Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Мәдениетттану, философия, әлеуметтану, дінтану’ бөлімінің мұрағаты

Шығыс ғылымы және мәдениеті. Әбу-Насыр Әл-Фараби және оның ғылыми-философиялық еңбектері. Фараби-тану

Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан–ұпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгі ұятап қоныс тебеді. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің қатыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзентерінің бірі Әбу-Насыр Әл-Фараби.

Әбу-Насыр Әл-Фараби – дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы (арабша “Муаллими ас-сани”) атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиеті, ақын. Толығырақ »

Түрік қағанаты және тағы басқа мемлекеттік құрылымдардың пайда болуы

Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын беретін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда — өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын бейленейді, қайта керісінше, олардың болмасы олардың санасын билейді. Толығырақ »

Орта ғасырлардағы қазақ мәдениетінің орталығы болған негізгі қалалар

Отырар – Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі. Қаланың қалдығы Отырар төбе деген атпен белгілі, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының  Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан. Отырар қаласы туралы көшпеген саяхатшылардың жазба деректерінде айтылады. Тарихи  деректерге  үңілер болсақ, Отырар кезінде Фараб деген атпен де белгілі болғанға ұқсайды. Алғаш сол аймақтың аты Фараб атанып, астанасы Отырар болған, ал кейіннен қаланың өзі де Фараб атанған (ҮІІІ ғасырда). Сонымен бірге қала ІХ ғасырдың басында Тарбан деп де аталған. Толығырақ »

Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері

Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Евразия даласында скиф-сақ тайпалар одағы өмір сүрді. Ұшы-қиыры жоқ кең даланы игеріп, әртүрлі патшалықтар бірлестіктерін құрып, күшті жауынгер  елге айналды. Оларды батыстағылар (гректер) скифтер десе, парсылықтар (Иран, парсы патшалықтары) сақтар  деп атады. Бірақ та осы екі атау да Евразия даласын жайлаған халықтардың ортақ аты еді. Скиф, сақ тарихын тілге тиек етіп, тереңірек үңілетін болсақ, оларды құрайтын бірнеше тайпалар көне жазба шежірелерде жиі кездесетінін көреміз, сарматтар, дайлар, аландар, массагеттер, үйсіндер. Толығырақ »

ХХ ғасыр мәдениеті дамуының негізгі тенденциялары

ХХ жүз жылдығы мәдениетінің алуандығына қарамастан ұлттық нормалардың өзара әрекеттестігі мен өзара байытуының алуандығы арқасында болатын және дамитын бірыңғай жалпы адамзаттық мәдениеттің қалыптасуы туралы айтуға болады. Осыған байланысты қарастыру керек: ХХ жүз жылдық мәдениеті дамуының негізгі тенденцияларын (қазіргі мәдениеттің қалыптасуында сабақтастық пен дәстүрлер, қазіргі мәдениет дағдарысы, одан шығу жолдары, осы процесті әр түрлі мәдениеттану концепцияларымен түсіну); ХХ ғасыр мәдениетіндегі жалпы адамзаттық және ұлттық. Толығырақ »

ХІХ ғ. Европа мәдениеті

ХІХ ғ. – бұл классикалық жаратылыс танудың гүлденуі, ғылымдардың біртұтас жүйесінің құрылуы. Жаратылыс танудың өндіріспен байланысы тығыз болды. Өнеркәсіпке жұмыс істейтін бірінші ғылыми зерттеу зертханалары пайда болды. Жаратылыс танудың әр түрлі салаларындағы жаңа ғылыми жаңалықтары өнеркәсіптің жетекші салаларының дамуына әсер етті: металлургия, энергетика, машина жасау, аспап жасау, көлік, химиялық өнеркәсіп. Толығырақ »

Ағарту мен классика ғасырындағы мәдениет (XVIII-XIX ғ.ғ.)

Ағарту дәуірі мәдениеттің жаңа типіне көшуді аяқтады. Жаңа мәдениет Жарық көзін Сенімде емес, Ақыл-парасатта деп білді (француз тілінде «ағарту» сөзі жарық деген мағынада «lumiere»). Әлем мен дүние туралы білімді экспериментке сүйенетін ғылымдар, философия мен реалистік бағытталған өнер беру керек болатын. Толығырақ »

Солтүстіктегі қайта өрлеу (XVI-XVII ғ.ғ.)

Жаңа заман мәдениеті қалыптасуының уақыт бойынша екінші ареалы – трансальпілік Европа. Осы жерде – Орталық Европа елдерінде XVI ғасырдың бірінші жартысында ескінің жаңамен күресінің жаңа кезеңі басталады. Осы процестің маңызды факторлары итальян Қайта Өрлеуінің әсері және аймақтың көптеген елдерінде өндірістік күштердің, материалдық өндірістің, ғылым мен техниканың бұған дейін байқалмаған жетістігі болды. Ол қалалардың, кәсіптердің табыстарымен, мануфактураның пайда болуымен, ішкі және халықаралық сауданың дамуымен байланысты. Толығырақ »

Жаңа заман мәдениет. Итальян қайта өрлеуі

«Жаңа заман мәдениеті» ұғымы XIV ғасырдан қазіргі уақытқа дейінгі тарихи кезеңді қамтиды.

«Қайта өрлеу» (Ренессанс) термині XVI ғ. бейнелеу өнеріне қатысты қолданыла бастады. Ренессанс антика ғылымдары мен өнерлерінің қайта өрлеуі ретінде сипатталады. Бұл жалпы дұрыс. Алайда Ренессансты тек бір антикаға ғана жатқызуға болмайды, бұл Ренессанста бастыны байқамау болып саналады. Кейіннен «Қайта өрлеу» ұғымы кең мағынаға ие болады. Ренессанс мәдениетіндегі ең бастысы – адамзат тұлғасын дәріптеу теориясы мен практикасы. Толығырақ »

Орта ғасыр мәдениеті

Европалық орта ғасыр мәдениеті шарықтауы мен құлдырауы бар он екі ғасырлық қиын жолды қамтиды. Ол — негізгі типологиялық белгілерден тұратын жалпы әлемдік мәдени процесс бөлігі. Нағыз мәдениет ретінде ол оны жасаған халықтардың көптеген жалпы және ерекше белгілерінен тұратын терең жеке бейнеге ие. Орта ғасырдың рухани мәдениеті үшін Абсолютке жетуге тырысу, универсализмге ұмтылу, символизм және аллегориялық, танымның діни құрылымын тудыру, беделге ие болуға, форма тұрақтылығына ұмтылу, индивидтің оны қоршаған әлеуметтік ортамен тұтастығы ретінде белгілер болды. Алайда орта ғасырлық мәдениет өзгермей тұрып қалған мәдениет болған жоқ, ол біртіндеп қозғалмалы сипатқа ие болды. Толығырақ »