Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Сақтандыру’ бөлімінің мұрағаты

Концептуалды схема

Концептуалды схема туралы қазақша реферат

Концептуалды схема  ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік  тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттық жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік  аспектілерін  бейнелейді, және негізгі  құралдарды анықтайды. Толығырақ »

Лингвистикалық жабдықтау

Лингвистикалық жабдықтау туралы қазақша реферат

Лингвистикалық жабдықтау – бұл, ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның ақпараттық техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін пайдаланатын тілдік, құралдардың, ғылыми-техникалық терминдердің, табиғи тілді қалыптастыру ережелірінің жиынтығы. ЖМСАЖ-нің лингвистикалық жабдықтауына алгоритмдік тілдер: Паскаль мен DELPHI жатады, ал ақпараттық тілдерге: Paradox, Database Desktop кіреді. Толығырақ »

Математикалық жабдықтау

Математикалық жабдықтау туралы қазақша реферат

Математикалық жабдықтау – бұл ақпаратты өңдеудің математикалық, үлгілері мен алгоритмдерінің жиынтығы. Жеке мүлікті сақтандыру   ақпараттық жүйесі математикалық жабдықтауы белгілі бір нақты міндеттерді тиімді шешуді қамтамассыз ету керек және осы міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-ң қызметін басқарып, оның ісінің дұрыстығын бақылып отыруды қамтамассыз ету керек. Толығырақ »

Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы

Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы туралы қазақша реферат

Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты Қазақстан Республикасының жеке мүлікті сақтандыру жұмыс істеу жүйесін автоматтандыру. Ақпараттық жүйені құрудағы мақсатым қазіргі кезде индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр, біздің еліміз пайдалы қазбаларға бай ел болғандықтан тауарлы-ақшалай қатынастар едәуір дамып қалды. Бұл сала соңғы озық технологияларды пайдаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет. Толығырақ »

Міндетті әлеуметтік сақтандыру

Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы қазақша реферат

Міндетті әлеуметтік сақтандыру –азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және жұмысынан айырылуына, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандырының бірі. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметін қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған. Толығырақ »

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру туралы қазақша реферат

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларын құрайды. Толығырақ »

Сақтандыру деген не?

Сақтандыру деген не және ақтандырудың әлеуметтік-экономикалық, мәні, оның ic-әрекет сфералары туралы қазақша реферат

Сақтандыру — коғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бipi. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп  —  бұл өндіріс пен адам өмірінің, қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өміp тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы корларын да немесе резервтерінде де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіc. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв жене сақтық корлары түрінде  қалыптасады. Толығырақ »

Аннуитеттік сақтандыру жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде

Аннуитеттік сақтандыру жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде туралы қазақша реферат

Қазiргi уақытта бiздiң елiмiзде зейнетақы аннуиеттiк сақтандыру epiктi түрде жүзеге асырылады. Алайда, бiзде де кейбiр нормативтi құқықтық актілерде өмip мен денсаулықты сақтандыру мiндеттi түрде көзделген. Мысалы, қазiрде ҚР «Жұмысшының өз еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындау барысында оның өмipi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жұмыc берушiнiң жауапкершiлiгiнiң мiндеттi түрде сақтандырылуы туралы» заңының жобасы белсендi түрде талқылану үстінде. Толығырақ »

Аннуитетriк сақтандыру шарты бойынша төлем өтеу мөлшерi және тәртiбi

Аннуитетriк сақтандыру шарты бойынша төлем өтеу мөлшерi және тәртiбi туралы қазақша реферат

 Аннуитеттiк сақтандыру шарты бойынша төлем мөлшерi. Сақтандыру төлемi – жинақтаушы сақтандыру шартында анықталған, сақтандыру жағдайының келiп түcyiнe немесе мерзiмнiң келiп түсуiндегi сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандырушы мен сақтанушыға төленетін ақша сомасы.

Аннуитеттік сақтандыру өзінің мән-жайы бойынша зейнетақылық сақтандыруға жақындайды. Себебі ол өзінің өзінің еңбегімен бұрынғыдай табыс таба алмайтын зейнеткерлік жастағы сақтандырылған тұлғанын кірістерін ұлғайту үшін пайдалана алады. Бұл реттеренталық төлемдер қосымша зейнетақы рөлін атқарады. Аннуитеттік сақтандыруға қатысатын әрі осы орайда сақтандыру шартын жасасқан барлық азаматтар белсенді еңбек ету кезеңінде тапқан табыстарының белгілі бөлігін сақтандыру компаниясының қарамағына береді. Мұндай сақтандыру жинақтаушы сипатта көрініс табады. Олар (төленген қаражаттар) сақтанушының жекелей шоты бойынша есепке алынады. Жинақталған осындай сомаға дисконтталған табыс, былайша атқанда салынған сомаға есептелетін кепілдендірілген процент қосылады.

Аннуитеттік шарттағы сақтандыру сомасы аталмыш шартта белгіленген кезенділікпен (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылған адамға) толеуге тиіс аннуитеттін сомасы болып табылады. Аннуитеттік сақтандыру шартында сақтанушының сақтандыру жарналардын орын алуы тиіс. Осыған орай аталған шарттын қолданыста болу мерзімі бойынша сақтандыр жарналарын төлеу кезеңін (он жыл және одан әрі), күту кезеңін сондай-ақ аннитеттердің төлеу кезеңін атап көрсетуге болады.

Сақтандырушылар мен сақтанушылардың құрамы. Жазатайым оқиғалардан жеке сақтандырудың шартrары бойынша белгiлi бiр тұлғa тек өзін-өзі ғана сақтандыра алады. Сондықтан да сақтанушы да, сақтандырылған тұлғa да бiр тұлға болып табылады. Сақтанушылар болып елімізде тұрақты түрде тұратын бiздiң азаматтарымыз бен шетелдiк азаматтар, сондай-ақ, азаматтығы жоқ оқиғалар, яғни өмірді аралас сақтандырудағыдай жеке тұлғалар тобы табылады. Бiрдей дерлiк ұстаным жас аралықтарын белгiлеу негiзiнде жатыр: 16 жастан 74-ке дейiн, алайда бұл жерде сақтандыру мерзiмi аяқталған yaқыттa сақтанушының жасы 75-тен аспауы керек деген шарт орындалуға тиiстi. Сақтанушының жасы тура солай толық жылдармен есептеледi. Сақтанушының денсаулық жағдайы келiсiм­шарт жасасуға кедергi бола алмайды. Сақтандырылуға тек қана 1 топқа жататын жұмыссыз мүгедектер қабылданбайды (нақты сақтандыру шартында басқа шектеулер белгiленуi мүмкін) [20].

Сақтандыру бойынша жауапкершiлiктiң көлемi. Сақтық сомасы сақтандыру мерзiмi iшiнде болған жазатайым оқиға сақтандырылан тұлғаның денсаулығының жоғалуына немесе оның өлiмiне әкелген жағдайда төленуге тиiс. Денсаулықтың жоғалуымен байланысты сақтандыру бойынша жауапкершiлiктiң көлемi өмiрдi аралас сақтандырудағы тиісті жауапкершiлiкпен аралac болады. Бұл дегенiмiз, бiрдей жазатайым оқиғалар, яғни жазатайым оқиғалар қатарына жатқызылған травмалық зақымдар, кездейсоқ. қатты улану және аурулар (мысалы, кене энцефалитi) зардаптарының бiрдей тiзiмi, санкциялар тiзiмi, яғни сақтандыру қамтымайтын жағдайлар, сондай-ақ барысында денсаулықтың жоғалу дәрежесi белгiлi болатындай үш жылдық мерзiм қолданылады.

Жазатайым оқиғаның өлiмге әкелуiмен байланысты сақтандыру бойынша жауапкершiлiктiң көлемi тағы да сол зақым, кездейсоқ қaтты улану және бұған жатқызылған оқиғалар зардаптарының тiзiмiн, ал одан басқа дем алу жолдарына бөгде дененiң кездейсоқ түсуiнiң, cуғa батып кетудiң, анафилактикалық естен танудың, ағзаның тоңазытылуының (суық ұстayды қоспағанда) өлiмге әкелу жағдайларын қамтиды. Алайда, сақтандырумен қамтылмайтын өлiм жағдайларының тізімі денсаулық жоғалтылған жағдайлар үшiн белгiленген тiзiмге ұқcac. Өлiмге байланысты сақтандыру сомасы өлiм жазатайым оқиғадан кейiнгi бiр жыл iшiнде орын алған болса ғaнa төленеді.

Аралас сақтандырудағыдай, жазатайым оқиғаның зардаптары үшін төлем сақтандыру сомасының белгiлi бiр пайызымен төленедi. Бiрақ, жазатайым оқиғалардан жеке сақтандыру бойынша барлық төлемдер, оның iшiнде денсаулықтың жоғалтығаны үшiн және өлiм жағдайы үшiн төлемдер жасасқан сақтандыру шартында белгiленген бiр сақтандыру сомасының мөлшерімен шектеледі.

Сақтандыру сомасы және оны алушылар. Келiсiмдер тараптардың өзара келiсiмi бойынша сақтандыру сомасына жасалуы мүмкін. Жазатайым оқиғалардан жеке сақтандырудың шарттары сақтанушы саналы түрде өз мамандығының қауiптiк дәрежесi бойынша төленуге тиiстi сақтық жарнасының сомасынан төмен сақтьщ жарнасын төлеген жағдайда сақтандыру сомасын пропорционалды түрде азайту мүмкiндiгiн көздеулерi мүмкін. Ал бұл арада, қолданыстағы заңнамаға сәйкес алушы белгiлеген сақтандыру сомасының мөлшерi келiсiмнiң елеулi шарты болып табылады және сондықтан да ол сақтандыру мерзiмi iшiнде тек қaнa тараптардың келiсiмiмен өзгертiле алады. Сақтандырушы аталған жағдайда тек қана сақтандыру жарналарын қайта есептеуге құқылы болады.

Денсаулықты жоғалтуға байланысты сақтандыру сомасы сақтандырылған тұлғаға төленедi. Сақтандырылған тұлға қайтыс болған жағдайда ол сақтандырушы белгiлеген өлгеннен кейiнгi алушыға берiледi. Сақтандырылған тұлғаның мұрагерлерi сақтандыру сомасын алушылар ретінде өлгеннен кейiнгi алушы тағайындалмаған жағдайда немесе ол сақтандырылған тұлғадан бұрын немесе онымен бiрге қайтыс болған жағдайдағана бола алады. Өмiрдi аралас сақтандырудағыдай сақтандырылған тұлғаның өліміне өлгеннен кейiнгi алушының арам ниетi себеп болса, сақтандыру сомасы дәл солайша, өлгеннен кейiнгi алушыны қоспай, сақтандырушының мұрагерлеріне төленеді.

Сақтандырушы өмiрдi аралас сақтандырудағыдай тәртiппен өзiнiң тipi кезiнде өзiнiң өлгенiнен кейiнгi алушыны тағайындап, өзгерте алады [21].

Сақтандыру мерзiмi. Келiсiм жасасу. Бағамдық ставкалар. Сақтандыру шарттары келiсiмдердi 5 жылға дейiнгi мерзiмге жасасу мүмкiндiгiн белгiлейдi. Сақтандыру жүргiзу практикасында бiр жылдық мерзiм ең кең таралған.

Келiсiм сақтанушының өтiнiшi бойынша, сол сақтанушының өзiнiң бiр реттiк сақтандыру жарнасын қолма-қол ақшамен төлеуiмен бiр уақытта сақтандыру куәлiгiн жазып беру және ұсыну жолымен ресiмделедi. Жарна қолма-қол ақшасыз төленген жағдайда сақтандыру куәлiгi ақша сақтандыру ұйымының банктегi шотына аударылғаннан кейiн ұсынылады. Келiсiмнiң өз күшiне ену тәртiбi дәл өмiрдi аралас сақтандыру кезiндегiдей болады. Бiр топ тұлға бiр уақытта әрбiр сақтандырылған тұлғаға келiсiмнiң жасалғандығы фактiсiн растайтын жадынама берiле отырып бiртұтас сақтандыру куәлiгi бойынша сақтандырыла алады. Келiсiмдi жаңа мерзiмге қайта жаңарту үшiн оны ресiмдеу процедурасы қайталанады. Және де жана келiсiмнiң мерзiмi алдьшқы келiсiмнiң аяқталған cәтiнен басталуы мүмкін.

Егер келiсiмнiң күші бар мерзiмi iшiнде сақтандырyшы мамандығын немесе жұмысының сипатын өзгертсе, сақтандыру жарналары бойынша қайта есептеу жүргiзiлмейдi [22].

Денсаулық және еңбекке жарамдылықты жоғалтудан сақтандырудың басқа түрлерi олардың кейбiреулерiнiң практикалық маңызы бар.

Өндiрiстегi жазатайым оқиғалардан жұмысшылар мен қызметкерлердi кәсiпорындар мен ұйымдардың есебiнен сақтандыру жұмыc берушiнiң азаматтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға қосымша ретiнде немесе жеке түрде жүргізіледі. Бұл сақтандыру бойынша сақтанушылар болып денсаулықтары үшін қауiптi еңбек жағдайларында жұмыc iстейтiн жұмысшылары бар барлық меншiк нысандарындағы кәсiпорындар мен ұйымдap табылады. Кәсiпорындар мен ұйымдap әдетте өз есептерiнен сақтандыратын жұмысшылар тізіміне кіретіндер: кәсіпорындар мен ұйымдардағы өрт сөндiрушiлердiң epiктi жеке құрамы, кәсiби өртке қарсы күзет сарбаздары, азаматтық авиация және арнайының ұшқыштар құрамы, тау-кен құтқарymы және газдан құтқарушы бөлiмдердiң сарбаздары, қопарушылар, банк инкассаторлары, жаңа техниканы сынаушылар, қайта туылған қоғамдық тәртiптi сақтау бойынша халық дружиналарының мүшелерi, жүргiзушiлер, жарыс кезеңiнде спортшылар және басқалар.

Аталған жұмысшылар категорияларын сақтандырумен өз қызметтерi бойынша мiндеттерiн, нақты жұмыстapды орындаумен, спорттық жарыстарға қатысумен байланысты тәуекелдер жабылады. Сақтандырумен қамтылатын нақты жағдайлардың тiзiмi кәсiпорын (ұйым) және сақтандырушы apacында жасалатын сақтандыру туралы келiсiмде келтiрiледi [23].

Келiсiм әдeттe 1 жылға дейiнгi мерзімге сақтанушының сақтанжырылуға тиісті қызметтер тізімі немесе сақтандырылған тұлғаның аты-жөндеруiң тiзiмi көрсетiлген жазбаша өтiнiшi бойынша жасалады. Бip сақтандырылатын тұлғаға орташа алғанда келетiн немесе әp сақтандырылған тұлғаның жеке басына жекелеп сақтандыру сомаларын сақтанушы белгiлейдi, ал сақтандыру тарифiнiң мөлшерi келiсiм бойынша белгiленедi.

Сақтандыру төлемдерiн төлеу тәртiбi, келiсiмнiң күшiне eнyi және жарамды мерзiмi, сақтандыру бойынша өтемақы төлеу тәртiбi жазатайым оқиғалардан жеке сақтандырудағыдай.

Аннуитеттiк сақтандыру шартының субъектiсi және объектici

Аннуитеттiк сақтандыру шартының субъектiсi және объектici туралы қазақша реферат

Аннуиеттiк сақтандыру шартының тараптары болып сақтанушы және сақтандырушы табылады.

Сақтандырушы – сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айтындылған соманың (сақтандыру сомасының) шегiнде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттi тұлға. Толығырақ »