдер

Мақал мен мәтелге бай халықтардың бірі – қазақ халқы. Қазақ мақалдары ХІХ ғасырда–ақ европа халықтарына мәлім бола бастаған. Әдемі, сұлу сөйлеуге құштарлық мақал мен мәтелді орынды жерде пайдалануға байланысты. “Мақалды тудырушы – еңбекші халық. Ол халық данышпандығының алтын қазынасы”, — дейді  атақты қазақ фольклористика ғылымының білгірі профессор Мәлік Ғабдуллин. Халықтың мақалдары мен мәтелдерін жинауда, зерттеуде, Ш.Уалиханов, В. Радлов, А.В. Васильев, П.М. Мелиоранский, Ә. Дибаев, Ө.Тұрманжанов, С. Аманжолов секілді ғалымдардың еңбегі зор. Толығырақ »

Қазақ фольклористикасы

Қазақ фольклорының жиналуы ХІХ ғасырдан бастау алады. ХХ ғасырдың бас кезінде көптеген әнші, ақын -әдебиетшілер ел аузындағы фольклор үлгілерін жинап, газет-журнал бетінде, басқа да жинақтарда жариялай бастайды. “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Қобыланды”, “Алпамыс” жырлары Қазанда жеке-жеке жинақ болып басылады. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ауыз әдебиетінің көркем үлгілеріне арналған төрт томдық қолжазбасы болған. М. Сералин “Шаһнаманың” кейбір тарауларын қазақ тіліне тәржімелеп шығады. Сонымен қатар орыс ғалымдарының халық поэзиясын жинауға бағытталған іс-әрекеттері де бұл ғылымның ілгері басуына көп септігін тигізді. Толығырақ »