Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Загрузка...
Рефераттар бөлімі

‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты

Қазақ хандығының жойылуы

       1718- жылы қазақтың ұлы ханы Әз Тәуке қайтыс болған соң, Қазақ хандығында туылған ішкі енжарылық, қазақ жүздерінің үсақ иеліктерге жіктеліп ыдырауы, жоңғар ақсүйектерінің шапқыншылығы, « ақтабан шұбырында» апаты Қазақ хандығының күш – қуатын құлдыратқан еді. Осы мезгілде кіші жүз ханы Әбілқайыр өзіне қараған елдің бір бөлігін ( 40 мың адамды) бастап батысқа қарай ауып барып, орыс патшасына бағынуға ант берді. Толығырақ »

.

XVII-XVIII ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ

       Қазақ тарихының шоғырлы тұсы деп XVII ғасырдың екінші және XVIII ғасырдың алғашқы жартысы бекерге аталмаса керек. Осынау кезең қазақ ұлтының тарихындағы ең ауыр белес болып табылады, сонымен қатар халық санасына жоңғарлардың шапқыншылығынан туындаған қасірет пен жоқшылық жайлаған жылдар ретінде сіңіп қалды. Толығырақ »

XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарының сауда-саттық кәсібі

Кіші жүз жерінде патшалы әкімшілік-баскару жүйесінің орнауы, қазақ даласында хандықтың жойылуы елге саяси өзгерістер әкелсе, сонымен бірге шаруашылық саласында да көптеген өзгерістер ене бастады. Ресейдің отарлық саясаты ХІХ ғасырдың бірінші жартысында, Кіші жүз даласын экономикалық жағынан оған тәуелді етіп қойды. Себебі өндірістің пайда болуы казақ даласындағы байырғы шаруашылықтың ыдырауын туғызған. Казақстан біртіндеп патшалы Ресейдің шикізат өндіретін аймағына айнала бастады. Ал мұның өзі сауда-саттық істің жандануына әкелді. Толығырақ »

XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз жеріндегі егіншілік

Кіші жүз қазақтары мал шаруашылығымен қатар, егіншілікпен де айналысқан, бірақ бәрі бірдей емес. Мал шаруашылығы сияқты, егіншілік те табиғаттың, ауа-райының жағдайына байланысты дамиды. Кіші жүз даласында егіншілікке қолайлы жер көп болған жоқ. Оңтүстік-шығыс ауданы, Сыр өзені бойы, батыс бөліктің солтүстік-шығыс жеріндегі қазақтар егіншілікпен ғана емес, бау-бақша өсірумен де айналысқанын көреміз. Егіншілік пен көшпелі шаруашылық қатар жүріп отырды. Толығырақ »

Кіші жүз қазақтарының мал шаруашылығы

XVIII ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүз қазақтары өздерінің ежелден келе жатқан кәсібі мал бағумен айналысқан. Мал шаруашылығы экстенсивті жағдайда дамып отырған. Ол негізінен табиғи жайылымның жыл бойына пайдалануына байланысты еді. Кіші жүз даласының барлық жерінде мал саны өте көп болған. Қазақтардың күн көрісі, тіршілігі, малдың төрт түлігіне тәуелді болды. Бұл жөнінде Кіші жүз даласына саяхат жасаған И. Фальк былай деген: «Қазақтардың ежелден кәсібі мал бағу, олардың малы өте көп, және малдары сол жердің табиғатына бейімді әрі төзімді келеді». [1] Толығырақ »

Кіші жүз қазақтарының әлеуметтік тұрмыс жағдайы

Қазақстандағы әлеуметтік қатырастарға талдау жасағанда жекелеген феодалдық институтардың қандай өзгерістерге ұшырағандығын және біз назар аударып отырған кезеңде қазақтардың қоғамдық өмірінде сол өзгерістердің қандай орын алғандығын арықтаудың маңызы өте зор. Мәселені бұлай қарастырмайынша жекелеген феодалдық институттардың  таптық және әлеуметтік мәнін ашу мүмкін емес.» Қоғамдық ғылым мәселедегі ең сенімді нәрсе,-дейді Ленин,-негізгі тарихи байланысты ұмытпау, әрбір мәселеге тарихтағы белгілі құбылыс пайда болды, бұл құбылыс қандай басты-басты кезеңдерден өтті деген көзқарас тұрғысыан қарау және осы даму көзқарасы тұргысынан сол заттың қазір не болып отырғанына қарау»  Толығырақ »

Кеңес Одағының батырлары

Жоспар:

I. Кіріспе 

 Ерлік салтанаты

 II. Негізгі бөлім 

1.  Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,

Ару қыздар – алаулап от кешкендер!

2.  М. Мәметова – қазақтың аяулы қызы

3.  Ә. Молдағұлова – қазағым деген ұрпақ өкілі

 III. Қорытынды 

Батыр десе батыр еді . . .  Толығырақ »

Ұйғыр қағанаты және Қарлұқ мемлекеті. Қараханидтер

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім :
Ұйғыр қағанаты және Қарлұқ мемлекеті. Қараханидтер.

Қорытынды

Кіріспе

Бұлақ деген атпен белгілі қарлұқтар туралы бірінші мәлімет 5 ғасырдың еншісінде. 7 ғасырдың ортасында қарлұқ бірлестігініңқұрамына үш ірі тайпа кірді – бұлақ, чигил және ташлық. Көсемдері елтебер деген дәрежемен аталды. 742 жылы Монғол даласындағы саяси күш қарлұқтар, ұйғырлар және басмылдар құрайтын одақтың қолына өтті.
Толығырақ »

Қаңлылар

 Жоспар:  

1 Кіріспе   «Қаңлылар»

3

2 Негізгі  бөлім:

 

                  а)  «Олардың  орналасуы»

4

                  ә)        «Саяси тарихы»

6

                  б) «Шаруашылығы»

8

                  г) «Қол өнері»

10

  Қорытынды  «Қайран  елім – қазағым  қайран  жұртым!»

 

  Қолданылған  әдебиеттер

  

Толығырақ »

Қаракерей Қабанбай

ҚАРАКЕРЕЙ  ҚАБАНБАЙ

(1691—1769)

   Қабанбай жастайынан жоңғарлардың жауыздығын көзімен көрген еді. Жеті жасқа толғанда әкесі Қожағул батыр жау қолынан қаза табады. Он бес жасқа келгенде ағасы Есенбайды қалмақтар далада өлтіріп кетеді. Осы екі қатыгездік қайсар баланың жүрегіне кек болып қатты. Жас батыр жалғыз жортып, қалмақтың ел шапқьш батыры Жырғыл мен Асыланды ебін тауып өлтіріп, кегін қайтарады. Толығырақ »